Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет60/76
Дата03.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500424
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
5 класс Т2

Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Көшпенді түркілерді әрқашан аспан әлемінің құпиясы қызықтырған .кең далада өмір сүрген ұлы көшпенділер ежелден аспан әлемінің құпиясын меңгерген. Техника жоқ кезде қазақтар аспан денелерінің қозғалысын білген. Аспан әлемін бақылайтын адамдар болған. Аспан, жұлдыз әлемін бақылайтын адамдарды «жұлдызшы» деп атаған. Қазақ жұлдызшылары ежелгі дәуірмен орта ғасырда аспан денелерінің қозғалысын бақылаған. Ондай жұлдызшылар Ежелгі Мысырда, Үндістанда, Грекияда да болған. Олар аспан құбылысын зерттеген, күнтізбе есебін жүргізген.
Ежелгі түркі жұлдызшылары «Жетіқарақшы», Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы жұлдыздарын ашқан. Жұлдызшылар ауа-райын, көктемнің келуін, жаздың шығуын болжаған. Бұл мәліметтер көшпелі түркілер үшін өте маңызды болған. Көшпенділер жұлдызшылардың бақылауын тұрмыста пайдаланған. Кейбір жұлдызшылар астрологиямен айналысқан.
Қазақтар – ұлы түркілердің ұрпағы. Қазақтар жазда жайлауға көшіп, қыста қыстауда тұрған.
Қазақстан археологтері Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің маңынан VIII-X ғасырларда өмір сүрген жұлдызшының зиратын тапқан. Зиратта жұлдызтас, метеорит болған. Зираттың жанына гранит мүсін қойылған.
(133 сөз)
Қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып

1. Аспан әлемін зерттеген адамдарды қалай атайды?


А) астролог
В) археолог
С) ғарышкер
D) жұлдызшы
[1]

2. Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің маңынан не табылады?


А) барлық жауап дұрыс
В) жұлдызтас
С) зират
D) метеорит
[1]

3. Мәтінге сай мақал-мәтелді белгілеңіз


А) Ағын су бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.
В) Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты
С) Жеті қарақшыны таныған адам,
Жеті қараңғы түнде адаспайды.
D) Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.
Е) Үркерлі айдың бәрі қыс.
.
[1]

4-5. Мәтін мазмұнына сай ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет