Жамбыл облысы Байзақ ауданы



Дата24.02.2016
өлшемі29.65 Kb.
#16817
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы
Байзақ аулы
С.Абланов атындағы орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Торекулова Нургуль Лесбековна

8 сынып. Дүниежүзі тарихы.


Тақырыбы: 18 ғасырдағы Ресей
Мақсаты. Оқушыларға 18 ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, І Петрдің реформаларын талдау арқылы және «Сарайлар төңерісінің» себептері мен ерекшеліктері жайында түсіндіру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға 18 ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру
 2. Тапсырмалар беру арқылы І Петрдің реформаларын талдау
1. «Сарайлар төңкерісінің» себептері мен ерешеліктерін талқылай.
2. Оқушылар өзара сұрақтар қлю арқылы тақырыпты меңгеру
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі. Дәстүрлі
Көрнекілігі. Оқулық, мұғалімге арналған әдістеме, жұмыс дәптері, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу
Ә) Оқу құралдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
А) Үйге берілген тақырыпты сұрау
Ә) Тапсырмалар беру арқылы үй тапсырсармасын бекіту
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

ҮІ. Жаңа сабақ


Жаңа сабақты жетекші ұғымдар мен негізгі түсініктерден бастаймын.
Мануфактуралық өндіріс, жеке мұралық, отарлау, топтастыру, дворяндық сословие, оппозиция, посадтар мен шеруалар, ұсақ тауарлы өндіріс, самодержавиелік аппарат, рекруттуқ жүйе, жұмылдыру.
 1-тақырыпша бойынша кестені толтыру арқылы түсіндіру.
1-кесте.
Саяси жағдай Ауыл, мал шаруашылығы Өнеркәсіпте
1

2-кесте.
Жылдар Оқиғалар


1715 ж Жарлық бойынша барлық губерниялар зығыр мен сора еткі
1714 жыл Барлық жер дворяндардың меншігіне берілді
1700 ж 9 тамыз Солтүстік соғыс басталды
1702 жыл Б.Шереметьев Эрстфер қыстағында швед генералы Жлиппенбах жасағын талқандады
1703 ж көктемі Нева жағалауын швед әскерлерінен толық тазартты
1703 ж жазда Санкт-Петербург бекініс – қамалын тұрғызылды
1721 ж 30 тамыз Ништадта орыс-швед бейбіт бітіміне қол қойылды
1721 ж 22 қазан Сенаттың салтанатты мәжілісінде І Петр император, ал Ресей империя болып жарияланды
1722-1723 жж Батыс және Оңтүстік Каспий жағалауларындағы орыс позицияларын нығайды

3-кесте. І Петрдың реформаларын кесте бойынша түсіндеремін:

1. Әскери реформа 1) Дворяндық жасақтар, тұрақты атқыштар әскерін құрды
2) Ресейдің бұрынғы қарулы күштер ұйымы өзгеріске ұшырады
3) Дондық, украиндық, жайықтық казактар ұйымы және ережеге бағынбайтын ұлттық құрамалар құрылды.
     І Петр армиясында – 126 полк, саны – 200 мың.
4) Мемлекетте артиллериялық зеңбірек өндірісі, оқ-дәрі, қару-жарақ жасау өсті.
2. Салық реформасы 1) Армия ұстауға, қарулы күшке, үздіксіз соғыс жүргізуге, мемлекеттік аппаратты ұстауға
2) Кәсіпшілік алым (балық аулау, монша, диірмен)
3) Мемлекеттік монополияға (тұзға, темекіге, майға)
3. Басқару және өкімет органдары реформасы 1) 1711 . І Петр жарлығымен 2 наурызда Боярлық думаны жойып, Сенат құрды (заң шығарушы, атқарушы және сот)
2) Тыңшылық институтын енгізді
3) 1717 – 1718 жж.приказдар жүйесі коллегиямен ауыстырылды (істерді қарау және шешу)
4) мемлекетті басқару үшін (шенеуніктер, тұрақты армия, күшті әскери-теңіз флоты, саяси іздестіру органдары)
4. Шіркеу реформасы 1721 жылы Діни коллегия құру туралы патша манифесі
5. Мәдениет пен тұрмыс саласындағы реформалар Мектептер ашылды
1) 1701 ж – Сухарев мұнарасында математика ғылымдарының мектебі
  2) Петербургте Теңіз академиясы
    3) Инженерлік, медициналық, кеме құрылысы, штурмандық және қолөнер мектептері
   4) 1703 ж – «арифметика» математикалық энциклопедиясы, авторы – Навигация мектебінің мұғалімі Л.Ф.Магницкий
5) Цифрлық мектептер – солдат мектебі. Онда рекрут балаларынан унтер-офицерлер.
6) Кітап шығару. Жаңа литермен басылған алғашқы кітаптар – 1708 ж
     1710 ж І Петр жаңа қаріпті енгізді
     1714 ж Ғылым академиясы кітапханасының негізі қаланды
     1703 ж. – «Ведосмости» газеті шыға бастады
7) Петербургтегі Кунсткамера – алғашқы орыс мұражайы болды.
8) Петербургте – Ғылым академиясы

«Сарайлар төңкерісі"


 1725 жылы 28 қаңтарда І Петр қайтыс болғаннан кейін 37 жылда 6 император ауысқан екен:
1. І Екатерина 1725 -1727 жж
2. ІІ Петр 1727 – 1730 жж
3. Анна Иоановна 1730 – 1740 жж
4. ҮІ Иван 1740-1741 жж
5. Елизавета Петровна 1741 – 1761 жж
6. ІІІ Петр 1761-1762 жж
  1725-1761 жж аралығын В.О.Ключевский «Сарайлар төңкерісі дәуірі» деп атады.
Ү. Сабақты қорытындылау.
Сонымен 18 ғасырдағы Ресейдегі жағдай батыс елдерінен артта қалумен боған екен.
І Петр таққа отырғаннан кейінгі енгізілген реформалар жүйесі біршама алға тарқан болатын. Ол барлық салада өзгертулер енгізіп тарихта өз атын нық қалдырған тұлға ретінде есте сақталады.
І Петр енгізген тақ мұрагерлерінің тәртібі (1722 ж) патшалық етуші монархтың мұрагерін тағайындау туралы мәселе тақ тартысының негізгі нысанына айналды. Арттарында әрқашан да дворяндар мен ақмүйектердің ұжымдық мүдделері тұрған Романовтар әулетінің тікелей және жанама мұрагерлерінің көптігі тұрақсыздықты, көбінесе мемлекеттік дамудағы тежелушілікті де туындатты.
ҮІ. Сабақты бекіту.
Параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты бекітемін.
ҮІІ. Үйге тапсырма. § 2. оқу, түсіну, конспектілеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет