Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Орындаған



бет10/12
Дата06.04.2024
өлшемі4.62 Mb.
#497841
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Шырақбайқызы Ұ. курстық жұмыс

Affirmative

Negative

Question form

I played asyk.

We don’t play asyk.

Do you play asyk?

Ағылшын тілінен 8 – сыныптардың сабақ жоспарында кездескен Reading for pleasure тарауында кездескен қазақ әдебиетінің бірнеше шығармалары болды. Олар: «Ulpan is her name»; «The legend of Alpamys Batyr»; «Nomad the warrior». Осы тақырыптардың негізінде қазақ әдебиеттеріне «ПОПС» әдісі арқылы талдау жасап, қазақ халқының ертедегі тұрмыс тіршілігі, қазақ халқының құндылықтары туралы түсінді. Нәтижесінде ағылшын тілі сабақтарында оқушыларға қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы сабақ барысында әдіс-тәсілдер ұйымдастыра алдым.
Қорытынды

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда негізгі міндеттердің бірі – мұғалімнің оқушылардың қарым – қатынас мәдениетін дамытуда қолдана білуіне байланысты болып келеді. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтанда қадір – қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге тәрбиелеу маңызды.


Жалпыадамзаттық құндылықтар – бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негізі ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығанды. Біз оны әрі қарай сабақ барысында оқушылардың құндылықтарға деген көзқарастарын аша отырып, дамытуымыз керек.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу процесінде оқушыларды отанына, қазақ мәдениеті мен тіліне деген сүйіспеншілігіне баса назар аудара отырып, оқушылардық бойында адалдық, мейірімділік, әділдік, сүйіспеншілік сияқты дәстүрлі жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырдым. Әрбір оқушының бойында қазақ халқының болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру іс-тәжірибедегі басты қағидаттардың бірі болды.
Менің болашақ жас мұғалімдерге ұсынысым – топтық жұмыстарды көбірек ұйымдастырып, оқушылардың қарым –қатынас мәдениеті жақсы деңгейде ұстау үшін түрлі тренингтер ұйымдастырып, сонымен қатар мейірімділік пен сүйіспеншілік және де ұлттық құндылықтар негізінде шаралар өткізіп тұрса біз оқушылардың бойындағы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын қалыптастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет