5. Тері
түйсіктері.
Тері
қабықтарында
тактиль
(жанасқанда
түйсіну)
температура(суық пен жылыны түйсіну) тəрізді бірнеше талдағыш жүйе болады.
6. Статикалық түйсіктер. Статикалық немесе гравитациялық сезгіштік адам денесінің
кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді.
7. Кинестезиялық түйсіктер. Кинестезиялық деп дененің жеке бөлімдерінің қимылы
мен қалпын түйсіну.
8. Органикалық түйсіктер. Рецептор ұштарының көбі ішкі мүшелерде орналасқан.
Түйсіктің жалпы заңдылықтары.
Түйсік заңдылықтарын мынандай екі бөлікке бөліп қарастырады.
1 – түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты.
2 - түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына тəуелді психофизиологиялық заңдылықтар.
Түйсіну табалдырығы шегі – абсолюттік табалдырық. Түйсіктің
абсолюттік
табалдырығы дегеніміз сезім мүшелерінің өте əлсіз тітіркендіргіштерді де түйсіне алуы
немесе сезе білуі.
Абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырығы.
Айырма
табалдырығы дегеніміз – сезім мүшелерінің болар болмас айырмашылығында сезіне білуі.
Талдағыштардың өзара ықпалды əсерінен сезгіштің артуы –
сенсибилизация деп
аталады. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік
туғызудың орнына
сол сəтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік
пайда болады. Бұл құбылыс синестезия деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: