Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет21/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   246
74-132

Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерін дамыту, коммуникативті құзыреттіліктерін жетілдіру, өздігінен және үздіксіз білім алуға жұмылдыру, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетінің қысқаша курсы арқылы әдебиет пәнін тереңдете оқыту, сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейту, ғаламның шындық болмысын таныту және олардың функционалдық сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру көзделеді.
3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интеллектуалдық эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Қазақ әдебиеті пәні арқылы қажетті білім, білік дағдыларды қалыптастырып, білімгерді өз ой-пайымдарын сөйлеу тілі мен жазба тілде еркін жеткізе алу, эстетикалық талғамын, өзіндік дүниетаным мен көзқарасын таныта алу, оқу материалдарын салыстыру, сараптау, бағалай алу дағдыларын қалыптастыру, креативті ойлауға бағыттау мақсаты көзделеді.
Әдеби және теориялық материалдар оқушының әдеби білім мен дүниетанымын кеңейтуге және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын және көркем тілмен шұрайлы сөйлей алатын, өзіндік ұстанымы бар, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.
Білім алушылар әдеби жанрларға интерпретация жасау арқылы шығармашылыққа машықтанады.
4. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы білім мазмұнына әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман танымы қарастырылып, сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді.
5. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) көркем шығарманың тақырыптық-идеялық бірлігін, поэтикалық тілін, сюжеттік-композициялық құрылым жүйесін, образдық, типтік байланысты ұғынып, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін көркем шығарма мазмұны мен құрылысындағы көркем заңдылықтарды терең танып, көркем шындық пен әдеби шешім, мазмұн мен форма тұтастығын талдап тану;
2) төл әдебиеттің ұлттық сипатын, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, көркем туындының идеялық өзегін түсіну;
3) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, дәстүр сабақтастығын ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын білу, бағалай алу;
4) қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, ұлттық кодты тану, түрлі ұлттар әдебиетіндегі көрнекті үлгілерімен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен даралық қасиеттерін ажырата алу;
5) білімгердің заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын қалыптастыру;
6) білімгердің сыни пайымы мен шығармашылық қабілетін дамыту, көркем әдебиеттің өзекті мәселелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет