Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет86/98
Дата03.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482289
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98
6-сынып қазақ тілі. Маулен

Барлығы

40 минут

30

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз.
2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз.
[10]
А мәтіні.
Әлемдегі ірі кітапханалар
Александрия кітапханасы. Атағы жер жарған бұл кітапхана – көненің көзі әрі антикалық мифтердің ғылыми және мәдени орталығы саналады. Біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырдың бас кезінде Александрияда көрнекті ғалымдардың қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған. Алғашқы кездері Египетте кітапханалар ғибадатханаларда салынған және оларға абыздар қарауылдайтын болған. Ол кездері кітаптардың пішіні орам тәрізді болған және папирустардан жасалынған деседі. Өз заманында Александрия кітапханасы ең алып кітапхана саналып, онда 750 000 шиыршық жинақталған екен.
Қазір бұл – Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал. Кітапхана ғимараты Жерорта теңізі жағалауындағы Александрия қаласында орналасқан.
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры – көптілді. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға жуық кітап болған.
1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады.
Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы – бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады. (160 сөз)
https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/


Ә мәтіні.
Хиггс Бозоны
Еуропа ядролық зерттеу ұйымының ғылыми орталығында (CERN) Хиггс бозонын (ядроның бөлшегі) зерттеумен айналысатын Джо Инкандела шілде айында орталық мамандарының «ғаламдық материал» тапқанын айтқан.
«Бұл өте сирек кездесетін бөлшектерді іздестіруге арналған сынақ болды. Қолымызда әзірге, сынақтың алдын ала нәтижесі ғана. Бірақ ол өте күшті болады деп ойлаймыз. Біз ойлағаннан әлдеқайда қатқыл» деген Инкандела.
Әдебиеттерде «Құдайдың бөлшегі» деп кекесінмен аталған Хиггс бозоны – ғаламдағы дене атаулыға салмақ беріп тұрған күш. Оны кейбір ғалымдар «ғаламның кірпішіне» теңейді. Оның табылуы физика тарихындағы ең айтулы оқиғалардың бірі болды. Бұл жаңалық «Біздің ғалам қалай пайда болған?» деген ең күрделі сұраққа жауап табуға жәрдемдесуі мүмкін.
Әлем ғалымдары 45 жылдан бері оның бар екенін дәлелдеуге тырысып келеді. Оны анықтауға арналған ең ірі сынақ алаңы – коллайдер-туннель Швейцарияда орналасқан. 10 миллиард долларға салынған сынақ алаңында мамандар протондар шоғырын жарық жылдамдығымен тарқатып, бір-бірімен соғыстыру сияқты тәжірибелер жасап көрді.
Хиггс бозоны "күңгірт материяның" болмысын түсіндіруге көмектесетін бөлшек болмай шықса да, бұл жаңалықты өткен ғасырдағы физиканың ұлы жетістіктерінің біріне қосуға болады. (157 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет