Көптік жалғау
Алдыңғы буын
|
Соңғы дыбыс
|
|
Дауысты және үнді р, й, у
|
Ұяң з, ж және үнді м, н, ң
|
Катаң және ұяң б, в, г, д
|
Жуан
|
-лар
|
-дар
|
-тар
|
|
бала-лар, тау-лар
|
қыз-дар, аң-дар
|
дос-тар, доп-тар
|
Жіңішке
|
-лер
|
-дер
|
-тер
|
|
үй-лер, бөлме-лер
|
өзен-дер, гүл-дер
|
төсек-тер, мектеп-тер
|
Тәуелдік жалғау
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа немесе біреуге (адамға) тәуелді, меншікті екенін бідіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктене айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Сөздің тәуелденуі екі түрге бөлінеді: оның бірі – оңаша тәуелдену, екіншісі – ортақ тәуелдену. Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа немесе адамға меншікті екенін білдіруді оңаша тәуелдену дейді. Мысалы: дәптер-ім, дәптер-ің, дәптер-іңіз, дәптер-і, дәптер-лер-ім, дәптер-лер-ің, дәптер-лер-іңіз, дәптер-лер-і. Бір не бірнеше заттың көп затқа немесе бірнеше адамға меншікті екенін білдіруді ортақ тәуелдену дейді. Мысалы: біздің дәптер, біздің дәптер-лер-і- міз.
Тәуелдік жалғауы дегенде, меншіктенуші (иеленуші) жақ пен меншіктелуші (меншігіне айналатын) зат қоса-қабат жүреді. Иеленуші (меншіктенуші) жақ жіктеу есімдіктерінің үш жағының (анайы түрі; мен, сен, ол, біз, сендер, олар; сыпайы түрі: сіз, сіздер) бірімен байланысты болып отырады. Осылардың қай- қайсысы болмасын ілік септігінің жалғауында тұрады. Мысалы:
-
менің біздің
-
сенің сендердің
сіздің сіздердің
-
оның олардың
Меншіктенуші жақ зат есім болғанда да, ілік септіктін жалғаулары жалғанады.
Меншіктелуші (меншігіне айналатын) заттың да өзіне тән грамматикалық көрсеткіштері бар, Олар сөздерге үндестік заңының сингармонизм ыңғайына қарай жалғанады.
Жақ
|
Дауысты дыбыстан соң
|
Дауыссыз дыбыстан соң
|
І
|
-м, -мыз,-міз,
әкем, апамыз, әкеміз
|
-ым, -ім, -ымыз, -іміз, қызым, келінім, қызымыз, келініміз
|
ІІ
|
-ң, -ңыз, -ңіз
әкең, апаң, әкеңіз
|
-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз,
қызың, -келініңіз
|
ІІІ
|
-сы, -сі,
әкесі, апасы
|
-ы, -і
қызы, келіні
|
Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауын олардың тәуелденуі дейді.
Тәуелдік жалғауының II жағының анайы және сыпайы түрі болады. Мысалы: апаң, апаңыз.
Сөз жекеше де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір ғана адамға не затқа тән екендігін білдіреді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелділік деп аталады. Ал сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я біртектес бірнеше зат бір адамға (я бір затқа) ғана меншікті екендігін білдіреді. Тәуелділіктің бұл түрі ортақ тәуелділік деп аталады.
Мысалы:
-
Менің атам, қаламым
-
Сенің атаң, қаламың
-
Сіздің атаңыз, қаламыңыз
-
Оның атасы, қаламы
Ал бір не бірнеше зат я нәрсе бір адамға тиісті, меншікті болса, ондай тәуелдеуді ортақ тәуелдеу дейді. Мысалы: біздің апамыз, қаламымыз, сендердің апаларың, қаламдарың.
Тәуелдік жалғауының I, П жақтары үнемі адамға, кісіге қатысты айтылады да, III жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты болады. Мысалы:
-
Менің көлігім
-
Сенің көлігің
-
Сіздің көлігіңіз
-
Оның көлігі
Ескерту. Біздің, сіздің деген ілік жалғаулы сөздерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылуы мүмкін. Мысалы: біздің үй, біздің ел, біздің бала, сіздің ауыл, сіздің мектеп. Мұнда бірі — анықтаушы, екіншісі анықталушы сөз ретінде келіп, тәуелдік категориясын білдіреді.
Тәуелдену мағынасы кейде -нікі (-дікі, -тікі) жұрнағы арқылы да беріледі. Мысалы: менікі, сенікі, сіздікі, біздікі, сендердікі, біреудікі, институттікі, кітапхананікі, Әсеттікі, т.б. Мұндай жағдайда меншігіне айналатын (меншіктелуші) зат иеленуші (меншіктенуші) заттан бұрын тұрады. Мысалы, қаламсап менікі (менің қаламсабым), дәптер Асандікі (Асанның дәптері).
Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің екеуі үнемі қатар келе беруі шарт емес, кейде айтылуға жеңіл болу жағы көзделіп, өлең стилінде ықшамдалып, ілік жалғаулы есімдіктер түсіріліп те айтыла береді. Мысалы: Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар адам жоқ (Абай). Жас болғанда төбеме секірдің. Тәуелдік жалғауы туыстық қатынастағы сөздерге үнемі жалғанды: әкем, шешем, ағам, інім, апам, нағашым, т. б.
Сонымен бірге адамның дене мүшелеріне қатысты зат есімдерге жалғанады: басым, аяғым, қолым, ішім, бүкіл денем. Сондай-ақ заттанған (субстантивтенген) басқа сөз табына да жалғана береді. Мысалы: Шашының ағы молайып барады.
Тәуелдену
Жақ
|
Соңғы дыбыс
|
|
дауысты
|
дауыссыз
|
ІІ Менің
|
-м
|
-м
|
-ым
|
-ім
|
|
аға-м, қала-м
|
әке-м, терезе-м
|
қыз-ым,
ат-ым
|
ел-ім, үй-ім
|
II Сенің
|
-к
|
-и
|
-ың
|
-ің
|
|
аға-ң, қапа-ң
|
әке-ң, терез- ең
|
қыз-ың, ат-ың
|
ел-ің , үй-ің
|
Сіздің
|
-ңыз
|
-ңіз
|
-ыңыз
|
-іңіз
|
|
аға-ңыз, қала-ңыз
|
әке-ңіз, терезе-ңіз
|
қыз-ыңыз,
ат-ыңыз
|
ел-іңіз,
үй-іңіз
|
III Оның
|
-сы
|
-сі
|
-ы
|
-і
|
|
аға-сы, қала-сы
|
әке-сі, терезе-сі
|
қыз-ы,
ат-ы
|
ел-і, үй-і
|
Буын
|
жуан
|
жіңішке
|
жуан
|
жіңішке
|
Ортақ тәуелдену
Жақ
|
Соңғы дыбыс
|
|
Дауысты
|
дауыссыз
|
I Біздің
|
-мыз
|
-міз
|
-ымыз
|
-іміз
|
|
ата- мыз, қала-мыз
|
іні-міз,
терезе-міз
|
қыз-ымыз,
ат-ымыз
|
ел-іміз,
үй-іміз
|
II Сендердің
|
-ың
|
-ің
|
-ың
|
-ің
|
|
ата-лар-ың, кала-лар-ың
|
іні-лер-ің, терезе-лер-ің
|
қыз-дар-ың, ат-тар-ың
|
ел-дер-ің, үй-лер-ің
|
Сіздердің
|
-ыңыз
|
-іңіз
|
-ыңыз
|
-іңіз
|
|
ата-лар-ыңыз, қала-лар-ыңыз
|
іні-лер-іңіз, терезе-лер-іңіз
|
қыз-дар-ыңыз, ат-тар-ыңыз
|
ел -дер- іңіз, үй-лер-іңіз
|
III Олардың
|
-сы
|
-сі
|
-ы
|
-і
|
|
ата-сы,
қала-сы
|
іні-сі,
терезе-сі
|
қыз-ы, ат-ы
|
ел-і, үй-і
|
Буын
|
жуан
|
жіңішке
|
жуан
|
жіңішке
|
Тәуелдік жұрнақтар -нікі, -дікі, -тікі
Меншіктік форма (тәуелдену ұғымын) тудыратын -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы ілік септіктің -ның (-нің-дың, дің-тың-тің) жалғалуы және -кі, -қы, -ғы, -гі жұрнағынан бірігіп пайда болған. Бұл форма арқылы туатын меншіктілік меншіктелуші (иеленуші) заттан жеке де айтыла береді. Тәуелдік жұрнақтардың басқа жұрнақтардан ерекшелігі - жуан формасы болмайды. Мысалы: ме-нікі, се-нікі, сіз-дікі, біз-дікі, сеңдер-дікі, кім-дікі, мына-нікі, кітапхана-нікі, Әсет-тікі, Нұргүл-дікі, Роза-нікі т.б.
Септік жалғау
Сөздерге грамматикалық мағына үстеп, оларды бір-бірімен жалғастырып, септестіріп, байланыстырып тұратын қосымшапарды септік жалғаулары деп атайды.
Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды. Септелудің екі түрі болады: 1) жай септеу; 2) тәуелді септеу. Тәуелденбей тұрған сөздердің септелуін жай септеу дейміз. Ал сөздердің тәулденгеннен кейін септелуін тәуелді септеу дейміз. Септеудің жай және тәуелді формаларында 7 септік, 6 түрлі жалғау бар.
1. Атау септік. Атау септігіндегі сөз кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Атау септігі өзге септіктерге негіз болады. Бұл септіктегі сөзге тәуелдік жалғауы жалғануына қарай сұрақтардың да кімім? нем? кімің? нең? кіміңіз? неңіз? кімі? несі? тәріздес өзгере беруі мүмкін. Атау септігіндегі сөз көбінесе бастауыш болады.
2. Ілік септік. Ілік септігіндегі сөздер кімнің? кімдердің? ненің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септігінің жалғаулары: -ның -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады. Ілік септігіндегі сөз көбінесе анықтауыш болады.
3. Барыс септік. Барыс септігіндегі сөздер кімге? кімдерге? неге? нелерге? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Барыс септігінің жалғаулары: -қа, -ке, -ға, -ге, -а, -е, -на, -не. Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады. Барыс септігіндегі сөздер кімге? кімдерге? неге? нелерге? деген сұрақтарға жауап бергенде толықтауыш болады да, қайда? сұрағына жауап бергенде пысықтауыш болады.
4. Табыс септік. Табыс септігіндегі сөздер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді. Табыс септігінің жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі зандылықтарын сақтап жалғанады. Табыс септігіндегі сөз тура толықтауыш қызметін атқарады.
5. Жатыс септік. Жатыс септігіндегі сөздер кімде? кімдерде? неде? нелерде? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септігінің жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі заңдарына сәйкес жалғанады. Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде? деген сұрақтарға жауап беріп, толықтауыш болады да, қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап бергенде пысықтауыш болады. Жатыс септігіндегі сөздер көбінесе пысықтауыштың қызметін атқарады.
6. Шығыс септік. Шығыс септігіндегі сөздер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септігінің жалғаулары: -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі заңдылықтары бойынша жалғанады. Шығыс септігіндегі сөздер жанама толықтауыш және мекен, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.
7. Көмектес септік. Көмектес септігіндегі сөздер кіммен? кімдермен? немен? нелермен? қалай? деген сұрақтарға жауап береді Көмектес септігінің жалғаулары: мен (-менен), -бен (-бенен), -пен (-пенен). Бұл жалғаулар дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанғанымен, дыбыс үндестігіне бағына бермейді. Көмектес септік жалғауларының жуан сыңарлары жоқ. Сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да жіңішке жалғау (-мен,-менен, -бен,-бенен,-пен,-пенен) жалғанады. Көмектес септігіндегі сөздер толықтауыш және пысықтауыш кызметі атқарады.
Септіктер білдіретін мағынасына, атқаратын кызметіне қарай екі топқа бөлінеді: грамматикалық және көлемдік септіктер.
Септік жалғаулары
Септіктер
|
Сұрақтары
|
Септіктердің жалғаулары
|
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
|
кім? не?
кімнің? ненің?
кімге? неге?
кімді? нені?
кімде? неде?
кімнен? неден?
кіммен? немен?
|
жалғауы жоқ
-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің
-ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не,-а,-е
-ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні,-н
-да,-де,-та,-те,-нда,-нде
-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен
-мен,-менен,-пен,-пенен,-бен,
-бенен
|
Септіктер
|
Жай септеу
|
Тәуелді септеу
|
Атау кім? не?
Ілік кімнің? ненің?
Барыс кімге? неге?
Табыс кімді? нені?
Жатыс кімде? неде?
Шығыс кімнен? неден?
Көмектес кіммен? немен?
|
бала, шеге
бала-ның, шеге-нің
бала-ға, шеге-ге
бала-ны, шеге-ні
бала-да, шеге-де
бала-дан, шеге-ден
бала-мен, шеге-мен
|
Бала-м, шеге-м
бала-м-ның, шеге-м-нің
бала-м-а, шеге-м-е
бала-м-ды, шеге-м-ді
бала-м-да, шеге-м-де
бала-м-нан, шеге-м-нен
бала-м-мен, шеге-м-мен
|
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, олардың қайсысы қай септеудегі сөз екенін тауып, жалғауын түсіндіріңіздер
-
Апама жездем сай. (мәтел.)
-
Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол. (Абай.)
-
Желкен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер. (мақал.)
4. Отанын сатқан оңбас. (мақал.)
5. Арғын, найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме.
6. Сырмақ қып астына
Байының тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Қоқсытып келтірді. (Абай.)
2-тапсырма. Сұраққа ойланып жауап беріңіз.
-
Көптік жалғаулардан кейін басқа жалғаулар ретімен жалғана береді, ал басқа жалғаудан соң көптік жалғауы жалғана ма? Жалғанса, қай жалғаудан соң жалғанады?
-
Бір сөзге екі көптік, екі тәуелдік немесе екі септік, екі жіктік жалғаулары жалғана ма?
-
Жалғаулардан соң жұрнақ жалғанған сөздер ойлаңыз. Ондай сөздер көп пе?
-
Септік жалғаулары жалғанбайтын сөздер бар ма? Мысал келтіріңіз.
-
Қай сөз табына жұрнақ жалғанбайды? Мысал келтіріңіз.
-
Жіктік жалғауының ІІІ жағы қай сөз таптарына жалғанбайды, қай сөз таптарына жалғанады?
-
Бір аттас жалғаулар түбірге бірінен соң бірі жалғана ала ма? (септік- септік немесе жіктік-жіктік т.б.)
3-тапсырма. Сөздерді септеңіз
Мұнай
Алтын
Күміс
Жез
Көмір
Табиғи ресурстар
4-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз
Сіз кімнің әндерін тыңдайсыз? (қазақтың жас композиторы). Кімнің романын оқыдыңыз? (белгілі қазақ жазушысы). Кімнің мақаласын аудардыңыз? (белгілі қазақ жазушысы). Кімдердің көрмесі ашылды? (жас суретшілер). Кімнің өлеңдерін аудардыңыз (жас қазақ ақындары).
5-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіздің достарыңыз қайдан келді?
2. Сіздің ата-анаңыз қайдан келді?
3. Сіздің ағаңыз қайдан келді?
4. Сіз қайдан келесіз?
Берілген сөздер: Астана, көкшетау, жұмыс, саябақ, министірлік, жұмыс
Жіктік жалғау
Сөзге жіктік жалғауының жалғанып түрленуі сөздің жіктелуі деп аталады. Қазақ тілінде есімдер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік) де, етістіктер де жақ бойынша түрлене алады. Жіктік жалғаулары жақтык, мағына берумен қатар жекеше, көпше мағыналарды да бере алады. Қай сөз табы болса да, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарғанда жіктеледі.
Есімдердің болымсыз түрлері емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалады да, жіктік жалғау емес сөзіне жалғанып, I, ІІ-жақ жекеше, көпше түрде болады. ПІ жаққа жіктік жалғау жалғанбайды.
Жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөзге, тіпті жеке әріпке, сан есімдерге де жалғанады. Мысалы: Мен инженермін. Сен инженерсің. Бұл сенсің. Біз көппіз. Мен келдім. Сен келдің. Сен сұлусың. Ол – бес, сен алтысың.
Сөздерге жіктік жалғауы үш жақта, көпше, жекеше түрде жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.
Қазақ тілінде сөздер төрт топқа бөлініп жіктеледі.
Бірінші топтағы сөздердің жіктелуі отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері мен есімдер, үстеулер баяндауыш болып, жекеше де, көпше де жіктеледі.
Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің жіктелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |