Жамбыл ауданының 2013 жылғы әлеуметтік–экономикалық даму көрсеткіштері бойынша тезисі



Дата24.02.2016
өлшемі108 Kb.
Жамбыл ауданының 2013 жылғы әлеуметтік–экономикалық даму көрсеткіштері бойынша

ТЕЗИСІ
2013 жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 33 млрд. 278 млн. 700 мың теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 131,2% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16 млрд. 804 млн. 767 мың теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 млрд 556 млн 254 мың теңгеге артып, нақты көлем индексі 3,1 есені құрады. Аудан аумағынан «Қазақстан-Қытай» транзитті газ құбырының үшінші желісі құрылысының басталуына байланысты инвестиция салымы артып отыр.

2013 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 940 млн 119 мың теңгені құрап, 2012 жылғыдан 57 млн 100 мың теңгеге кеміп, нақты индекс көлемі 91% құрап отыр. Ал, көтерме сауда айналымының көлемі 2 млрд. 608 млн 371 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 791 млн 610 мың теңгеге артып, нақты көлем индексі 136,2% құрады.

2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік бюджетке 2 млрд. 786 млн 310 мың теңге салық, салықтық емес және басқа да төлемдер жоспарланып, нақты 2 млрд. 927 млн 767 мың теңгеге немесе 105,1% орындалды.

Жалпы республикалық бюджет 101,2%, ал жергілікті бюджет 106,4% орындалды, оның ішінде аудандық бюджет 106,4 %, облыстық бюджет 106,3%.

2013 жылы бюджеттің шығыстары трансферттерді қоса есептегенде барлығы 8 млрд 082 млн 765 мың теңге көлемінде орындалды, жыл қорытындысы бойынша оның игерілуі 99,9% құрады. Бюджеттік қаражаттардың объективті себептерге байланысты небәрі 1 млн 572 мың теңгесі игерілмей қалды.

Ауыл шаруашылығы саласында 13 млрд. 662 млн 700 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 128,3%, немесе нақты көлем индексі 113,1%-ды құрады.

Агроқұрылымдар мен шаруа қожалықтарына тиесілі егіске жарамды жер көлемі 57 347 гектар. 2013 жылдың есепті кезеңінде осы жерлердің 54 434 гектары немесе 94,9% игерілді.

2013 жылы 11755 гектар масақты дәнді дақылдар ораққа түсіп, 18944 тонна өнім жиналып, әр гектардан орта есеппен 16,1 цн өнім алынды. Егілген 4 521 гектар майлы дақылдардан 4 574 тонна, егілген 4 954 гектар көкөністен 121 566 тонна, егілген 418 гектар бақша дақылдарынан 10 327 тонна және егілген 502 гектар картоптан 10 859 тонна өнім жиналды.

2013 жылы ауданда егуге жоспарланған 1300 га қант қызылшасының бар болғаны 45 га ғана егіліп, 590 тонна өнім алынды, немесе әр гектардан 131,1 цн.

Есепті жылға жоспарланған 89800 тонна шөптің 99847 тоннасы немесе 112% дайындалды.

Мемлекет тарапынан егін шаруашылығына 237 шаруашылықтарға 97 млн. 314 мың теңге көлемінде субсидия төленді, оның ішінде басымды дақылдарға 68 млн 533 мың теңге. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 1602 тонна жанар-жағар май берілсе, 131 шаруашылық 3 494 тонна отандық тауар өндірушілерден арзандатылған тыңайтқыш сатып алды. Үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы күрес жүргізуге жоспарланған 303 гектарға 294,8 мың теңгеге химиялық өңдеу жұмыстары толық жүргізілді.

2013 жылы жалпы құны 28,9 млн. теңгеге 10 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның 2 данасы лизингтік жүйе арқылы алынған.

Ауданда мал басы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал саны 31696, қой-ешкі 164565, шошқа 3940, жылқы 10128, түйе 48 және үй құстары 92004 басқа жетті. Аудан бойынша бүгінгі күнге әр 100 аналық басқа шаққанда 96 бұзау, 98 қозы-лақ, 2364 торай, 71 құлын, 7 бота алынды.

2013 жылы 38288 тонна сүт, 8025 тонна ет, 369 тонна жүн, 5582 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда ет өндіру - 41 тоннаға, сүт – 684 тоннаға өссе, жүн – 138 тоннаға, жұмыртқа – 663 мың данаға кеміген. Аудан бойынша әр сауын сиырдан 2322 кг сүт сауылды.

Ет өндіруді және ірі қара малын өсіру үшін «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес ауданымыздағы 14 шаруашылық 112,2 млн. теңге несие алып 579 бас асыл тұқымды ірі қара (оның 33 бұқа) малын сатып алды.

Асыл тұқымды мал сатып алған шаруашылықтарға мал сатып алғаны үшін және селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізген үшін 49 шаруашылық 54 млн. 571 мың теңге дотация алды.

Ауданда ірі қара малды қолдан ұрықтандырудың 28 пунктері жұмыс істеуде. 2013 жылы 16915 аналық бас сиырдың 3988 басы (23,5%) қолдан ұрықтандырылды.

2013 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен биопрепараттарды қолдануға жоспарланған 65 млн 696 мың теңге толығымен игерілді.

Ауданда 94 бас мүйізді ірі қарадан, 818 бас уақ малдан сарып ауруы анықталды. Сарып ауруы шыққан аулалардың қора жайларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді және аурулары шыққан уақ малдар иелерінен алынып, жойылды. Аудандық бюджеттен қаңғыбас иттерді аулауды және жоюды ұйымдастыруға бөлінген 1 млн теңге толығымен игеріліп, 1116 қаңғыбас иттер ауланып, жойылды.

Ауданда барлығы 16 ауылдық округтерде ветеринарлық қызмет көрсететін арнайы пункт жалға алу арқылы ашылып, қызмет көрсетілуде. Қажетті 77 мал дәрігерлерінің 63 жұмыс жасауда.

2013 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 33,3% ұлғайып, 19 млрд. 616 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 107 %-ды құрады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010-2011 жылдары жүзеге асырылған жобалар бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі 86,6 % құрады Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Тараз филиалы 83,2%, «Super Pharm» ЖШС 2,2%, «БиномСтрой-Деталь» ЖШС 1,2%).

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдары Үдемелі индустриялық – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы екі жоба іске асырылуда.

Бектөбе ауылынан «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің құрылыс материалдар комбинаты» өндіріс орнын кеңейту бағытында Панелді үйлер шығаратын жобаның құрылысын жүргізуде. Жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Жобаның жалпы құны 500 млн. теңге. Оның 245 млн. теңгесі «Бизнестің жол Картасы 2020» бағдарламасының сыйақы ставкаларын субсидиялау шарты арқылы несие алу жолымен жүргізілуде. Комбинаттың жылдық қуаты 19,5 мың метр куб қабырға панелдерін, арақабырғалар (перегородки) мен аражабынның плиталарын (плиты перекрытия) өндіру.

Аталған нысан бойынша қосымша 100 жұмыс орынын ашып, комбинатты 2014 жылдың ІІ-ші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда. Бүгінде комбинаттың айналасы қоршылынып, қабырғасын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыста 50 адам жұмыс жасауда.

Бектөбе ауылында «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС-гі ет комбинаты құрлысын жүргізуде. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 560 млн. теңгені құрайды, ол үшін 20 га жер телімі бөлінген. Бұл жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Жоба жеке қаражаты есебінен жүргізілуде. Бүгінгі таңда айналасы қоршалынып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде 200 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Комбинатты 2014 жылдың ІІ-ші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.



Алдағы уақытта жүзеге асыру көзделіп отырған екі әлеуетті инвестициялық жобалар бар. Олар:

- Инновация және энергия ресурстарын үнемдейтін технологияларды ендіру саласында «KAZenergy Group» LLP» ЖШС 2014 жылдың соңына дейін қуаттылығы тұрақты деңгейде 24 МВт электр энергиясын шығаратын, жаңғыртылатын күн энергиясы станциясының құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Қазіргі уақытта Айшабибі а/о аумағынан 120 га жер телімі бөлінген. Жобаның құны 9 млрд. 960 млн. теңгені құрайды. Қаржыландыру көзі жеке қаражаттар есебінен жүргізіледі, жаңадан 100 жұмыс орыны ашылады.

Бүгінгі таңда, «KEGOС» электр желілерін басқару жөніндегі компаниядан құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін техникалық шарт (тех.условия) алу жұмыстарын ұйымдастыруда. Жоба 2014 жылдың 1 жартыжылдығында индустриаландыру Картасына енгізуге ұсынылады.

- 2015 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына дейінгі мерзімде «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС-гі циоформингті мұнай өңдеу қондырғысын орнату арқылы ЕУРО-4 және 5 стандарттарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның болжамды құны 2 млрд. теңге, жаңа 100 жұмыс орны ашылады. Қаржыландыру жеке қаражаты есебінен жүргізіледі. Қазіргі уақытта 25 га жер телімі бөлінді, неміс фирмасымен бірлесіп жобалық құжаттары дайындалуда. Бұл жоба Индустрияландыру Картасына 2014 жылдың соңында ұсынылады.



«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы ауданда бірқатар жобалар іске асырылды.

Бағдарламаның 1-ші бағыты - жаңа бизнес бастамаларды қолдау бойынша төмендегі жобалар жүзеге асырылды:

1) «БиномСтройДеталь» ЖШС-гі пайыздық сыйақылар ставкасын субсидиялау шарты бойынша «Нұр банк» АҚ-нан 245,0 млн. теңге көлемінде несие алды.

2) Жалпақтөбе ауылынан жеке кәсіпкер Шарипов Абдумалик Токтасынович көкөніс сақтау қоймасын сатып алу мақсатында «БанкЦентрКредит» АҚ-нан пайыздық сыйақылар ставкасын субсидиялау шартымен 40,0 млн. теңге көлемінде несие алды. Сатып алынған көкөніс сақтау қоймасының сыйымдылығы 1500 тонна.

3) Жоғарыда аталған жеке кәсіпкер Шарипов банктік кредиттері бойынша кепілдіктер беру шартымен 7,5 млн. теңге көлемінде банктік кепілдендіру алды.

4) Бектөбе ауылынан жеке кәсіпкер «Садибеков А.К.» пайыздық сыйақылар ставкасын субсидиялау құралы бойынша 5,7 млн. теңге көлемінде несие алып, қымыз өнімдерін өндіруге қажетті негізгі құрал жабдықтарды сатып алды.

Ауданда мемлекеттік индустрияландыру саясатын одан әрі іске асыру мақсатында Ақбастау ауылдық округіндегі 30 га жер индустрияландыру аймағы болып таңдалды, бұл жерде келешекте жаңа бизнес бастамалар үшін өндірістік инфрақұрылым тартылатын болады.

Барлық шағын кәсіпкерілік саласы бойынша өнім көлемі 14 млрд. 491 млн теңгені құрап, 2012 жылғыдан 3 млрд. 392 млн. теңгеге артып отыр.

Аудан кәсіпкерлері 2013 жылы 219,4 млн. теңге несие алды.

2013 жылдың 1 қаңтарына 3303 кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 83 нысанға артқанын көрсетті.

2013 жылы жалпы тіркелген 129 заңды тұлға шағын кәсіпкерлік нысандарының тек 66 ғана жұмыс істейді, олардың 27-і белсенді. Алдағы уақытта белсенді кәсіпкерлердің санын арттыруды ұйымдастыруға баса назар аудару қажет.

Есепті жылға жалпы көлемі 7 млрд 617 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3 млрд 678 млн. теңгеге артып, нақты көлем индексі 157,5%ды құрады.

Ауданымызға құрылыс жұмыстарына жоғары тұрған бюджеттен қаржылар бөлініп, бірқатар жаңа нысандар бой көтеруде.

2013 жылы білім беру объектілерін салуға республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд. 103 млн. 086 мың теңгеге Жасөркен ауылында салынған 300 орындық М.Әуезов атындағы орта мектеп, Қаратау бөлімшесіндегі салынған 120 орындық Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп өткен жылдың пайдалануға берілді, ал Жаңаөткел ауылында 50 орындық А.Матросов атындағы мектептің құрылысы осы жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 2013 жылы Түрксіб ауылынан 280 орындық бала-бақша құрылысын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 416 млн. 667 мың теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, 2014 жылға 50 млн. 913 мың тенге бөлініп нысан осы жылы толық аяқталатың болады.

Бұдан бөлек 2014 жылы Еңбек ауылында 120 орындық мектеп құрылысы басталады, бұл мектеп 2015 жылы пайдалануға берілген соң аудан көлемінде апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толық жойылады.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша 2013 жылы Жұмыспен қамту Жол картасы аясында Айшабибі және Қызылқайнар ауылдарынан 40 келушіге арналған заманауи дәрігерлік медициналық пунктер пайдалануға берілді. Аса ауылындағы бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана толық пайдалануға берілді.

2014 жылы облыстық құрылыс басқармасы арқылы Тастөбе ауылында 20 келушіге арналған медпукт құрылысына 80 млн  924 мың теңге, Жамбыл бөлімшесінде 10 келушіге арналған медпункт құрылысына 33 млн  494 мың теңге және 2015 жылы аяқталатын Жалпақтөбе ауылындағы алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсету пунктінің құрылысына 100 млн. теңге бөлінді.



Ауылшаруашылық нысандарын дамыту бойынша 2013 жылы 3 ауылдық округі аумағынан (Аса, Қаракемер, Қызылқайнар) мал емдейтін орынға (раскол) және 2 ауылдық округі аумағынан (Айшабиби, Қызылқайнар) контрабандалық жолмен келген малдарды уақытша ұстайтын орынға ЖСҚ–ы дайындалды.

2013 жылы 4 ауылға (Ақбұлым, Бесағаш, Тастөбе, Бесжылдық) мал өлекселерін тастайтын биотермиялық шұңқырлардың ЖСҚ-ы дайындалып осы жылы облыстық құрылыс басқармасы арқылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, 2014 жылы облыстық құрылыс басқармасы Айшабибі және Тастөбе ауылдарына ветеринарлық лазарет (пункт) салу бойынша ЖСҚ байланыстыру жұмыстарын атқарады, құрылыстың басталуы 2015 жылға жоспарлануда.

2013 жылға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша барлығы 863 млн. 590 мың теңге трансферттер бөлінді. Атап айтқанда:

- Аса, Рахат, Құмтиын ауылдарындағы су құбырының құрылысына 388 млн 123 мың теңге бөлінді, бұл нысан толық аяқталды.

- Айшабибі, Гродеково және Тастөбе ауылдарын сумен қамтамасыз ету үшін жалпы 455 млн. 556 мың теңге бөлінді. Бұл нысандардың ішінде Гродеково және Тастөбе ауылдарында құрылыс жұмыстары 2014 жылы, ал Айшабибі ауылында 2015 жылы аяқталатын болады.

Қазіргі уақытта Шайқорық, Танты, Қапал, Қоңыртөбе ауылдары және Шайқорық станциясы 992,4 млн теңгеге топтастырылған су құбыры құрылысы бойынша мемлекеттік сараптамадан ЖСҚ дайындалды. Сонымен бірге 4 жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде: Бесағаш-Түрксіб, Пригородное, Қаракемер, Бектөбе-Қызылшарық ауылдары бойынша.

2014 жылы Жалпақтөбе ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғыртуға 222 млн. 222 мың теңге бөлініп отыр. Бұл нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады.

2013 жылы жалпы алаңы 23 160 шаршы метрді құрайтын 224 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда тұрғын үй алаңы 198 шаршы метрге артып отыр немесе 100,9%-ды құрады.

2013 жылы Айшабибі, Жалпақтөбе, Гродеково, Қызылдихан, Қызылтаң, Қаратау ауылдары бойынша бас жоспарлары мен топографиялық-геологиялық түсірілімі 25 млн. теңгеге дайындалынып аудандық Мәслихат шешімімен бекітілді.

2014 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 45 млн теңге қаржыға 12 елді мекеннің, атап айтқанда Пионер, Шайдана, Еңбек, Бесжылдық, Шайқорық, Тастөбе, Қызылқайнар, Жасөркен, Бесағаш, Түрксіб, Қаракемер, Бектөбе ауылдарының бас жоспарлары дайындалады. Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген 4 562 млн теңгеге Аса ауылының егжей-тегжейлі жоспарының жобасы әзірленеді.

2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасына енгізу үшін Аса ауылындағы екі 4 қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық құжаттары әзірленеді. Бұдан бөлек Аса ауылының Байтерек аумағындағы және Айшабибі ауылының жаңа тұрғын алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының (газ, жарық, жол) жобалары дайындалады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының жергілікті өзін–өзі басқару басымдығын қаржылық қолдау бағыты бойынша ауданға 68,3 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы ауылдық округтердегі халық санының үлес салмағына қарай бөлінді. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының шешімі бойынша қаражаттар ауылдық объектілерді жөндеу жұмыстарына бағытталды. Барлығы 7 ауылда балалардың аулалық ойын алаңдары орнатылып, 5 елді мекендегі 10 ауыл ішілік жолдар жөнделді және 6 мектеп пен бір ауылдық кітапхана ағымды жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында Аса ауылындағы сарқынды кәріз суын биологиялық тазарту имараттары құрылысын салуға 55 млн 555 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жер таңдау және орналастыру жұмыстары жүргізілді, нысан құрылысы 2014 жылы аяқталады.

2014 жылға жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау мақсатында аудандық бюджеттен 75 млн. 651 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға 8 ауылдың 19 көшесін жөндеу, 3 ауылға балалардың аулалық ойын аландарын орнату, 4 ауылда көшелерді жарықтандыру және екі мектеп пен бір балабақша ағымды жөндеуден өткізіледі.

Қоршаған ортаны қорғау объектілері бойынша осы жылы облыстық құрылыс басқармасы арқылы жалпы құны 130 млн. 680 мың теңгеге Қаракемер ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салынады.

Есепті жылы автомобиль жолдарын қалыпты ұстау мен жөндеуге 297 млн. 700 мың теңге бөлінген болатын. Аудандық мәндегі төмендегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді: Пионер-Сеңгірбай – 12,6 км, Еңбек– 2,1 км, Жамбыл – 3,8 км, Шоқай – 1,4 км ауылына кіреберіс жолдары және Аса ауылының айналма жолы – 2,5 км. Сонымен бірге, 29 млн теңгеге аудандық мәндегі жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы ауыл ішілік көшелерді жөндеуге көп назар аударылды, осы мақсатта жалпы 77 млн. 600 мың теңге игеріліп 27 көшелер жөнделді.

Алдағы жылы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша аудандық бюджеттен барлығы 192 000 мың теңге бөлінді. Аудандық мәндегі жолдар бойынша Ақбұлым ауылына баратын 6 км, Бесжылдық 6 км, Бесағаш 2,8 км, Жасөркен-Пионерлагерь 14,1 км, Тараз-Пригородное 2,8 км, Өрнек-Ерназар 25,6 км, Рахат 0,4 км жолдарының шұңқырларын тегістеп жөндеу жұмыстарына барлығы 15 266 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар Өрнек-Тоғызтарау бағытындағы жол 48 287 мың теңгеге орташа жөндеуден өткізіледі.

Ауылдық мәндегі жолдар барлығы 119 755 мың теңгеге жөнделеді, оның ішінде Аса ауылындағы Железнодорожная, Луговая, Төлеби, Момышұлы, Жетітөбе, Маметова, Гагарин, Желтоқсан 1,2 көшелері, Түрксиб ауылындағы балабақшаға баратын жол мен Бесжылдық ауылындағы Жайшыбеков көшесіндегі көпірі бар.



Әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру көрсеткіштері бойынша 2013 жылы 2061 нәресте дүниеге келіп өткен жылға қарағанда 34 балаға артқан. Жалпы аудан халқының саны 78 609 адамға жетті. Жұмыссыздық деңгейі 4,5 % құрады.

Еңбек нарығында 2013 жылы 3876 адам жұмыспен қамтымасыз етілді. Оның ішінде, 131 адам жаңадан ашылған жұмысқа, 181 адам қоғамдық жұмысқа, 3000 адам маусымдық жұмысқа, 564 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.



«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 56 адамға әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама берілді.

Осы бағдарламаның «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша 137 жұмыссыз азаматқа жолдама берілді, оқу бітірген 85 азаматтың 25 тұрақты жұмыспен қамтылды.



«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 4-ші бағыты ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жалпы аудан бойынша 176 млн. 162 мың теңге бөлініп, игерілді. Оның ішінде ауылдық білім беру нысандарын бойынша Жеңістің 30 жылдығы, Тайшапов, Айшабибі орта мектептері мен жаңадан ашуға арналған Өрнек ауылындағы 50 орындық «Гүлдер» бала-бақшасы күрделі жөндеуден өткізілді. Б. Момышұлы және Жасөркен орта мектептерінде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Пионер ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізілді. Осы нысандарды жөндеу жұмыстарына 117 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 126 адам жұмыспен қамтылды.

%Б.Момышұлы, Төлеби орта мектептерін күрделі жөндеуге 364 млн. 839 мың теңге және Бектөбе ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізуге 45 млн 534 мың теңге бөлінді.



Денсаулық сақтау саласында 46 мекемелер мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетуде. Емдеу профилактикалық мекемелерінде 86 дәрігер, 343 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда. Жалпы аудан бойынша дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 84% штаттық бірлікті құрап, 22 дәрігер мамандарының жетіспеушілігі орын алып отыр.

2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қайтыс болғандардың жалпы саны 430 адам (2012ж - 547), 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші – 5,7 (2012ж – 6,3) құрады. Есепті кезеңде ауданда ана өлімі тіркелмеді, 1 жасқа дейінгі бір бала өлімі желтоқсан айында орын алған болатын (2012 ж. – 9).

Аудандық туберкулезге қарсы диспансерде 1207 адам тіркеуге алынған. Бұл 2012 жылғыдан 83 адамға кемігенін көрсетеді.

2012-2013 оқу жылында аудандағы жалпы 38 білім беру ұйымдарындағы 745 сынып комплектісінде 13 343 балаға 1 682 ұстаз білім беруде.

Аудан бойынша дәріс беретін 1682 ұстаздың 1522-сі немесе 90,5% жоғары білімді мамандар. Мектептерде компьютерлердің саны 1068-ге жетіп 16 оқушы 1 компьютермен қамтылған, оқушыларды тасымалдайтын автобустар саны 15-ке, жабдықталған химия, физика, биология кабинеттерінің саны 30-ға, интерактивті тақталар саны 35-ке, лингафонды-мультимедиялық кабинеттердің саны 22-ге жетіп, 18 мектепте бейнебақылау қондырғылары бар. 12 112 оқушының 10 103 немесе 83,4% жазғы демалыс және мектеп жанындағы лагерлерде демалумен қамтылды. Мектептерде 2 965 бала аудандық бюджет есебінен бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар мектептерге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы сомасы 74 млн. 949 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Білім беру саласына материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттен жалпы 121 млн. 380 мың теңге бөлінді.

2013 оқу жылына жалпыға бірдей білім беру қорына 46 млн. 318 мың теңге бағытталып, игерілген.

2012-2013 оқу жылында аудан бойынша 751 мектеп бітірушілердің ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқандары 510 оқушы немесе 67,9% (2012 ж-61,9%, 2011 ж - 64,6%). Жоғарғы оқу орнына грантпен түскендер саны 150 түлек, ақылы бөлімге түскен 339 түлектің 272-і ЖОО ал 67-і колледждерге түскен.

Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша аудан оқушыларының орташа баллы 66,35% болып, былтырғы жылдан 1,2%-ға аррты (2012ж-65,58%). Атап айтар болсақ 48 мектеп бітіруші 2 деген баға алған. Бұл жалпы ҰБТ-ге қатысушылардың 9,4% құрайды. Олар Төле би , Б.Тайшапов, Жасөркен, М.Әуезов, Ильич, Айшабибі, Ю.Гагарин және Чкалов орта мектептерінің үлесінде.

Білім беру саласының негізгі көрсеткіші ҰБТ қорытындысы болып табылады. Өткен оқу жылында ауданымыз облыс бойынша тек 8-ші орынға ғана қол жеткізгендігін атай келе, алдағы оқу жылында білім беру сапасын жақсарту және ҰБТ қорытындысын жоғарылату міндеті тұр.

2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде Өрнек ауылынан 50 орындық бала-бақша күрделі жөндеуден өткізіліп толық пайдалануға берілді.

Мектепке дейінгі білім беретін 13 бала-бақшаларда 1640 бала және 16 мектеп базасында шағын орталықтарында 950 бала барлығы 2540 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 44,5 % құрады, немесе облыстық көрсеткіштен 3,2 %-ға төмен.

Есепті жылы Түрксіб ауылында 280 орындық бала-бақша құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2014 жылы аяқталады. Бұдан бөлек Қостөбе ауылында 25 орындық, Ауезов орта мектебі жанынан 75 орындық, Төлеби мектебінде 50 орындық және Гагарин орта мектебінен 50 балаға арналған шағын орталықтар ашылатын болады. Жоғарыда аталған 280 орындық балабақша мен 200 орынға арналған шағын орталықтарды іске қосу арқылы аудан бойынша мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен қамту көрсеткішін арттыру жоспарлануда.

2014 жылы 1 сынып оқушыларын (1712 бала) толықтай ыстық тамақпен қамту үшін азық-түліктер сатып алуға 43 млн. 695 мың теңге бөлінді немесе 2012 жылғыдан 68 %-ға жоғарылаған. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының шығындарына 59 млн. 805 мың теңге бөлінді, немесе мектептер бойынша барлық ағымды шығыстардың 2,2 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылы аудандағы 21 бастауыш және орта мектептер сымсыз ғаламтор желісіне қосылады, осының салдарынан барлық мектептер ғаламторға толық қол жеткізеді.

Түрксиб ауылындағы Макаренко орта мектебінің от жағатын орнын газдандыру және Октябрь-Жеміс орта мектебін газдандыру мен от жағатын орнының құрылысына жалпы 49 млн 636 мың теңге бөлінді.



Кадрларды ауылға тарту жұмыстары бойынша 20 жас маманға (8 – денсаулық сақтау, 5 – білім беру, 1 – спорт, 6 – ветеринария саласының мамандары) көтерме жәрдем ақы төленді. Есепті жылы тұрғын-үй алу үшін 0,1%-дық несиелендіру жолымен 15 жылдық мерзімге 31 млн. 158 мың теңге бөлініп, 12 маманға (4 – денсаулық сақтау, 6 – білім беру, 2 – спорт саласының мамандары) берілді.

Бұған қосымша аудан бюджетінен ауылдық жалпы орта білім беру мектептерінің түлектерін медициналық жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін грант беруге 6 адамға 7 млн. 025 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, игерілді.

Аудан халқына 19 клуб, 29 кітпхана 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. Аудандағы мәдениет ошақтарында 83 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істеп, оған 67230 адам қатысты. 2013 жыл жалпы әр түрлі 562 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 2 млн. 400 мың теңге қаржы жұмсалынды.

2013 жылы аудандық мәдениет үйіне 25 млн. теңгеге ағымды жөндеу және 4,5 теңгеге Бірлесу-Еңбек ауылдық клубының айналасын қоршау және асфальттау жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, есепті жылы Гродеково ауылдық клубын жалпы құны 123,4 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалды, осы жоба 2015 жылға ұсынылады.

Аудандағы кітап қоры 182 мың 721 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілде 92 845 дана.

Сондай-ақ, аудандық орталық кітапхана, Жалпақтөбе, Шайқорық, Қоңыртөбе ауылдарындағы кітапханаға ағымды жөндеуден өткізу үшін тиісті жұмыстар аяқталды. Ю.Гагарин орта мектебінің ескі корпусына балалар кітапханасын, орталық кітапхананы «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ғимаратына көшіру жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта ауданда 143 түрлі спорт нысандары бар. Аса және Түрксіб ауылдарындағы №10, 11 спорт мектептерінде жалпы спорттың тиісінше 13 және 15 түрімен 1106 бала жаттығуда. Ал, «Геккон» спорттық-туристік клубында 44 бала жартасқа өрмелеуден жаттығады.

Сондай-ақ 36 білім беру мекемелерінің 28 спорт залдарында 2784 оқушы 81 спорттық секция мен үйірмелеріне қатысады.

Осы нысандардың ішіндегі Аса, Шайдана, Бірлесу-Еңбек, Шоқай ауылдарындағы шағын футбол алаңдары демеушілердің есебінен салынған. Алдағы жылы аудандық бюджет есебінен Қаракемер, Пригородное, Жамбыл және Өрнек ауылдарында шағын футбол алаңдары орналастырылады.



Есепті жылы аудан көлемінде жалпы әр түрлі 739 қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылға қарағанда 301 дерекке артқан (2012ж–438). Ал олардың ашылуы деңгейі бар болғаны 13,9% құраған (2012ж–20,6).

Қазіргі таңда күрделі мәселелердің бірі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау болып отыр. Атап айтар болсақ пәтер ұрлығы 92 дерек (2012 ж-54) 38 іске, мал ұрлығы 151 дерек (2012ж-113) 38 іске, сонымен қатар бұзақылық 58 дерек (2012ж-27) 31 іске өсіп отыр.
Каталог: userfiles
userfiles -> 574 18 " 19" Қолжазба құқында таңатарова жамиға тәжікқызы
userfiles -> Конкурс красоты «Миссис Стройкомплекс 2014»
userfiles -> Правила чтения Основной курс Урок 1 Урок 2 Урок 3 Урок 4 Урок 5 Урок 6 Урок 7 Урок 8 Урок 9 Урок 10 Урок 11
userfiles -> Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының
userfiles -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл
userfiles -> Жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет