Жамбыл облысы, Меркі ауданы №35 орта мектебінің психологы Абдраимова Гульзина Аманбаевна Отбасы-тәрбие ұясы



Дата04.07.2016
өлшемі98.43 Kb.
#178140
Жамбыл облысы, Меркі ауданы

35 орта мектебінің психологы



Абдраимова Гульзина Аманбаевна

Отбасы-тәрбие ұясы

Ата- ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланыбастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей баланың ыстық, суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл-ертеңгі - әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ол ертеңгі ана, ол шешесіне қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие берудегі басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы , демеуші ата-ана. Ал ата-ана балаға дұрыс тәрбие бере алып жатырмыз ба?.....

-Ой бөлісу мақсатында ортаға тренингке 10-15 ата-ана шақырамын.



2. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

«Танысу» тренингі – ата-аналар бір-біріне өз есімдерін, оның алдына бір сын есім қосып айтып танысулары керек. Мысалы: айдай сұлу Айсұлумын,

Құрметті ата-аналар! Мен сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрап дөңгелене тұрайық. Осы дөңгелек шеңберді шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз. Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз - көктегі жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды бір-бірімізге сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан да бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.


2. « Біз біргеміз!»  жаттығулар

Ассосация “Жанұя”

Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12.ҰБТ дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

13.Балаңыздың таңдаулы пәні не?

14.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

15.Сіздің балаңыз агрессивті ме?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

19.Соңғы ҰБТ барысында балаңыз неше ұпай жинады?

20.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

3 . Ситуациялық сұрақтар.

1-жағдаят

Егер үйде құмыраны абайсызда әкесі сындырып алса, онда үйге «бақыт» келді дейді, ал баласы сындырып алса, «олақсың» деп жазғырады (баланың қолын байлау)

Баласы киноға барамын, достарыммен қыдырамын десе, «бармайсың» дептыйым салады (аяғын байлау)

Теледидар көргім келеді, компьютерде ойнағым келеді десе, «балаларға көруге болмайды» деп шектеу қоямыз (көзін байлау)

Мені мектепке шақырып жатыр, сізге де келсін деген десе, «аузыңды жап» деп сөйлетпейміз (аузын байлау)


  • Қалай ойлайсыздар, бұл бала өзін қалай сезініп отыр?

  • Осы көріністі қорытындылайық, біз балаға осылай қол-аяғын байлап жатқан жоқпыз ба

Сынақ; Мына стол үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 7 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).

1.     Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

2.     Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылы ма?

3.     Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

4.     Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

5.     Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

6.      Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

7.     Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

8.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

4. Сабыр сақтай біліңіз .Әңгіме.

Жақында ғана мынадай бір хабарды көзім шалған.

Әкесі сыртқа шыққанда үш жасар ұлының қолындағы темір таяқшамен машинаның алдыңғы бөлігін шұқылап отырғанын көреді де, дереу ұлының қасына жетіп барып, темір таяқшаны тартып алған әке ашу үстінде ұлының қос қолынан ұра бастайды...

Сәлден соң жынданып барып, есін жиған кісідей ұлын құшақтап, емханаға жүгіреді.

Дәрігер сәбидің уатылып сынған саусақтарын қалпына келтіруге қанша тырысса да өнімі болмайды. Амалсыздан, қос қолын білезіктен кесіп тастауға тура келеді...

Бала операциядан оянған сәтте қатты ауырып тұрған шолақ білегіне қарап, көздеріне үрей толып: «Әке, кешіріңізші, машинаңызды бұзып қойғаным үшін кешіріңіз!» дейді жыламсырап, өкініштен сөйлеуге шамасы келмей қалған әкесіне. Сәлден соң тағы: «Әке! - дейді үмітпен, - менің саусақтарым енді қанша күннен соң өседі?...»

... Байғұс әке үйіне қайтқан соң өкініштен есін жимаған күйі өзіне қол жұмсаған.

Қандай бақытсыздық деші!  Ашу мен ыза үстінде бұл сорлы әке мұндай қасіретке жолығамын деп мүлде ойлаған жоқ қой.

Сабыр! Сабыр!

Сәбиіңіз алдындағы тамағын төгіп алғанда, олардың тынымсыз сәттерінде, тоқтаусыз жылаған кездерінде бұл әңгімені еске алыңыз.

Айналаңыздағы жаныңызға жақын адамдарға бола сабыр-тағатыңызды жоғалтудан бұрын, бір минут ойланыңыз.

Мал-мүлік қалпына келер. Тіпті сынған қол да. Бірақ, аяусыз соққы жеген бейшара көңіл ешқашан қалпына келмейді.

Қателіксіз адам баласы жоқ..  Бәріміз де солай.

Тек қана ашу мен ойсыздық, сабырсыздық адам баласын ғұмырының соңына дейін қинайды.

Әр іске кірісуден бұрын ойлан және сабырлы бол.

Қортындылай келе  айтқымыз келеді: Сабырлы болыңыздар! Сабырлылық – адам баласының ең асыл қасиетінің бірі. 

35 орта мектебі психологының «Отбасы-тәрбие ұясы» атты ата-аналарға жүргізген тренингінің ақпары

№ 35 орта мектебіндегі жалпы ата-аналар жиналысында отбасындағы тәрбиеге байланысты ата-аналармен тренинг жүргізілді.

Мақсаты: Отбасында ата-ананың балаға беріп жатқан тәрбиесі туралы ой бөлісу;Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

-Ата- ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланыбастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей баланың ыстық, суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл-ертеңгі - әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ол ертеңгі ана, ол шешесіне қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие берудегі басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы , демеуші ата-ана. Ал ата-ана балаға дұрыс тәрбие бере алып жатырмыз ба?.....

-Ой бөлісу мақсатында ортаға тренингке 10-15 ата-ана шақырылып, тренинг жаттығулары жүргізілді.

1.Амандасу

2. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

3.Сұрақтар.

4.Жағдаятты талдау.(Жаядаятты көсеру)

5.Жағдаяттық сұрақтар.

6. Сабыр сақтай біліңіз .Әңгіме.

7.Жақсы тілек

Ата-аналар тренинг соңында бір-біріне, жалпы мектепке, әр отбасына жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдірді және отбасында орын алатын кикілжің, қиындықтар болса көмек ретінде психологиялық жаднама таратылды.

Психолог: Абдраимова Г.

1.     Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

2.     Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

3.     Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

4.     Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

5.     Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

6.     Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?



7.     Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

8.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет