Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет7/7
Дата02.09.2024
өлшемі127.87 Kb.
#503291
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
399 бұйрық 112 113 қосымша Оқу бағдарламасы Физика

2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Бөлімшелер

10-сынып

11-сынып

1.1 Кинематика

10.1.1.1 - қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікірін айту және өз пікірін дәлелдеу



10.1.1.2 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу



10.1.1.3 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау



10.1.1.4 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу



10.1.1.5 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару



10.1.1.6 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану



10.1.1.7- инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату



10.1.1.8 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану



10.1.1.9 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау



10.1.1.10 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау



1.2 Динамика

10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру



10.1.2.2 - инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру



10.1.2.3 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру



10.1.2.4 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану



10.1.2.5 - материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану



10.1.2.6 - есептерді шешу кезінде айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін оның әртүрлі формаларында қолдану



10.1.2.7 - айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу





1.3 Статика

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау



10.1.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату



10.1.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау



1.4. Сақталу заңдары

10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану



1.5. Сұйықтар мен газдардың механикасы

10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау



10.1.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану



10.1.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану



10.1.5.4 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну



2.1 Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері

10.2.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау



10.2.1.2 - идеал газ моделін сипаттау



10.2.1.3- молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану



2.2 Газ заңдары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану



10.2.2.2 - тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы)



10.2.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы)



10.2.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу (Шарль заңы)



10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану



2.3 Термодинамика негіздері

10.2.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану



10.2.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану



10.2.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау



10.2.3.4 - жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолдану



2.4 Сұйық және қатты денелер

10.2.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау



10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әртүрлі тәсілдермен анықтау



10.2.4.3 - әртүрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату



10.2.4.4 - серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау



3.1 Электростатика

10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану



10.3.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану



10.3.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның электр өрісінің кернеулігін анықтау



10.3.1.4 - нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу



10.3.1.5 - электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану



10.3.1.6 - гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру



10.3.1.7 - диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау



10.3.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу



10.3.1.9 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда



10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу;



3.2 Тұрақты ток

10.3.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану



10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу



10.3.2.3 - элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу



10.3.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану



10.3.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау



10.3.2.6 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану



3.3 Әртүрлі ортадағы электр тогы

10.3.3.1 - металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау



10.3.3.2 - жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау



10.3.3.3-жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру



10.3.3.4-шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу



10.3.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану



10.3.3.6 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау



3.4 Магнит өрісі

10.3.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру



10.3.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру



10.3.4.3 - токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру



10.3.4.4 - зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу



10.3.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау



10.3.4.6 - магниттік материалдарды (неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл іздегіш) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау



3.5 Электромагниттік индукция

10.3.5.1 - электромагниттік құралдардың
(электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу



10.3.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану



10.3.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу



10.3.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру



4.1 Механикалық тербелістер



11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

4.2 Электромагниттік тербелістер



11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау



11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру



11.4.2.3 - компьютерлік моделдеу арқылы заряд пен ток күшінің уақытқа тәуелді графиктерін зерттеу

4.3 Айнымалы ток



11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу



11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау



11.4.3.3 - синусоидалы айнымалы ток немесе кернеуді гармоникалық функция түрінде көрсете алу



114.3.4 - айнымалы ток тізбегінде тек активті жүктеме кезінде(резистор) фаза ығысуын сипаттау



11.4.3.5 - айнымалы ток тізбегінде реактивті жүктемелер кезінде (катушка, конденсатор) фаза ығысуын сипаттау



11.4.3.6 - R, L, C -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептеу



11.4.3.7 - айнымалы токтың активті және реактивті қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру



11.4.3.8 - векторлық диаграмма салу арқылы қуат коэффициентін анықтау



11.4.3.9 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;



11.4.3.10 - резонанстық жиілікті есептеу



11.4.3.11 - трансформатордың жұмыс істеу принципін талдау



11.4.3.12 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру



11.4.3.14 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

5.1 Толқындық қозғалыс



11.5.1.1 - ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының пайда болуын зерттеу



11.5.1.2 - графикалық әдісті қолданып түйіндер мен шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың пайда болуын түсіндіру



11.5.1.3 - судың бетінде екі көзде пайда болған интерференцияны зерттеу

5.2 Электромагниттік толқындар



11.5.2.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау



11.5.2.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекторлауды сипаттау



11.5.2.3 - амплитудалық және жиіліктік модуляцияны ажырату



11.5.2.4 - детекторлы радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру



11.5.2.5 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру



11.5.2.6 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

6.1 Толқындық оптика



11.6.1.1 жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру



11.6.1.2 - призма арқылы өткен кездегі ақ жарықтың жіктелуін түсіндіру



11.6.1.3 - механикалық және жарық толқындарының интерференциялық көріністеріне салыстырмалы талдау жүргізу



11.6.1.4 - жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды бақылау шарттарын анықтау



11.6.1.5 - Френель теориясын қолданып, қылдан, саңылаулардан, дөңгелек саңылаудан пайда болған дифракциялық көріністерді түсіндіру



11.6.1.7 - жарықтың интерференция, дифракция және поляризация құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын дәлелдеу

6.2 Геометриялық оптика



11.6.2.1 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру



11.6.2.2 - сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану



11.6.2.3 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру



11.6.2.4 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру



11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну



11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;



11.6.2.7 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

7.1 Салыстырмалы теорияның элементтері



11.7.1.1 - Галилейдің салыстырмалы принципі мен Эйнштейннің салыстырмалы принципін сәйкестендіру



11.7.1.2 - Эйнштейн постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін есептер шығаруда қолдана отырып, релятивистік эффектіні түсіндіру



11.7.1.3 - зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс істеу принципін, оларда орын алатын релятивистік эффектіні ескере отырып түсіндіру

8.1 Атомдық және кванттық физика



11.8.1.1 - сәулеленудің көздері мен түрлерін топтастыру



11.8.1.2 - электромагниттік сәулелену, олардың табиғатта пайда болуы мен затпен өзара әрекеттесуін ажырату



11.8.1.3 - Стефан-Больцман, Винн заңдарын және Планк формуласын ультракүлгін апаттын негіздеу және абсолют қара дененің жылулық сәулеленуін сипаттау үшін қолдану



11.8.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру



11.8.1.5 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану



11.8.1.6 - жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру



11.8.1.7 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау



11.8.1.8 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру



11.8.1.9 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру



11.8.1.10 - атомның планетарлық моделін альфа бөлшектің ыдырауы бойынша Резерфорд тәжірибесіне сүйене отырып негіздеу



11.8.1.11 - бор постулаттарына сүйеніп атомның орнықты күйінің шартын түсіндіру



11.8.1.12 - сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын түсіндіру



11.8.1.13 - лазер құрылғысын және әсер ету принципін түсіндіру



11.8.1.14 - голографияның даму кезеңдерін талқылау



11.8.1.15 - элементар бөлшектердің толқындық табиғатының пайда болуы мен практикада қолданылуына мысалдар келтіру



11.8.1.16 - де Бройль толқын ұзындығының формуласын есептер шығаруда қолдану

8.2 Атом ядросының физикасы



11.8.2.1 - радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру



11.8.2.2 - радиоактивті ыдыраудың формуласын есептер шығаруда қолдану



11.8.2.3 - атомдық ядроның байланыс энергиясын есептеу және меншікті байланыс энергиясының ядроның массалық санына тәуелділігін түсіндіру



11.8.2.4 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану



11.8.2.5 - ядролық синтездің және табиғи радиоактивтіліктің табиғатын түсіну



11.8.2.6 - магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалыс сипатын түсіндіру



11.8.2.7 - a, b және g сәулелерінің табиғатын, қасиеттерін және биологиялық әсерін түсіндіру



11.8.2.8 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау



11.8.2.9 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

9.1 Нанотехнология және наноматериалдар



11.9.1.1 - наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын түсіндіру



11.9.2.2 - нанотехнологияның қолданылуын талқылау

10.1 Космология



11.10.1.1 - жұлдыздардың басты спектрлік класын сипаттау



11.10.1.2 - көрінерлік жұлдыздық шама және абсолют жұлдыздық шама ұғымдарын ажырату



11.10.1.3 - көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану



11.10.1.4 - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану



11.10.1.5 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау



11.10.1.6 - ара қашықтықты анықтау үшін, "қарапайым май шамдар" әдісін пайдалануды сипаттау



11.10.1.7 - Әлемнің жеделдеуi мен қара энергия туралы пікірталасты талқылау



11.10.1.8 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу



11.10.1.9 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру

32. Бөлімді және тақырыптарды оқытуға арналған сағат санын мұғалім бөледі.
33. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі қосымшада берілген Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар(төмендетілген оқу жүктемесімен)
10-сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Кинематика

Қазіргі заманғы физиканың рөлі

10.1.1.1 -қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз пікірін дәлелдеу



Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу.
№ 1 Зертханалық жұмыс
"Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау"

10.1.1.2 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.1.3 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
10.1.1.4 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу



Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары

10.1.1.5 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;
10.1.1.6 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану

Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар.
Галилейдің салыстырмалылық принципі

10.1.1.7 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату;
10.1.1.8 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану

Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

10.1.1.9 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау;

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.

10.1.1.10 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау;

Динамика

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

10.1.2.2 - инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру;
10.1.2.3 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру;
10.1.2.4 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану

Абсолют қатты дененің инерция моменті

10.1.2.5 - материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану

Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы.
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі

10.1.2.6 - есептерді шешу кезінде айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін оның әртүрлі формаларында қолдану;
10.1.2.7 - айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу

Статика

Массалар центрі.

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау

Тепе-теңдік түрлері.

10.1.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату

№ 2 Зертханалық жұмыс
"Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу"

10.1.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау

Сақталу заңдары

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы.

10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану

Сұйықтар мен газдардың механикасы

Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары

10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау

Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш

10.1.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану

Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағу

10.1.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану

№ 3 Зертханалық жұмыс
"Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу"

10.1.5.4 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну

2-тоқсан

Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi

Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi.
Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе.
Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде

10.2.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау

Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi

10.2.1.2 - идеал газ моделін сипаттау;
10.2.1.3 - молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану

Газ заңдары

Идеал газ күйінің теңдеуі

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері.
Дальтон заңы

10.2.2.2 - тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы);
10.2.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы);
10.2.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу (Шарль заңы);
10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану

Термодинамика негiздерi

Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық

10.2.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі

10.2.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану

Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы.
Айналмалы процесс және оның пайдалы әсер коэффициенті, Карно циклі

10.2.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау;
10.2.3.4 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолдану

Сұйық және қатты денелер

Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы.
Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте. Заттың кризистiк күйi

10.2.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау

Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар

10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әртүрлі тәсілдермен анықтау

Кристалл және аморф денелер.
Қатты денелердің механикалық қасиеттері

10.2.4.3 - әртүрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату;
10.2.4.4 - серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау

3-тоқсан

Электростатика

Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы

10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану

Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі

10.3.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану

Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны.

10.3.1.3-зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның электр өрісінің кернеулігін анықтау

Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы.
Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы

10.3.1.4 - нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу

Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс

10.3.1.5 - электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану;
10.3.1.6 - гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

10.3.1.7 - диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау

Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау

10.3.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;
10.3.1.9 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану

Электр өрісінің энергиясы;

10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу

Тұрақты ток

Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау

10.3.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану

№ 4 Зертханалық жұмыс
"Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену"

10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу

Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі

10.3.2.3 - элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу

Толық тізбек үшін Ом заңы;

10.3.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану

№ 5 Зертханалық жұмыс
"Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау"
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті

10.3.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау

10.3.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану

Әртүрлі ортадағы
электр тогы

Металдардағы электр тогы.
Асқын өткiзгiштiк

10.3.3.1 - металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау;
10.3.3.2 - жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау

Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар

10.3.3.3 - жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру

№ 6 Зертханалық жұмыс
"Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы"

10.3.3.4 - шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу

Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы

10.3.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану

Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы.

10.3.3.6 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;

4-тоқсан

Магнит өрiсi

Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері
Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі

10.3.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру;

Ампер күші, сол қолы ережесі;

10.3.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру;

Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы

10.3.4.3 - токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру;
10.3.4.4 - зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу;

Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры

10.3.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау;
10.3.4.6 - магниттік материалдарды(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл іздегіш) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау

Электромагниттiк
индукция

Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны.
Электромагниттiк индукция құбылысы

10.3.5.1 - Электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу

Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі.
Өздік индукция. Индуктивтілік

10.3.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану

Магнит өрісінің энергиясы

10.3.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу

Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы

10.3.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру



Физикалық практикум



2) 11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Механикалық тербелістер

Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері

11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

Электромагниттік тербелістер

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер
Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау
11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру;
11.4.2.3 - компьютерлік моделдеу арқылы заряд пен ток күшінің уақытқа тәуелді графиктерін зерттеу

Айнымалы ток

Айнымалы ток генераторы

11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу

Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток

11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау;
11.4.3.3 - синусоидалы айнымалы ток немесе кернеуді гармоникалық функция түрінде көрсете алу

Айнымалы ток тізбегінде активті және реактивті кедергі

11.4.3.4 - айнымалы ток тізбегінде тек активті жүктеме кезінде(резистор) фаза ығысуын сипаттау;
11.4.3.5 - айнымалы ток тізбегінде реактивті жүктемелер кезінде (катушка, конденсатор) фаза ығысуын сипаттау

Активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы

11.4.3.6 - R, L, C -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептеу

Айнымалы ток тізбегіндегі қуат

11.4.3.7 - айнымалы токтың активті және реактивті қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
11.4.3.8 - векторлық диаграмма салу арқылы қуат коэффициентін анықтау

Электр тізбегіндегі кернеу резонансы

11.4.3.9 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.10 - Резонанстық жиілікті есептеу



Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор

11.4.3.11 - қуат формуласының негізінде трансформатордың жұмыс істеу принципін талдау;
11.4.3.12 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

11.4.3.13 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

2-тоқсан

Толқындық қозғалыс

Серпімді механикалық толқындар. Бойлық және тұрғын толқындардың теңдеуі.
№ 1 Зертханалық жұмыс
"Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау"

11.5.1.1 - ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының пайда болуын зерттеу;
11.5.1.2 - графикалық әдісті қолданып түйіндер мен шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың пайда болуын түсіндіру

Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы және дифракциясы

11.5.1.3 – механикалық толқындардың интерференциясы мен дифракциясын мысалдармен түсіндіру

Электромагниттік толқындар

Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы

11.5.2.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау

Радиобайланыс. Детекторлы радиоқабылдағыш

11.5.2.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекторлауды сипаттау;
11.5.2.3 - амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияны ажырату;
11.5.2.4 - детекторлы радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру

Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс арналары

11.5.2.5 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру

Байланыс құралдары

11.5.2.6 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

Толқындық оптика

Жарықтың электромагниттік табиғаты. Жарықтың жылдамдығы

11.6.1.1 - жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру

Жарықтың дисперсиясы.
Жарықтың интерференциясы

11.6.1.2 - призма арқылы өткен кездегі ақ жарықтың жіктелуін түсіндіру;
11.6.1.3 - механикалық және жарық толқындарының интерференциялық көріністеріне салыстырмалы талдау жүргізу;
11.6.1.4 - жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды бақылау шарттарын анықтау

Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық торлар

11.6.1.5 - Френель теориясын қолданып, қылдан, саңылаулардан, дөңгеле саңылаудан пайда болған дифракциялық көріністерді түсіндіру

Жарықтың поляризациясы.
№ 2 Зертханалық жұмыс
"Жарықтың интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау"

11.6.1.6 - жарықтың интерференция, дифракция және поляризация құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын дәлелдеу

3-тоқсан

Геометриялық оптика

Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы

11.6.2.1 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру

Жазық және сфералық айналар

11.6.2.2 - сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану

Жарықтың сыну заңы

11.6.2.3 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру

Толық ішкі шағылу

11.6.2.4 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру

№ 3 Зертханалық жұмыс
"Шынының сыну көрсеткішін анықтау"

11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну

Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы. Оптикалық құралдар

11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
11.6.2.7 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

Салыстырмалы теорияның элементтері

Салыстырмалы теорияның постулаттары.
Лоренц түрлендірулері

11.7.1.1 - Галилейдің салыстырмалы принципі мен Эйнштейннің салыстырмалы принципін сәйкестендіру;
11.7.1.2 - Эйнштейн постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін есептер шығаруда қолдана отырып, релятивистік эффектіні түсіндіру

Энергия. Релятивистік динамикадағы импульс және масса. Материалдық дене үшін энергия мен массаның байланыс заңы

11.7.1.3 - зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс істеу принципін, оларда орын алатын релятивистік эффектіні ескере отырып түсіндіру

Атомдық және кванттық физика

Сәулеленудің түрлері
Спектрлер.

11.8.1.1 - сәулеленудің көздері мен түрлерін топтастыру

Инфракызыл және ультракүлгін сәулелену. Рентген сәулелері.
Электромагниттік сәулелену шкаласы

11.8.1.2 - электромагниттік сәулелену, олардың табиғатта пайда болуы мен затпен өзара әрекеттесуін ажырату

Жылулық сәулелену. Стефан –Больцман және Винн заңдары. Ультракүлгін апаты.
Планк формуласы. Фотондар. Фотоэффект

11.8.1.3 - - Стефан-Больцман, Винн заңдарын және Планк формуласын ультракүлгін апаттын негіздеу және абсолют қара дененің жылулық сәулеленуін сипаттау үшін қолдану

Фотоэффектіні қолдану

11.8.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру;
11.8.1.5 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану

Жарық қысымы

11.8.1.6 - жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру

Жарықтың химиялық әсері

11.8.1.7 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау

Рентгендік сәулелену

11.8.1.8 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру

Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы

11.8.1.9 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру

Альфа бөлшектің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесі. Бор постулаттары. Франк және Герц тәжірибелері

11.8.1.10 - атомның планетарлық моделін альфа бөлшектің ыдырауы бойынша Резерфорд тәжірибесіне сүйене отырып негіздеу;
11.8.1.11 - Бор постулаттарына сүйеніп атомның орнықты күйінің шартын түсіндіру

№ 4 Зертханалық жұмыс
"Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау"

11.8.1.12- сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын түсіндіру;

Сызықты емес оптика туралы түсінік. Лазерлер

11.8.1.13 - лазер құрылғысын және әсер ету принципін түсіндіру;
11.8.1.14 - голографияның даму кезеңдерін талқылау

Бөлшектің толқындық қасиеттері. Бор теориясының қиыншылығы. де Бройль толқындары

11.8.1.15 - элементар бөлшектердің толқындық табиғатының пайда болуы мен практикада қолданылуына мысалдар келтіру;
11.8.1.16 - де Бройль толқын ұзындығының формуласын есептер шығаруда қолдану

Атом ядросның физикасы

Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы

11.8.2.1 - радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру;
11. 8.2.2 - радиоактивті ыдыраудың формуласын есептер шығаруда қолдану

Атомдық ядро. Ядроның нуклондық моделі. Изотоптар.
Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы

11. 8.2.3 - атомдық ядроның байланыс энергиясын есептеу және меншікті байланыс энергиясының ядроның массалық санына тәуелділігін түсіндіру

Ядролық реакциялар. Жасанды радиоактивтілік.
Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция. Сындық масса

11. 8.2.4 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану;
11.8.2.5 - ядролық синтездің және табиғи радиоактивтіліктің табиғатын түсіну

№ 5 Зертханалық жұмыс
"Дайын сурет бойынша зарядталған бөлшектердің тректерін оқып үйрену"

11. 8.2.6 - магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалыс сипатын түсіндіру

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану

11. 8.2.7 - a, b және g сәулелерінің табиғатын, қасиеттерін және биологиялық әсерін түсіндіру

Ядролық реактор. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар

11. 8.2.8 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11. 8.2.9 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

Нанотехнология және наноматериалдар

Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері. Наноматериалдар

11.9.1.1 - наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын түсіндіру;
11.9.1.2 - нанотехнологияның қолданылуын талқылау

4-тоқсан

Космология

Жұлдыздар әлемі. Жұлдызға дейінгі қашықтық.
Айнымалы жұлдыздар

11.10.1.1 - жұлдыздардың басты спектрлік класын сипаттау;
11.10.1.2 - көрінерлік жұлдыздық шама және абсолют жұлдыздық шама ұғымдарын ажырату;
11.10.1.3 - көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану

Жұлдыздардың планеталық жүйелері. Жер топтарындағы планеталар және гигант- планеталар. Күн жүйесіндегі кіші денелер

11.10.1.4 - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.10.1.5 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау

Біздің Галактика. Басқа Галактикалардың ашылуы. Квазарлар

11.10.1.6 - ара қашықтықты анықтау үшін, "қарапайым май шамдар" әдісін пайдалануды сипаттау

Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау.

11.10.1.7 - Әлемнің жеделдеуi мен қара энергия туралы пікірталасты талқылау;

Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері. Әлемнің моделдері. Өмір және Әлем туралы ойлар
Адамзаттың космостық болашағы және космосты игеру

11.10.1.8 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;
11.10.1.9 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру



Физикалық практикум




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет