Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І нұсқа Тыңдалым және айтылым Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз. 2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз. [10] А мәтіні. Мерейтой мәзірі Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 15 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. «Қазақстан» орталық концерт залында арнайы әзірленген ауқымды бағдарламамен басталған мерейтойлық кеш ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Айман Мұсақожаева мен «Айгөлек» балалар скрипкашылар ансамблінің орындауындағы Ф.Крейслердің «Г.Пуньяни стиліндегі Прелюдия мен Аллегро» шығармасымен ашылды. Концертке Франция, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия мен Италияның белгілі өнер қайраткерлері мен жоғары оқу орындарының басшылары арнайы келді. Мерекелік кеште жұртшылық Өнер университетінің бүгінгі күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктерін тамашалап, дәстүрлі және әлемдік музыка жауһарларымен сусындап қайтты. Осы мерейтой құрметіне Астанада он күн бойы халықаралық өнер форумы өтті. Онда италиялық пианист Бруно Канино, Ресейдің Халық әртісі Максим Федотов, Граф Муржа, германиялық әйгілі музыкант Михаил Ваймен сынды тұлғалар қатысып, өнер көрсетті. Ал кеше халықаралық Өнер форумы аясында «Шабыт» шығармашылық сарайында скрипкаға арналып жазылған әуендердің концерті өтті. Онда С.Франк және И.Брамстың скрипка мен фортепианоға арналған шығармалары әуелесе, екінші бөлімде «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі мен Астана Мемлекеттік филармониясының концерті көрермен қауымға жол тартты. Енді Айман Мұсақожаева басқаратын шығармашылық топ «Әлемнің сегізінші кереметі – Астана» атты осы мерейтойлық концерттік бағдарламасын Астанадан бөлек, Милан және Турин, Вашингтон мен Париж, Токио мен Лос-Анджелес сынды әлемнің ірі мегаполистерінде де ұйымдастыру мақсатында, гастрольдік сапарға аттанбақ. Түпкі мақсат – қазақтың өнерін төрткүл дүниеге таныту. (198 сөз) https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/ Ә мәтіні. жүктеу/скачать 1.55 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |