Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының



бет49/69
Дата28.01.2024
өлшемі0.88 Mb.
#490127
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны (1)-1

Барлығы







40минут

30

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Индустрияландыру:ұлттық өндіріс» бөлімі


Тыңдалым және айтылым


Тапсырма. 1.Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын, мәтін арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап, сұрақтар құрастырыңыз, өз пікіріңізбен баға беріңіз.
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]


1-мәтін
Жалпы Қазақстанда тұтастай индустрияландыру бағдарламасын қолға алудың өзі батыл қадаммен пара-пар еді. Өйткені Мемлекет басшысы айтқандай, «Біз инновациялық-индустриялық секторды тақыр жерден бастадық». Десе де, елдік бағыттың дұрыстығы бірінші бесжылдықтағы табыстармен айқын білінді, бүгінде жоғары өнімнің жетістіктерін жұртшылық сезіне бастады. Индустрияландыру шарапатының арқасында іске қосылған нысандардан бюджетке триллиондаған теңгенің өнімдері түссе, жер-жерлерде құрылған жұмыс орындары ел игілігіне қызмет етуде. Бастысы, еліміздің экономикалық құрылымын өзгертуде маңызды қадам жасалып, жаһандық экономиканың алмағайып жағдайында дағдарысқа қарсы ден қоюдың теңдессіз тәжірибесін бастан өткердік. Нәтижесінде, Қазақстанда алғашқы бесжылдықтың өзінде 770-тен астам кәсіпорын іске қосылды, соның арқасында өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы өзгеріп, отандық экономикадағы дәстүрлі, қуатты металлургия, азық-түлік өнеркәсібіне қосымша жаңа бағыттар ашылды. Қазақстанда индустрияландырудың алғашқы жылдары өңдеуші өнеркәсіп өсімінің қарқыны дәстүрлі өндіру саласынан алғаш рет асып түсті. Яғни 2011 жылдан бастап өңдеуші сектордың өсімі тау-кен өндіру саласын басып оза бастады. Соған орай, Қазақстан өңдеуші өнеркәсіп секторының нақты өсімі бойынша Кеден одағы елдері арасында көшбасшы елге айналды.
https://egemen.kz/article/173506-industriyalandyru
2-мәтін
ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады. ЖҰӨ-ді есептеудің әдістері ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан: Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы; Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы. Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді. Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.
(286 сөз). https://el.kz/kz/news/archive/content-5061


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет