Стресс
стресс
Stress
Темперамент
темперамент
Temperament
Уровень сознания
сана деңгейі
Level of consciousness
Фантазия
фантазия
Fantasy
Фрейдизм
фрейдизм
Freudism
Фрустрация
Фрустрация
Frustration
Характер
мінез
Character
Чувствительность
сезімталдық
Sensitivity
Чувства
сезім
Feeling Sense
Экстериоризация
экстериоризация
Externalization
Экстраверсия
экстраверсия
Extraversion
Экстраверт
экстраверт
Extravert
Эмоция
эмоция
Affect
V. Психология курсы бойынша дəрістердің қысқаша конспектісі
I. Психология ғылымының жалпы мəселелері.
Психология ғылымы туралы түсінік.
Психология пəні туралы түсінік. Психология ерте заманнан бері дамып келе жатқан
ғылым, оның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды.
Психология, психика түсініктері гректің “псюхе”-жан, “логия”-ілім
деген сөздерінен
шыққан.Бұл ғылымның өзіндік таңбасы: ψ-псю деп аталатын грек əрпі. Психология жан
туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі топтастырып, болмыс
пен фактілерді салыстыра
отырып зерттейді. Қабылдау, ес,ойлау, ерік, сезім т.б. психикалық процестер адамның
ішкі дүниесінің тіршілігі немесе
оның сыры деп аталады.
Адамдар күнделікті өмірде өзара қарым-қатынас нəтижесінде
бір-бірін бақылап,
бір-бірінің мінез-құлқын, іс-əрекетін, еңбек əрекетін, ішкі сырларын біледі жəне
сыртқы
құбылыстарға бейімделуі мен өзіндік ерекшеліктерін түсінеді.
Адам психикасының
осындай сырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы байланыс қасиеттерін
психология ғылымы адамның психикалық құбылыстарының дамып, қалыптасу
заңдылықтарын зерттейді.
Психология пəнінің зерттеу объектісі. Əрбір ғылымның өзіне тəн
зерттеу
объектісі болады. Психология ғылымының зерттеу объектісі басқа да ғылыми ілімдер
сияқты айнала шындық дүниедегі құбылыстарға қатысты адам психикасымен байланысы,
сонда психология ғылымының зерттеу объектісі адамның психикалық əрекеттері,
психикалық қасиеттері, психикалық процестері мен психикалық (көңіл-күйі) қалпы.
Детерминизм принціпі-психика нақты өмір бейнесімен анықталады жəне сыртқы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзгеріп, дамып отырады.
Психикалық ерекшеліктеріне генетикалық жағынан қарау принціпі- даму барысын
зерттеу.Психика мен іс-əрекеттің өзара байланыс принціпі- психика мен іс-əрекеттің
тығыз байланысы, бірлігі.Адам психикасын зерттеуде биологиялық жəне əлеуметтік
факторлардың байланысын ескерту.
Психофизиологиялық бірлік принціпі- психиканың өзіндік
ерекшеліктері-материалдық
жəне нейрофизиологиялық негізін есепке алу.
Психология ғылымы қызметі. Психология ғылыми жəне тəжірибелік пəн ретінде
де негізгі атқарар қызметтері ауқымы өте үлкен.
Олардың таңбалары:
- Психологиялық теориялардың дамуы
- Ғылымдар жүйесінде психологиялық ілімдердің интеграциясы
- Практикада психологиялық технологиялар, əдістемелерін ұсыну
- Психологиялық теориялар мен тəжірибелерді тарату
- Əлеуметтік топтарды психологиялық біліммен таныстыру жəне күнделікті өмірде
қолдану
- Белгілі бір əлеуметтік-психологиялық жүйелер құру жəне ол жүйелер адам
өміріндегі түрлі жағдайлар мен еңбек өмірінде көмегін тигізу.
Достарыңызбен бөлісу: