«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі



бет30/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Тіл философиясы. Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларын көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдарын толық та айқын баяндайтын еңбектері – «Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы» (1827), «Ява аралығындағы Кави тілі туралы» (1836) деп аталатын туындылары.
В. фон Гумбольдтың философиялық-тілдік ілімі негізінде тілді және оны зерттеу туралы қалыптасқан көзқарастар жиынтығынан гумбольдтианство пайда болды. Ол алдымен Германияда, кейін Ресейде дамыды. Гумбольдт ілімін қостап жалғастырушылардың бастылары Х.Штейнталь, В.Вундт (Германия), А.А. Потебня (Ресей) сияқты ғалымдар болды.
20 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада неогумбольдтианство бағыты дамыды. Ол негізінен тілдің семантикалық жағын зерттеуге және тілді халық мәдениетімен тығыз байланыста зерттеуге мән берді. Бірақ идеалистік, метафизикалық философия тұрғысынан тілдің ой-сана мен танымдық процестегі қызметін асыра бағалады.
2.Типологиялық зерттеу. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал, жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпыадамзаттық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келеді. Тіл білімінде зерттеудің бұл түрі салыстырмалы әдіс, типологиялық әдіс, кейде типологиялық тіл білімі деп аталады.
Типологиялық зерттеу – мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылылық сипаты бар нысандарды салыстырады. Мұндай нысан тілдің фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да болды. Типологиялық тілдердің осы аталған жүйелердегі жалпылық мәні бар нысандарды бір-біріне салыстыра қарау арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ашады. Мысалы, фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып бөлінуі, болмаса морфемалардың лексикалық, грамматикалық болып бөлінуі, т.с.с. тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілер. Типологиялық зерттеуде осылар сияқты универсал тұлғалар салыстырылады.
Типологиялық әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, ол туралы әр елдің көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі пікір айтқандарымен, бұл мәселе күні бүгінге дейін бір ізді шешімін тапқан жоқ.
Дүние жүзіндегі тілдердің Типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген «Үнділердің тілі және даналығы» дейтін еңбегінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар-жоқтығына, сөздердің тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп екі топқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет