Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы бастығының 2011 жылғы 28 қазандағы



Дата03.07.2016
өлшемі45.7 Kb.
#175082
Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді

дамыту басқармасы бастығының

2011 жылғы 28 қазандағы

77 бұйрығына 2 қосымша


Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының

мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі туралы

Е Р Е Ж Е
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.

2. Мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Мемлекеттік және ұлттық тілдерді даыту бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің құрылымындағы штат санына сәйкес 3 мемлекеттік қызметшіден тұрады:

1) бөлім бастығы;

2) бас маман;

3) бас маман.


2. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
5. Міндеті және функциялары:

1) Бөлім туралы ережені дайындайды және біліктілік талаптарына сай бөлім қызметкерлерінің функционалық міндеттерін анықтайды;

2) Облыста тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен тілдік орта қалыптастыру, мемлекеттік және де әртүрлі меншік нысанындағы мекемелердегі ісқағаздарының мемлекеттік тілде ресімделуіне бақылау мен талдау жүргізу және өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне қолайлы жағдайлар жасау қызметін үйлестіреді;

3) Бөлімнің ағымдағы және жартыжылдық жоспарларын әзірлеп, олардың

орындалуын ұйымдастырады;

4) Бөлімнің істер номенклатурасын әзірлеп, басқарма бастығының

бекітуіне ұсынады;

5) Жоғары тұрған органдарға есептіліктің, хабарламалар мен ақпараттардың уақтылы табысталуын бақылайды;.

6) Бөлім тарапынан өткізілетін облыстық деңгейдегі конференциялар мен байқауларды, акциялар мен «дөңгелек үстел» отырыстарын, семинарлар мен тіл аясын өркендетуге бағытталған басқа да қоғамдық – саяси және танымдық іс-шараларды ұйымдастырады;

7) Өңірде «21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні» мерекесі мен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің жоғары деңгейде өткізілуіне басшылық пен бақылау жасайды, үйлестіреді;

8) Облыс аумағында мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту жөніндегі жеке азаматтардың, ұжымдардың тәжірибе алмасуын, олардың жұмысындағы оң тәжірибені қорыту мен таратуды қамтамасыз етеді;

9) Аудандар мен Тараз қаласында, облыс әкімдігінің басқармаларында, аумақтық департаменттер мен инспекцияларда, басқармаларда әдістемелік көмек ретінде «Басқарма күндерін» өткізіп тұруды тәжірибеге енгізеді;

10) Жоғары тұрған органдардың қабылдаған қаулылары мен шешімдерінің орындалуын бақылау және олардың орындалуы жайлы мерзімінде ақпарат беруді жүзеге асырады;

11) Жұмыстың жариялылығын қамтамасыз ету. Тілдерді дамыту мәселелері туралы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлері тарапынан жарияланымдар ұйымдастырады;

12) Тіл заңнамаларын іске асыру жөніндегі талдамалық баяндамалар мен есептердің әзірленуін ұйымдастырады;

13) «Мемлекеттік тілді оқыту» орталығымен тікелей жұмыс жүргізеді;

14) Бөлімге келіп түскен хаттарға, арыздарға, басқа да құжаттарға жауаптар дайындап, олардың уақтылы орындалуын қадағалап отырады;

15) Облыстағы мемлекттік органдардағы, мекемелер мен ұйымдардағы тілдік ахуалдың жайына сараптама жүргізу мақсатындағы мониторинг, сауалнамалар жүргізуді ұйымдастырады;

16) Бөлімге заңдармен жүктелген өзге де функциялар мен міндеттерді орындайды.
6. Құқығы және міндеттері:

1) Басқарманың жартыжылдық және жылдық жұмыс жоспарына ұсыныстар беруге;

2) Өз құзыретіне сәйкес, облыстық басқармалар мен департаменттерден, инспекциялардан, аудандық мекемелер мен ұйымдардан меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдардан «Тіл туралы» Заң талаптарын орындалуына және облысытық әкімдіктің тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық іс-шараларына, өзге де тапсырмаларына қатысты ақпараттар, хабарламалар, басқа да құжаттар сұратуға және алуға құқылы.
3. Басқарманың мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту

бөлімінің қызметін ұйымдастыру
7. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын басшы басқарады.

9. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы құрылымдық бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

10. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімнің басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

11. Басшы осы мақсатта:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімі басшысы:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімнің қызметін үйлестіреді;



2) құрылымдық бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет