Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет3/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
74-132

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
12. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» сынып, «2.1» екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» оқыту мақсатының реттік саны.
13. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:

1) тыңдалым және айтылым:



Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

1. Болжау

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

3. Негізгі ойды анықтау

10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру

4. Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау

10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

5. Сөйлеу мәдениетін дамыту

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу



11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу



2) оқылым:





Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

1. Ақпаратты түсіну

10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері)

11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)

3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

10.2.3.1 көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

5. Мәліметтерді өңдей білу

10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

6. Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу

10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

11.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру










3) жазылым:



Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

1. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия жазу

2. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу

11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау

3. Эссе жазу

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

4. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)

11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

5. Шығармашылық жұмыс

10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

6. Мәтіндерді түзету және редакциялау

10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

4) әдеби тіл нормасы:





Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

1. Орфографиялық норма

10. 4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

2. Орфоэпиялық норма

10. 4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

3. Лексикалық норма

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

4. Грамматикалық норма

10. 4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

5. Пунктуациялық норма

10. 4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

14. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


15. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының (оқыту қазақ тілінде) ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспары

  1. 10-сынып:




Лексика- грамматикалық бөлім

Граммати-калық материал

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.
Сөз мәдениеті

Кітаби тіл.
Сөйлеу тілі

Тыңдалым және айтылым

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық- саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

Оқылым

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Жазылым

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Әдеби тіл нормалары

10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

2-тоқсан

2. Индустрия
ландыру: ұлттық өндіріс.
Сөз мәдениеті

Сөз дәлдігі

Тыңдалым
және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Оқылым

10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

3-тоқсан

3. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.
Тілдік жүйе және норма

Сөз қолданы
сындағы ерекшеліктер және стиль.
Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.3.1 көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;
10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

4. Адам өмірін сақтау.
Тілдік жүйе және норма

Сөз тазалы
ғы. Көркем әдебиет стилінің ерекше
ліктері

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Оқылым

10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Әдеби тіл нормалары

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

4-тоқсан

5. Сәулет өнері.
Тілдік жүйе және норма

Жаңа қолданыс
тағы сөздер.
Ғылыми әдебиет атаулары
ның ерекшелігі



Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Жазылым

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Әдеби тіл нормалары

10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

2) 11-сынып





Лексика-грамматикалық бөлім

Грамматикалық материал

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі.
Шешендік сөздер

Ойталқы (диспут).
Ғылыми стильдің тілдік ерекшелік
тері

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру

Оқылым

11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу;
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

Әдеби тіл нормалары

11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

2-тоқсан

2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері.
Шешендік сөздер

Айтыс.
Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі



Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

Оқылым

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
11.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру

Жазылым

11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

3-тоқсан

3. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер

Сөзталас.
Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшелік
тері



Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

Жазылым

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу;
11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

Әдеби тіл нормалары

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары
Шешендік сөздер

Пікір алмасу.
Публицис
тикалық стильдің тілдік ерекшелік
тері

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

Оқылым

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

Жазылым

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу;
11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Әдеби тіл нормалары

11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

4-тоқсан

5. Туризм: экотуризм.
Шешендік сөздер

Әңгіме және дөңгелек үстел.
Ой айқынды
лығы. Сөз дәлдігі. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыс
тар

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Әдеби тіл нормалары

11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
75-қосымша







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет