Аквариум əдісі: “Аквариум” – мəселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мəселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды. Психологиялық консилиум: Психологиялық мəселе бойынша əдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мəселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек. Сократтық əдіс. Тұлғаның интеллектуалдық əлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді жəне өнімді формасы. Негізі – студенттің өзі араласатын оқыту процесіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен студенттің іс-əрекетін ұйымдастыру - санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық əдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді жəне «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі – əдіс қарапайым өмірілік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – оқытудағы ең басты тəсіл. Сократтың оқушылармен əңгімесі дəстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның əрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін əңгімелесу əдісінің негізінде жатыр. Дебат. Студенттердің сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін
қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дəйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі
көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін жəне идеясын көрсету.