Жамбыл ауданының әкімі Н. С. Календеровтың аудан тұрғындары алдындағы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі211.4 Kb.


ЖОБА
Жамбыл ауданының әкімі Н.С.Календеровтың

аудан тұрғындары алдындағы есебі

Құрметті халайық!

Өздеріңізбен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, жаңа жылдың жоспарларымен бөлісу жақсы дәстүрге айналды.

Жалпы, өткен жыл ауданымыз үшін жаман болған жоқ. Жаңа жылға Елбасымыз айтқандай «шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашқан» 2050 – ші жылға дейін белгіленген жаңа Стратегиямен қадам бастық. Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы баршамызға жаңа серпін берді. Еліміздің бас құжаты Қазақстанның келешегін айқындай түсті. «Қазақстан-2050» Стратегиясы  бұл болашақ ұрпақтың қамы екенін баршамыз ұғынуымыз қажет.

Биылғы Жолдау мазмұны мен бағыты жағынан ерекшеленді. Алдыңғы 2 бөлім негізінен «Қазақстан-2030» стратегиясының қорытындысы мен ХХІ-ші ғасырдың жаһандық он сын-қатерінін сипаттады. Ал үшінші бөлім 7 бағыттан құралған алдағы міндеттер мен мақсаттарды белгіледі.

Бұл жетуге болатын мақсат екеніне сеніммен қарауымыз қажет. Өйткені, біз «Қазақстан-2030» стратегиясының жемісін көрдік. 1997 жылы қабылданған Стратегиялық құжаттан бастау алған Елбасының дәстүрлі Жолдаулары әр жылы жаңа бағдарламаларды дүниеге әкелді. Бұндай бағдарламалар тек мемлекет мүддесі мен елдің қамы үшін жұмыс істеді. Солардың нәтижесінде өңірлер дамып, алыс-жақын ауылдарға дейін қайта түледі. Оны алыстан іздемей-ақ, өз ауданымызға көз жүгіртсек жеткілікті. Соңғы 10 жылдың өзінде бірнеше жаңа мектептер, емдеу мекемелері салынды, ауылдарға газ, ауыз су тартыла бастады, жолдары жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, жаңа тұрғын үй массивтері пайда болды. Мұның барлығы экономикамыздың өскені, елдің әл-ауқатынын жақсарғанының дәлелі.

Өткен жылдың да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері біршама жұмыстардың алға жылжығанын көрсетеді.

2012 жылы барлық сала бойынша шығарылған өнім көлемі 24 млрд. 442 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 50,7 пайызға артты. Оның 60 пайызы өнеркәсіп саласына, 40 пайызы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Орташа айлық жалақы көлемі 72 мың 933 теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. 248 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 104,1 пайызды құрады.

Бюджет түсімі

2012 жылы салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке 2 млрд. 492 млн. 162 мың теңге жоспарланып 100,7 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет 112,5%, жергілікті бюджет 98,2% орындалды. Ал, аудандық бюджеттің салықтармен, басқада міндетті төлемдері бойынша жоспарланған 1 млрд. 206 млн. 875 мың теңге 102,9% орындалды немесе 35 млн. 164 мың теңгеге артты.

Жалпы салықтық түсімдердің 69,0 пайызы ірі өндіріс орындарының үлесінде. Бұл субъектілерден 1 млрд. 732 млн. 334 мың теңге түсті.

Өнеркәсіп

Экономиканың өрістеуі индустрияландыру бағдарламасы бойынша іске асырылған жобалардың нәтижесі.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 121,2 пайызға өсіп, 14 млрд. 568 млн. теңгені құрады.

Бұл салада өндірілген өнімнің 94,2 пайызы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың үлесінде. (Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Тараз филиалы – 74,2%, «Super Pharm» ЖШС – 17,2%, «БиномСтрой-Деталь» ЖШС – 2,8%).

Осы бағдарлама бойынша іске қосылған «Амангелдинский ГПЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз филиалы 205 300 тонна мұнай өнімдерін шығарып, 10 млрд. 815 млн. 400 мың теңгенің өнімін өндірді.

«БиномСтрой-Деталь» құрылыс материалдары комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 394 млн. 989 мың теңгенің темір - бетон конструкцияларын шығарды.

Сондай-ақ, «Super Pharm» фармацевтикалық бұйымдар шығаратын зауыты 2 млрд. 505 млн теңгенің өнімін өндірді.

Орта кәсіпорындар санатына қосылатан «Кнауф Гипс Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс көлемін 36 пайызға, «Компания инвест МК» 76,8 пайызға арттырған.

2013-2015 жылдары 3 индустриялық- инновациялық жобаны іске асыру жоспарымызда бар. Нақты айтар болсақ, Бектөбе ауылында «БиномСтройДеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің панельді үйлер шығаратын үй-құрылыс комбинатын іске қосу жоспарлануда. Жобаның құны 700 млн. теңге. Оның 600 млн. теңгесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несиелендіріледі. Аталған нысан іске қосылса 100 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.

Сол сияқты, осы ауылда «Оңтүстік Халал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ет өнімдері комбинатын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның құны 23,3 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның 16,5 млн. АҚШ доллары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы несиеге беріледі. Ет комбинатының құрылысы аяқталған соң жаңа 200 жұмыс орыны ашылатын болады.

«Амангельдинский ГПЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЕУРО-4 стандарттарына сай келетін бензин шығаратын жаңа өндіріс орынын ашуды жоспарлауда. Жобаның құны 2 млрд. теңге, қаржыландыру өз қаражаттары есебінен жүргізіліп, қосымша 100 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
Кәсіпкерлік

Барлық шағын кәсіпкерілік секторы бойынша өнім көлемі 2 млрд. 428,2 млн теңгені құрап, 2011 жылғыдан 47 млн. 612 мың теңгеге артып отыр.

2013 жылдың 1 қаңтарына, шаруашылықтарды қоса алғанда, 3220 кәсіпкерлік субъектілер тіркеліп, 126 нысанға көбейген. Дегенмен, тіркеуде бар 120 шағын кәсіпкерлік нысанының тек 66 – сы белсенділік танытуда.

Аудан кәсіпкерлерімен 2012 жылы 216,5 млн. теңге несие алынды.

Кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған, жаңа бастамаларды ынталандыратын, жұмыс орындарын ашуды көздеген «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары нәтижелі жұмыс істеуде.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша мемлекет есебінен «БиномСтройДеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орынына 13 млн. 607 мың теңгеге газ жеткізілді, «Оңтүстік Халал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 329 млн. 347 мың теңгеге газ тарту, электрмен және сумен қамту жұмыстары басталды.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша жаңадан тіркелген 15 кәсіпкерге жалпы құны 34 млн. 500 мың теңге пайызсыз несиелер берілді. Оның 12-сі мал шаруашылығын дамытуға, 1 – уі техникалық жөндеу шеберханасын, 2 азамат тігін ательесін ашып алды. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында 7 кәсіпкерге жалпы құны 12 млн. 500 мың теңгеге 3 фазалық электр желілері тартылып берілді.

Осы қаржылар мақсатты игерілуі үшін кәсіпкерлер мен аудан азаматтары алға қарай ұмтылуы қажет. Облысқа бөлінген қаржыдан біздің де кәсіпкерлер құралақан қалмауы тиіс. Бизнес бастамаларға әрқашан қолдау болған және ол саясат тұрақты жүргізіледі.

Байқасаңыздар, Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, қабылданып жатқан бағдарламалар негізінен халықты жұмыспен қамтуға, бизнесті дамытуға бағытталып жатыр. Өйткені, бизнес дамыса инвестиция тартылады, жұмыс орындары ашылады.

Елбасымыз «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында масылдықтан арылу қажеттігін ашық айтты. Сондықтан, зейнетақы мен пособияларға ауыз ашпай өз ісін ашуға жасалып жатқан жағдай мен мүмкіндіктерді халық пайдалануы тиіс.


Ауыл шаруашылығы

Ауылда өз ісін өрге дөңгелетуге мүмкіндіктер мол. Егістік жерлер бар, мал басы бар. Бұларды тек көзін тауып, дамыту қажет.

Қазіргі уақытта аудан бойынша 2 035 шаруа қожалықтары тіркелген. Бірақ, бұлардың дені «аты бар да, заты жоқ» екені жасырын емес.

Есепті жылы 9747 гектар масақты дәнді дақылдар ораққа түсіп, 8763 тонна өнім жиналды. Түсім әр гектардан орта есеппен 8,6 центнер.

3 411 тонна майлы дақылдар, 108 913 тонна көкөніс, 9 851 тонна бақша дақылдары, 8 718 тонна картоп жиналды. 518 гектардан 6 765 тонна қант қызылшасы қазылды..

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында 9 млрд. 874 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2,5 пайызға артқан. Бұл өндірілген өнімнің 55,5 пайызы егін шаруашылығына, 44,5 пайызы мал шаруашылығына тиесілі.

Мемлекет тарапынан 322 шаруашылықтарға 122 млн. 669 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 3 210 тонна жанар-жағар май берілсе, 48 шаруашылық 1 344,3 тонна отандық тауар өндірушілерден арзандатылған тыңайтқыш сатып алды.

Құны 29,6 млн. теңгеге 11 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның 3 данасы лизингтік жүйе арқылы алынған.

Агротехнологиялардың озық үлгілері мол өнімнің кепілі. Қазіргі уақытта аудан бойынша 6 шаруашылық жаңбырлатып және тамшылатып суғару әдісін енгізді. Барлығы 158 гектар алқап.

Осы әдісті барынша пайдалануымыз қажет.

Елбасы кешегі Жолдауында атап өткен ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің қатарына судың тым тапшылығын, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті, табиғи ресурстардың сарқылуын жатқызды. Бұл жай айтылған ой емес. Барша әлем бұған ғылыми тұрғыдан қарауда.

6 шаруашылықты келесі жылы 60 деп атасақ жарасар еді. Ол үшін осы шаруалардың тәжірибесін басқаларға көрсетіп, жолдарын үйрету қажет.

Есепті жылы ірі қара мал саны 31596, қой-ешкі 159909, шошқа 4371, жылқы 9470, түйе 44 және үй құстары 91390 басқа жетті.

Мал қыстату науқанына келсек, мұнда да әзірге еш қиындықтар болған жоқ. Жоспарланған 58000 тонна шөптің орнына 93158 тонна дайындалды немесе жоспар 60 пайызға артығымен орындалды. Былтырғы қыс барлығымызға сабақ болды деп ойлаймын. Сондықтан биыл оған тыңғылықты дайындалдық.

Ет өндіруді және ірі қара малын өсіру үшін «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес ауданымыздағы 15 шаруашылық 122,6 млн. теңге несие алып 724 ірі қара малын сатып алды. Дегенмен, ет өндіру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмендегені байқалады.

Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар келешегі бар жобалар бар. Бұларды несиелендіруге немесе «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша өндірістік инфрақұрылымдарын жүргізуге ауыл шаруашылығы бөлімі қолдау көрсетіп, іске асыруы қажет.

Атап айтқанда, Қызылқайнар ауылдық округіндегі «Эреке» шаруа қожалығының тамшылатып суғару технологиясын енгізу жобасы, Жамбыл ауылдық округіндегі «Тараз-Тарту» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің және Көлқайнар ауылдық округіндегі «Бүркіт» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау алаңдарын салу, Ақбастау ауылдық округіндегі «Заң» шаруа қожалығының пластик құтыдағы қымыз өнімін шығару өндірістері бар.
Эпизоотияға қарсы іс шаралар

2012 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 81 млн. 889 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Аудандағы төрт түлік малдардан сарып (бруцеллез) індетіне қарсы қан алу және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 120 бас мүйізді ірі қарадан, 1142 бас уақ малдан сарып ауруы анықталды. Сарып ауруы шыққан аулалардың қора жайларына глютекс препаратымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ауруға шалдыққан уақ малдар иелерінен алынып, жойылды.

Облыстық бюджеттен бөлінген 38 млн. 400 мың теңгеге Өрнек, Қызылқайнар, Ақбастау Айшабибі ауылдық округтерінде мал өлекселерін тастайтын биотермиялық шұңқыр салынды.


Құрылыс

Былтыр ауданымызға құрылыс жұмыстарына жоғары тұрған бюджеттен қомақты қаржылар бөлініп, бірқатар жаңа нысандар бой көтерді.

Білім беру объектілерін салуға республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 055 млн. 097 мың теңгеге Аса ауылында 600 орындық Ю.Гагарин атындағы орта мектебі және Жасөркен ауылында 300 орындық Әуезов атындағы орта мектептерінің құрылысы жүргізілді.

Жаңа жыл қарсаңында асалық балалардың арманы орындалып, Ю.Гагарин орта мектебінің замануи ғимаратында оқуына мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен бөлінген 100 млн. теңгеге Қаратау бөлімшесіндегі 120 орындық Рысқұлов орта мектебінің құрылыс жүріп жатыр.

Жасөркен және Қаратау ауылдарында салынып жатқан мектептерді биыл пайдалануға береміз.

Биыл апатты жағдайдағы Еңбек орта мектебіне жаңа ғимараттың жобалау-сметалық құжатын әзірлеуге бюджеттен 4 млн. 500 мың теңге бөлінді.

Желтоқсан айының бірінші күні - Тұңғыш Президент мерекесіне орай Жасөркен ауылында жобалық құны 39 млн. 740 мың теңге болатын 10 келушіге арналған заманауи медициналық пункт пайдалануға берілді.

Үстіміздегі жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен Айшабибі және Қызылқайнар ауылдарынан 40 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияларының құрылысын жүргізуге жалпы 217 млн. 673 мың теңге бөлінді (Айшабибі ауылы – 85971 мың теңге, Қызылқайнар ауылы – 131 702 мың теңге).

Түрксіб ауылынан сметалық құны 514 млн. теңге болатын 280 орындық балабақша ғимаратының құрылысын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттен биылғы жылға 274 млн. теңге бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстары 2014 жылы аяқталады.

Аудандық бюджеттен Жалпақтөбе ауылынан 280 орындық балабақша ғимаратының жобалау-сметалық құжатын әзірлеуге 4 млн. 290 мың теңге бөлінді.

Ауыз су бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы Пионер, Шайдана, Бесжылдық, Аса, Рахат, Құмтиын ауылдарын сумен жабдықтауға барлығы 1 млрд. 002 млн. 456 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Жыл соңында Пионер, Шайдана, Бесжылдық ауылдарына сапалы ауыз су берілді.

Аса, Рахат, Құмтиын ауылдарына ауыз құбырын тарту жұмыстары биыл аяқталады. Жыл соңына дейін, құдай қаласа, үш ауылдың тұрғындары үшін тамаша тарту болмақ.

Ал биылғы жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен Айшабибі ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға 155 млн. 556 мың теңге, Гродеково ауылына 200 млн. теңге және Тастөбе ауылына 100 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар осы жылы басталып, 2014 жылы аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, Шайқорық, Танты, Қапал, Қоңыртөбе ауылдарына және Шайқорық станциясына, Басағаш, Түрксіб, Пригородный Жалпақтөбе сияқты 9 елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен қамту дайын жобалау-сметалық құжаттар бар. Бұларды келесі жылдары қаржыландыру үшін жұмыстар жүргіземіз.

Бұдан бөлек, 2013 жылы облыстық бюджеттен Қаракемер ауылының ауыз су жүйесін жаңғыртуға, Бектөбе, Қызылшарық ауылдарының ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ дайындауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге тиісінше 8,0 млн. теңге және 12 млн. теңге бөлініп отыр.

Бұл аталған нысандарға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары 2016 жылға дейін аяқталатын болса, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 66,7 пайызды құрайды.

Өздеріңізге белгілі болар, Президентіміз 2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс екенін айтып, соның ішінде Үкіметке бірінші кезеңде 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бағдарлама жасауды тапсырды. Яғни, ауыз су проблемасының соңы да алыс емес екенін білуіміз қажет.

Есепті жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 171 млн. 408 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Оның ішінде, облыстық бюджетінен бөлінген 140 млн. 202 мың теңгеге Өрнек – Ерназар бағытындағы жол жөнделді.

Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Қоңыртөбе ауылына кіре беріс жолдың 0,7 шақырымы, Көлқайнар ауылына кіре беріс жолдың 3,0 шақырымы, Аса ауылының айналма жолы, Пионер-Сеңгірбай ауылдарының кіре беріс автомобиль жолдарының 15,5 шақырымы ағымды жөндеуден өтті. Бесағаш және Қызылқайнар ауылындағы көпірлер жөнделді.

Сонымен қатар Аса, Айшабибі, Бесағаш, Жамбыл ауылдық округтерінің ішкі автомобиль жолдарына 39 млн. 231 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылға облыстық бюджеттен аудандық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеуге жалпы 203 млн. 402 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға Пионер-Сеңгірбай, Еңбек, Жамбыл, Октябрь-Жеміс ауылдарына кіре беріс жолдар мен Аса ауылының айналма автомобиль жолдары жөнделетін болады.

Аудандық бюджет есебінен бөлінген 29 млн. 003 мың теңгеге Октябрь-Жеміс ауылына кіре берістегі көпір, Ақбастау ауылдық округінен гипс кеніне барар жол, Құмтиын, Қоңыртөбе ауылына кіре беріс жол, Пионер-Аққұм бағытындағы жол жөндеуден өтеді.

Бұған қосымша, ауылдардың ішкі жолдарына 97 млн. 541 мың теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға Аса ауылындағы жолдар, Қаратау ауылындағы орталық көше, Ақбұлым ауылындағы Дербіс болыс, Қарасай батыр, Органов көшелері, Шайқорық ауылындағы Молдағұлова, Рысқұлбеков көшелері және Бесжылдық, Қостөбе, Пионер, Шайдана ауылдарының орталық көшелері мен Өрнек ауылындағы Сарыбай көшесінен мал сою алаңына дейінгі жолдарды жөнделеді.



Тұрғын үй құрылысы

2012 жылы жалпы алаңы 22962 шаршы метрді (102,7%) құрайтын 234 жеке меншік тұрғын үй қабылданды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 2,7 пайызға артып отыр.

Аса ауылының бас жоспарын топографиялық геологиялық түсірілімі аудандық бюджеті есебінен 9 млн. 850 мың теңгеге жасалып, облыстық бюджеттен бөлінген 12 млн. 771 мың теңгеге бас жоспары әзірленді.

Биыл Айшабибі, Жалпақтөбе, Гродеково, Қызылдихан, Қаратау ауылдарының бас жоспары мен топографиялық-геологиялық түсірілімін жасауға 25 млн. теңге бөлінді.

Демографиялық өсіммен бірге тұрғын үй салуға жер учаскесін алу кезегінде тұрғандардың саны көбеюде. Бұл мәселені заң аясында шешу үшін бірінші кезекте осындай қадамдар қажет. Елді мекендердің бас жоспары болса, бөлінетін учаскелерге жолын, газын, электр желісін тартып берсек, жерді де бөлуге болады. Бұлар шешілмей тұрғын үй құрылысына жер беру заңға қайшы екенін баршаңыз түсінулеріңіз қажет.

Әлеуметтік сала

Бүгінде аудан халқының саны 82 398 адамды құрайды. 2012 жылдың 12 айында 1893 нәресте дүниеге келіп, өткен жылға қарағанда туу көрсеткіші 484 балаға кеміген. Бұл көрсеткіштің төмендеуі 2011 жылы 6000 мыңнан астам халқымен аудан есебінде болған Құмшағал ауылдық округінің Тараз қаласына өтуімен түсіндіріледі.

Жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайыз.

Еңбек нарығында 2012 жылы 4134 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, 209 адам жаңадан ашылған жұмысқа, 206 адам қоғамдық жұмысқа, 3000 адам маусымдық жұмысқа, 719 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік төлемдер мен халықты қамсыздандыру шараларына 217 млн. 916 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

82 отбасындағы 430 адамға 6 млн. 886 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілді. 890 отбасына 10 млн. 900 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балалары бар 2435 отбасына 115 млн. 800 мың теңге төленді.

Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек 134 балаға 4 млн. 356 мың теңге көмек берілді.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар алуға және тіл үйрететін, жеке көмекші мамандардың қызметіне 13 млн. 642 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.

Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 13 млн. 329 мың теңге жұмсалды.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, ветеринария және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 3 млн. 590 мың теңге берілді.



«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде жалақыны ішнара субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 6 млн. 780 мың теңгеге, 46 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 11 млн. 150 мың теңгеге 77 азамат жұмыс тәжірибесінен өтті.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 4-ші бағыты шеңберінде ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жалпы 70 млн. 639 мың теңге бөлінген болатьн. Бұл қаржыға Б. Момышұлы, Шайқорық, Макаренко мектептері, Бірлесу-Еңбек және Ерназар ауылдық клубтары жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына жалпы 32 адам тартылды.

Осы бағдарлама аясында биылға республикалық және облыстық бюджеттерден 121 млн. 724 мың теңге бөлініп отыр. Осы қаржы есебінен Жеңістің 30 жылдығы, Тайшапов, Айшабибі орта мектептері мен жаңадан ашылатын Өрнек ауылындағы балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

Сондай-ақ, Пионер ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізуге 48 млн. 742 мың теңгеге бағытталып отыр. Ал, Бектөбе ауылдық клубының жөндеу жұмыстары 47 млн. 706 мың теңге көлемінде облыстық бюджеттің шартты түрде қаржыландыратын шығыстар есебіне жатқызылды. Яғни, нысанды қаржыландыру ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы мен қаражаттардың игерілуіне қарай жыл ішінде шешіледі.

2014-2015 жылдары осы бағдарлама бойынша қаржыландыру үшін Чкалов, Жасөркен, Әкім-Тарази, Абай, Шайқорық, Ысмайылов, Кейкиев, Б.Момышұлы орта мектептерінің жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 26 млн. 500 мың теңге қаралды.


Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында 43 мекемелер мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетуде. Оларда 82 дәрігер, 335 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда. Жалпы, аудан бойынша дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 84,5 пайыз. 28 дәрігер мамандарының жетіспеушілігі бар.

2012 жылы аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін қамтамасыз етуге 916 млн. 019 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Аудандық туберкулезге қарсы диспансерде 1305 адам тіркеуге алынған. Бұл 2011 жылғыдан 245 адамға кемігенін көрсетеді.

2012 жылдың 12 айында қайтыс болғандардың жалпы саны 509 (2011ж - 553), 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші – 6,3 (2011ж –4,7). Бір жасқа дейінгі 11 бала өлімі (2011ж.-14), 1 ана өлімі (2011ж.-0) орын алған.

Білім

Аудандағы 36 білім беру ұйымдарында оқитын 12995 балаға 1663 ұстаз білім беруде.

2012 жылғы оқу жылында жалпы білім саласына бөлінген 4 млрд. 704 млн. теңге мақсатты игерілді.

2012 жылға ыстық тамаққа 13 млн. 915 мың теңге, киім алу және әр түрлі іс-шараларға 7 млн. 500 мың теңге және сауықтыру жәрдемақысына 4 млн. 900 мың теңге қаржы жұмсалды.

Аудандық бюджеттен мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға 73 млн. 724 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Осы қаржыға Айшабибі, Беспаев, Шайқорық, Жеңістің 30 жылдығы орта мектептеріне автобус, 21 мектепке 53 дана компьютер мен 31 мектепке 58 дана сынып-комплектісі алынды. Ысмайылов және Макаренко мектеатерінің лингофондық және мультимедиялық кабинеттері, Амангелді, Сартбаев, Абай және Әйтиев мектебінің биология кабинеттеріне құралдар алынды. 7 мектепте бейнебақылау қондырғылары орнатылды.

Республикалық бюджеттен бөлінген 11 млн. 715 мың теңгеге Чкалов, Төле би, Сартбаев мектептерінде химия кабинеттері жабдықтады.

Сонымен қатар, 18 млн. 200 мың теңгеге Қоңыртөбе бастауыш мектебіне ғимарат сатып алынып, пайдалануға берілді.

Аудандағы 36 білім беру мекемесі толығымен интернет желісіне қосылған. Компьютермен қамтылу көрсеткіші 1 компьютерге 18 оқушыдан келеді.

11797 оқушының 9250-і немесе 78,4 пайызы жазғы демалыс және мектеп жанындағы лагерлермен қамтылды.

2011-2012 оқу жылы Ұлттық біріңғай тестілеуге 616 оқушы қатысты. Бұл мектеп бітірушілердің 65,8 пайызын құрайды. Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша аудан оқушыларының орташа баллы 65,58 болып, былтырғы жылдан 20,4 пайызға кеміді (2011ж-82,47%). ҰБТ-ға қатысқан 78 мектеп бітіруші 2 деген баға алған. Бұл жалпы ҰБТ-ға қатысушылардың 12,6 пайызын құрайды. Олар Б. Момышұлы , Сартпаев, Жасөркен, М.Әуезов, Ильич, Айшабибі, Шайқорық және Чкалов орта мектептерінің үлесінде. Сөйтіп, облыс бойынша 8-ші орынға тұрақтадық.

Сондықтан, бала оқыту тәрбиесіне тек педагогтар емес, әр ата-ана көңіл бөлуі тиіс.

Балалардың интелектуалдық қабілетін, ой ойлау, сөз сөйлеу мәдениетін дамытуға, білімін шыңдауға бағытталған түрлі форматтағы шараларды көптеп ұйымдастыру қажет.

Жастар тәрбиесі, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау басты мәселенің бірі. Биылдан бастап барлық ауылдық округтерге жастар ісі жөніндегі маман жібердік. Аса, Шайқорық, Айшабибі, Бесағаш, Ерназар ауылдарында аула клубтарын аштық. Ендігі кезекте олардың материалдық базасын толықтырып береміз. Бұл шаралар жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды өнерге, спортқа тарту үшін жасалып жатқан жағдайлар. Жастар саясаты аясында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қолдауға 3,5 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы есебінен де конкурс жеңімпаздары жастарға арналған қоғамдық, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыратын болады.

Бүгінде аудан бойынша 12 балабақша мен 16 мектеп базасында шағын орталықтар жұмыс істеуде. Оларда барлығы 2515 бүлдіршіндер тәрбиеленуде (балабақша 1565 бала, шағын орталық 950 бала).

Облыстық бюджеттен бөлінген 148 млн. 315 мың теңге есебінен Айшабибі ауылындағы 140 орындық «Қарлығаш» және Аса ауылындағы 280 орындық «Балдырған» балабақшалары күрделі жөндеуден өткізіліп, ашылды.

Қазіргі уақытта ауданда балабақшаға деген сұраныс 46,0 пайызға ғана қанағаттандырылып отыр. Елбасы «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдап, Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 пайыз қамту міндетін қойды. Бұл 2020 жылға дейін балабақша мәселесі толық шешімін табуы тиіс дегенді білдіреді.

Биыл мектептерге 93 млн. 813 мың теңге, балабақшаларға 66 млн. 884 мың теңге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлінді.

Сондай-ақ, мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға 105 млн. теңге бағытталды. Бұл қаржының 15 млн. 600 мың теңгесіне 125 дана компьютер, 7 млн. 460 мың теңгесіне класс-комплект және 34 млн. 898 мың теңгесіне оқулықтар алынады. Химия, биология кабинеттері 37 млн. 796 мың теңгеге жабдықталады.

Бұдан басқа жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындарына 46 млн. 318 мың теңге, азық-түлік сатып алуға 25 млн. теңге бөлінген.

Балабақшалардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 19 млн. 692 мың теңге бөлініп отыр.
Әлеуметтік сала мамандарымен қамтамасыз ету

Білім, медицина, мәдениет пен спорт салаларына жас кадрларды тарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Есепті жылы 20 жас маман, оның ішінде білім саласына-10, денсаулық саласына-8, мәдениет саласына-1, спорт саласы-1 маманнан келді. Оларға республикалық бюджеттен 3 млн 765 мың теңге көтерме жәрдем ақы төленді. 10 маманға (6 денсаулық, 4 білім) 0,1 пайызбен мерзімі 15 жылға дейін тұрғын-үй алуға 24 млн 270 мың теңге несие берілді.

Бұған қосымша аудан бюджетінен аз қамтылған отбасыларынан шыққан, үлгерімі жақсы мектеп бітірушілерін медициналық жоғары оқу орындарында грантта оқитын 6 адамға 2 млн 350 мың теңге көлемінде қаржы төленді.

Мәдениет

2012 жылы әр түрлі 550 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді. Республикалық, халықаралық конкурстарда ауданның мәдениет қызметкерлері мен тәрбиеленушілері жақсы жетістіктерге қол жеткізді.

Мәдениет ұйымдарының ғимараттарын, жылу жүйелерін, едендері мен қоршауларын жөндеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге 30 млн 529 мың теңге жұмсалды.

Осы құжаттар бойынша Айшабибі, Бірлесу-Еңбек Бектөбе ауылдық клубтарының шатыры, жылу жүйесі, көрермендер залы сияқты ағымды жөндеу жүргізілді. Тастөбе ауылдық клубы абаттандырылды.

Гродеково, Бектөбе, Пионер ауылдық клубтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттар дайындалды.

Аудандағы кітапханалардың саны 28, оның ішінде 1-орталық, 1-балалар және 26-ауылдық кітапхана.



Спорт

Бұхаралық спортты дамыту, халықтың ой-санасын саламатты өмір сүруге қалыптастыру, дені сау ұлт осының барлығы қазақтың келешегі үшін қажеттілік екенін Мемлекет басшысы үнемі айтуда.

Биылғы Жолдауда да Үкімет пен жергілікті органдарға дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау керектігін тапсырды.

Былтыр демеушілердің көмегімен Аса, Бірлесу-Еңбек, Октябрь-Жеміс және Шайдана ауылдарында шағын футбол алаңдары салынды.

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, спорттық жарыстар өткiзуге және әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командасы мүшелерiн жарыстарға қатыстыру мақсатында 7 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Жалпы, өткен жылы спорттық іс-шаралар, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған 26 іс-шаралар өткізіліп, 21092 адам қамтылды.


Елді мекендерді газдандыру шаралары

Есепті жылы Қостөбе, Октябрь-Жеміс, Жамбыл, Шайқорық, Бесжылдық, Танты, Қапал, Қоңыртөбе ауылдары мен Шайқорық станциясына газдандыру бағдарламасына сәйкес 2011 жылы тартылған орта қысымдағы газ құбыры арқылы ауыл тұрғындары өз есебінен ішкі газ желілерін жүргізіп, бүгінгі күнде көгілдір отынды пайдаланып отыр.

Алдағы уақытта елді мекендерді газдандыру жұмыстары өз жалғасын табатын болады. 2012 жылы осы мақсатта 13 елді мекенге (Өрнек, Ерназар, Жұма, Қаракемер, Құмтиын, Пионер, Шайдана, Тастөбе, Еңбек, Рахат, Көлқайнар, Қаратау, Қызылтаң) орта қысымдағы газ құбырын тартудың техника-экономикалық негіздемесі дайындалды. Алдағы уақытта облыстық тиісті басқарма тарапынан республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім ұсынылатын болады.
Абаттандыру және тазалық жұмыстары

Ауданның абаты мен тазалығын деңгейіне келтіру үшін қолға алатын істер көп. Жоғарыда айтылғандай, бұл мақсаттарға түрлі бағдарламалар аясында біршама қаржылар бөлініп отыр.

Биыл Ел Президенті Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ол ауылдық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Бұл шара негізінен мәслихат арқылы ауыл әкімдерін сайлау арқылы іске асатын болады.

Абаттандыру жұмыстарына 2012 жылы 57 млн. 926 мың теңге бөлініп, толығымен мақсатты жұмсалды. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін 3 млн 112 мың теңге игерілді.

Елді мекен көшелерін жарықтандыруға, электр энергиясының төлемі мен трансформатор орнату және оның қызмет көрсетуіне жалпы 65 млн 154 мың теңге жұмсалды.

2013 жылға 49 млн.326 мың теңгеге 6 ауылдық округтің, нақты айцтар болсақ Аса, Қаратөбе, Ерназар, Жамбыл, Гродеково, Ақбастау көшелерін жарықтандыруға және темірбетон бағаналарын орнатуға бөлінді.

Көше жарығы ұрыға «біз шыққанда ай жарық» секілді әсер ететіні сөзсіз.

Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Есепті жылы аудан көлемінде жалпы әр түрлі 438 қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылға қарағанда 63,4% артқан (2011ж–268). Ал олардың ашылуы деңгейі 20,6% құраған.

Осы жалпы жасаланған қылмыстардың ішінде көпшілік орындарында жасалағаны 68,4%, көшелерде жасалғаны 93,3%, топталған қылмыс 40 және кәмелет жасқа толмағандар қылмысы 11,1% артып отыр.

Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1418 өтініш түскен. Өтініштердің басым бөлігі материалдық көмек, жер бөлу мазмұнында.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың тілегін орындау, заң мүмкіндік берсе олардың мәселесін шешу атқарушы органның міндеті.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» деген даналық сөздің аясында сөз қозғамасқа тағы болмас.

Құрметті жерлестер! Итің жаман десе намыстанған қазақпыз ғой. Кейде ауыл ішінде, немесе ауданнан шығармай шешетін мәселелерді асқақтатып жібереміз. Көршілердің арасындағы дау, көшеге су түссе, жол қазылып, осы сынды басқа да жағдай орын алса, мәселенің мәнісін түсінбей арыз түсіру мәселесі жайында айтқым келіп тұр.

Біз – Ұлы Жамбылдың есімін алған бір дүйім елміз. Ауыл ақсақалдарынан аттап, ел басқарып отырған ауыл әкімін елемесек қайда барамыз? Ауыл ақсақалы мен әкімі шешпесе ауданда әр салаға жауапты 12 бөлім бар, одан қалса менің 3 орынбасарым бар. Олар шешпесе осы ауданның бар мәселесіне жауапты аудан әкімі бар. Қандай болмасын, әр азаматтың мәселесі тұрғылықты жерінде қаралады және шешіледі. Сондықтан, ауылдың азаматтары осы жағдайды алдағы уақытта ескерсе деймін.

Аудан әкімінің 2012 жылғы есептік кездесуінде әр түрлі мәселе бойынша 23 ұсыныс пен сұрақтар түсіп, іс- шаралар жоспарына енгізілген болатын. Бүгінгі күнге олардың 22-і өздерінің шешімін тауып жатыр.

Аудан әкімінің бақылауына алынған ұсыныстардың орындалу барысы туралы хабарлама жергілікті баспасөз беттерінде тоқсан сайын жарияланып тұрды.

Қалған 1 ұсыныстың, яғни Аса ауылындағы аудандық мәдениет үйінің қазандығын табиғи газға қосу мәселесі қаржы тапшылығына байланысты биылғы жылы шешілмеді.

Қадірменді қауым!



Өткен жылы осындай біршама жұмыстар атқарылды. Алдағы жоспарлармен бөлістік. Енді, Елбасы белгілеп берген жаңа стратегиялық бағытпен осы шараларды іске асыруымыз қажет. Ауызбіршілігіміз айнымасын, ағайын. Еліміз аман болсын. Сонда ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізетін боламыз деп есептік баяндамамды аяқтаймын.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.


Каталог: userfiles
userfiles -> 574 18 " 19" Қолжазба құқында таңатарова жамиға тәжікқызы
userfiles -> Конкурс красоты «Миссис Стройкомплекс 2014»
userfiles -> Правила чтения Основной курс Урок 1 Урок 2 Урок 3 Урок 4 Урок 5 Урок 6 Урок 7 Урок 8 Урок 9 Урок 10 Урок 11
userfiles -> Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының
userfiles -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл
userfiles -> Жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет