Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1993 жылы 12 қарашада еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы Жарлыққа» қол қойды.Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Ұлттық валютаны «теңге», жүзден бір бөлігін «тиын» деп атайды.
Ұлттық теңгені жасауға екі жылдай уақыт кетті. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғалары бейнеленді. Қазақ валютасының жобасын жасаған суретшілер – Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов.
Алғашқы ұлттық валютамыз Англияда, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгені елге төрт «ИЛ – 76» ұшақтарымен әкелді. Ұшақтар Альбион еліне 18 рет қатынады. Төл теңгеміздің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жерасты қоймалары дайындалды. Осы қоймалардан ұлттық теңгеміз еліміздің барлық өңіріндегі банктерге 8 күн ішінде жеткізілді.
Ұлттық валютада елдің өткені, бүгіні және болашағы бейнеленді.
(125 сөз)
Қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып
1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз __________________________________________________________________
[1]
2. Ұлттық валютаның жобасын жасаған суретшілерді атаңыз. __________________________________________________________________
[1]
3. Ұлттық валютада не бейнеленді?
А) өткені мен бүгіні
Б) өткені мен болашағы
В) өткені, бүгіні және болашағы
Г) бүгіні және болашағы
[1]
4. Мәтін мазмұнына сәйкес жалғасын табыңыз
1
|
Ұлттық валюта -
|
|
А
|
Тиын
|
2
|
Жүзден бір бөлігі -
|
Б
|
Теңге
|
[1]
5. Мәтін мазмұнына сәйкес шын, жалған және айтылмаған ақпаратты анықтаңыз.
1 теңге 500 долларға бекітілді.
|
|
Айтылмаған
|
Алғашқы ұлттық валютамыз Англияда, алғашқы тиындар Германияда жасалды.
|
Жалған
|
Қазақстанның 10,15,20 жылдығына арналған тиындар бар.
|
Шын
|
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |