Жалпы патофизиология


Аллергиялық серпілістердің иммундық кешенді(преципитациялық)



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Аллергиялық серпілістердің иммундық кешенді(преципитациялық) 
түрі- Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық серпілістертердің үшінші 
түрі.
G және М класына жататын иммуноглобулиндердің ықпалынан туындайды. 
Тіндердің бүліністерін шақыратын, иммундық кешендердің түзілуімен 
сипатталады Иммунокешенді аурулар: васкулит, периартерит, экзогенді 
аллергиялық альвеолит, жүйелі қызыл жегі, гломерулонефрит. 
Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын түрі 
(баяу дамитын жоғары сезімталдылық, аллергиялық серпілістердің 
туберкулиндік түрі)- Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық 
серпілістертердің төртінші түрі. Сәйкес аллергенмен антиген- спецификалық 
рецепторлар арқылы әрекеттесетін Т лимфоциттердің қатысуымен дамиды. 
Мысалы: аллергиялық жанамалы дерматит, туберкулез кезіндегі туберкулинді 
сынама, трансплантаттың ажырау реакциясы. 
Идиосинкразия (грек. iduos – өзіндік, өзінікі synkrasis - араласу) – кейбір 
тағамдар мен дәрі-дәрмектерге туа біткен патологиялық жоғары сезімталдық. 
Парааллергия  көрінісі мен әсер етуі спецификалық аллергияға ұқсас, бірақ 
иммунологиялық сатысының және антиген-антидене реакциясының болмауымен 
сипатталатын бейспецификалық аллергиялық реакциялар жиынтығы; нәруыздық 
аллергендер құрылымы жағынан (сенсибилизациялаушы, шешуші) ұқсас 
болғанымен, айырмашылықтары бар. 
Гетероаллергия – бір заттекті енгізген жағдайда басқа заттекке бағытталған 
организмнің жалған аллергиялық серпілісі әдетте, антигендік емес әсерлер 
(мысалы, тоңу, ысу, интоксикация). 
Гипосенсибилизация –организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі. 
Праустниц-Кюстнер серпілісі- реагиндерді анықтау үшін қолданылатын 
терінің енжарлы
сенсибилизация реакциясы. Сынаманы орындау үшін аурудың, 
мысалы бронх демікпесімен ауыратын адамның 0,05-0,1 мл сары суын дені сау 
адамның терісінің астына енгізеді. 1 тәуліктен соң, сол жерге аллерген егеді. Егер 
гиперемия, қышу, ісіну дамыса, онда реакция оң деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет