Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының



бет31/69
Дата28.01.2024
өлшемі0.88 Mb.
#490127
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны (1)-1

Калдыбек кali88

Сәлем! Қозғап отырған тақырыбыңыз бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі екені даусыз. Жаһандануды толықтай теріске шығарып, қауіпті құбылыс ретінде біржақты анықтама беруге де болмайды деген пікір бар, сондықтан оның түрлеріне тоқталып кеткен жөн. Олар: саяси, экономикалық, технологиялық, мәдени т.б. болып бөлінеді. Жоғарыдағы әріптестерімнің барлығының айтып жатқаны бұл біздің Қазақстанға қатты әсерін тигізіп жатқан "мәдени жаһандану" болып табылады. Зиян жағының көбі осы бағытпен келе жатыр. Дегенмен барлық нәрсенің жақсы жаман жағы болады бұл процесстің де, жақсы жақтары бар. Жаһандану үрдісіне кіріп болған халықпыз. Оны күделікті қоғамнан, не болмаса қазақ жастарының бет-бейнесінен көреміз. Біз тек қана ұлттық ерекшелігіміздің сал дәстүр, ырым-тыйымдар, ақсақалдың батасын алып жүретін үрдіс, үлкенді сыйлау, ата-ана, Отан, ел алдындағы борышқа адалдық, мақал-мәтелдер мен ғұламаларымыздың мұралары, күй, ән, жыр, терме, әдебиетімізбен өнерімізді бойымызға сіңіруіміз керек. Сонда ғана сіз қозғап жатқан жаһанжанудың зиянды әсерінен аман қаламыз.Ол үшін еңбек етіп іздену керек.


Жаһанданудың екі жағы бар. Жаһанданудың мақсаты шекарасыз әлемге қол жеткізу. Жаһандануға тән жағдайлар, біріншіден, адамдардың еркін қозғалысы, ақпараттардың еркін қозғалысы, валютаның еркін араласуы, сауда-саттықтың еркін жүргізілуі т.б. көптеген еркіндікке жол ашу болып есептеледі. Еліміздегі басқа діндердің де қаптап кетуі, есірткі саудасының жүзеге асуы, түрлі эпидемиялық аурулардың пайда болуы, шетелдік инвесторлардың экологияға кері әсерін тигізуі осының бәрі жаһандану үдерісінің зиянды жақтары деп ойлаймын. Ал жақсы тұстарына келетін болсақ көрші отырған басқа елдерге қарағанда технологиямыздың тезірек дамуы, уақыт үнемдейтін техникалық жабдықтардың көбеюі, қысқаша айтқанда барлық жағынан дамуға аяқ басу. Ең бастысы біздің мақсатымыз жаһандануға ұлт ретінде жұтылып кетпеуді ерекше есте ұстауымыз қажет. Жұтылмас үшін бізге тек жалқаулықтан арылып, аз ұйықтап, жан-жақты білім алып, көп тілді меңгеруге ұмтылу қажет. Жаңа технологияны шетелдіктер емес өзіміздің қара көз қазақтар меңгеру қажет. Бірақ олардан тек үйренуден қашпау керек. Жаһанданудың жақсы жағын алып, жаман жағынан алыс болғаныңыз жөн. Жаман нәрсені көретін көз бәрімізде де бар ғой! (288 сөз). www.kazakh.ru>talk>mmess


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет