Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы бастығының 2011 жылғы 28 қазандағы



Дата03.07.2016
өлшемі73.95 Kb.
#175083
Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді

дамыту басқармасы бастығының

2011 жылғы 28 қазандағы

77 бұйрығына 3 қосымша


Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының

ономастика және терминология,

көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімі туралы

Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1. Ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің құрылымындағы штат санына сәйкес 3 мемлекеттік қызметшіден тұрады:

1) бөлім бастығы;

2) бас маман;

3) бас маман.
2. Ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті және функциялары:

1) Өңірде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға атсалысу, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы», «Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқару және мемлекеттік басқару туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, ҚР Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығын, «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» өкімін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2005ж. №45 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасын», 5.03.1996ж. №281, 8.01.1999ж. №16 қаулысымен бекітілген тәртіптерді, тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны және оны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыстық әкімдігінің іс-шаралар жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;

2) Облыста тілдерді қолдану мен дамытудың әр кезеңдерге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу, олардың орындалуына ықпал ету;

3) Облыстағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарға жетекшілік жасау, облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету, ономастикалық нысандардың, елді мекендердің атауларын ретке келтіру жөнінде түскен материалдарды сараптау, комиссия отырысына әзірлеу;

- аудандар мен Тараз қаласындағы көше атттарының өзгертілуіне талдау мен сараптамалар жасап отыру, бұл орайда жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен географиялық, тарихи-мәдени және саяси-құқықтық маңыздылықтардың жете ескерілуін қадағалап отыру;

- аудандар мен Тараз қаласындағы көше, нысан, елді мекен атауларын өзгерту немесе қайта атау барысындағы құжаттардың нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестендіру үшін тексеру-түгендеу жұмысын жүргізу;

- жергілікті атқарушы органдардан, ғалымдар мен тіл мамандарынан терминология мәселелері бойынша түскен ұсыныстарды жинақтап, сараптап отыру, құнды ұсыныс-пікірлерді Мемлекеттік терминология комиссиясына жолдап отыру;

- жергілікті атқарушы органдардан, ғалымдар мен тіл мамандарынан ономастика мәселесі бойынша түскен мақала, пікірлерді жинақтап Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының (Мемономком) бюллетені «Ономастикалық хабаршыға» жариялау үшін Тіл комитетіне жолдап отыру;

4) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 18 және 21-баптары талаптарының аймақтағы барлық мемлекеттік емес ұйымдарда мүлтіксіз сақталуына ықпал жасау;

5) Өңірдегі көрнекі ақпараттың жайын сараптап, талдап отыру, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңның орындалуын қадағалау;

- облыс және аудан орталықтарындағы, басқа елді мекендердегі, сондай-ақ автомагистральдар бойындағы сыртқы көрнекі ақпараттың жайын сараптап, талдап отыру, тексеру, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарының орындалуын қадағалау;

- облыстағы сыртқы көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтінің сауаттылығын зерделейді және «Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкестендіру және келісім парақтарының мерзімді түрде берілуін қамтамасыз етеді;

- облыстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың ішкі көрнекі ақпараттың жайын сараптап, талдап отыру және тексеру, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарының орындалуын қадағалау;

- «Көрнекі ақпараттың тілдер туралы заңдылыққа сәйкестігі» тақырыбында әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

- облыстың жекеменшік және өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірілген тауарлардың жарнама мәтіндеріндегі, заттаңбадағы ақпаратта тіл заңдылықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы №16 Қаулысына сәйкестігін тексеру және әдістемелік көмек көрсету, түсінік беру жұмысын жүргізу;

- мемлекеттік тілдегі жарнамалар мен көрнекі ақпараттар мәтіндерінің тіл туралы заңнамаларға сәйкестігін бақылау мақсатында аудандар мен Тараз қаласында «Көрнекі ақпарат - 2011» рейдтерін өткізу;

.6) Жергілікті облыстық «Қазақстан Тараз» және жекеменшік телеарналарында («НТК», «КТК», «31 канал») берілетін жарнамалардың, «жүгіртпе жол» айдарымен берілетін жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және «Жарнама туралы» заңдарға сәйкестігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру, жарнама тарататын мекемелермен өзара қарым-қатынас орнату;

- жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ономастика және терминология, көрнекі ақпарат мәселелері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу, арнайы материалдар жариялап, хабарлар беруді ұйымдастыру;

7) «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауын, «Үздік көрнекі ақпарат» облыстық конкурсын, «Тілдарын» облыстық олимпиадасын мерзімді, ұйымдасқан түрде өткізілуін қамтамасыз ету;

8) Жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың ономастика, көрнекі ақпарат және ұлты қазақ азаматтарының тегін жазу мәселелері бойынша жұмыс барысында негізге алатын нормативтік-құықтық актілер топтастырылған «Ономастикалық анықтағыш», «Ономастикалық атаулар нұсқаулығы» әдістемелік құралын әзірлеп, тарату;

9) Қоғамдық көліктердегі көрнекі ақпараттарды біріздендіру және «Тіл туралы» заңдылықтарға сәйкестендіру, көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілдегі мәтіннің сауаттылығын, аяладама атауларының дұрыс хабарлануын зерделеу, талдау, сараптау;

10) Көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау мен тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің қолданылауын қамтамасыз ету;

11) Әрбір нақтыланған функциялар бойынша мерзімді түрде ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференциялар, семинар-кеңестер, «дөңгелек үстел» отырыстарын, кездесулер өткізу;

12) Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру, түсінік жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету;


6. Құқығы және міндеттері:

1) Бөлім өз құзіретіне сәйкес басқарма бастығының бұйрықтарын орындауға;

- басқарманың жартыжылдық және жылдық жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге;

- тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты әзірленетін жұмыс жоспарларына, шаралар жоспарына ұсыныс жобасын әзірлеп енгізуге;

2) Өз құзіретіне сәйкес, облыстық, аудандық мекемелер мен ұйымдарда, кәсіпорындарда, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан басқа да мекемелер мен ұйымдарда, кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуына бақылау жасауға, тексеру жүргізуге және бұл бағыттағы жұмысты зерделеуге;

3). Аудандар мен Тараз қалалық әкімдіктерінен, облыстық басқармалар мен комитеттерден, департаменттерден, меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдардан «Тіл туралы» Заң талаптарының орындалуына байланысты тоқсандық, жылдық, есептерді, сондай-ақ өз функцияларына жататын мәселелер бойынша ақпараттар, мәліметтер, басқа да құжаттар сұратуға және алуға;

4) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасауға, тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдараның бұзылуына кінәлі адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізуге;

5) Тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға құқылы.


3. Басқарманың ономастика және терминология,

көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің қызметін ұйымдастыру
7. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын басшы басқарады.

9. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің басшысы құрылымдық бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

10. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімнің басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

11. Бөлім бастығы осы мақсатта:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімі басшысы:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімнің басшысы құрылымдық бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет