Жамбыл облысында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспар



бет1/4
Дата22.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#1944
  1   2   3   4


Жамбыл облысында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспар
1. Бағдарламаны іске асыру жоспарының паспорты



Атауы 

Жамбыл облысында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспар (ары қарай бағдарламаны іске асыру жоспары)


Әзірлеу үшін негіздеме   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.06.2012ж. №821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында

Бағдарламаны әзірлеуге және іске    асыруға жауапты мемлекеттік орган


Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (ары қарай – ҚЖК және АЖБ)

Мақсаты

Халықтың тұрғын үйге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi түрде шешу


Міндеттері

Толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын жасау;
тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру;
тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінің, оның ішінде тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын қолдау;
Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамыту


Іске асыру мерзімдері

2012 - 2020 жылдар


Нысаналы индикаторлар

2012 - 2020 жылдары – жалпы алаңы 2891,4 мың шаршы метр (ары қарай – мың шаршы метр) тұрғын үй салу, оның ішінде: 2012 жылы – 193,2 мың шаршы метр, 2013 жылы – 252,2 мың шаршы метр, 2014 жылы – 277,9 мың шаршы метр, 2015 жылы – 306,3 мың шаршы метр, 2016 жылы – 336,6 мың шаршы метр, 2017 жылы – 354,5 мың шаршы метр, 2018 жылы – 372,6 мың шаршы метр, 2019 жылы – 390,6 мың шаршы метр, 2020 жылы – 407,5 мың шаршы метр.


Қаржыландыру көздері және көлемі 

1. Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны құрайды:

88292,53 миллион теңге (ары қарай - млн. теңге), оның ішінде: 2012 жылы – 3960,03 млн. теңге, 2013 жылы – 5970,0 млн. теңге, 2014 жылы – 9490 млн. теңге, 2015 жылы – 10433,0 млн. теңге, 2016 жылы – 10895,5 млн. теңге, 2017 жылы – 11226,75 млн. теңге, 2018 жылы – 11620,5 млн. теңге, 2019 жылы – 12082,5 млн. теңге, 2020 жылы – 12614,25 млн. теңге, соның ішінде:







Бюджеттік кредит беру - 13944,5 млн. теңге, оның ішінде




тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға – 13944,5 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 512,0 млн. теңге, 2013 жылы – 800 млн. теңге, 2014 жылы – 800 млн. теңге, 2015 жылы – 1545,0 млн. теңге, 2016 жылы – 1732,5 млн. теңге, 2017 жылы – 1857,5 млн. теңге, 2018 жылы – 2045,0 млн. теңге, 2019 жылы – 2232,5 млн. теңге, 2020 жылы – 2420,0 млн. теңге;





Нысаналы трансферттер– 67545,3 млн.теңге, оның ішінде




әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 11371,4 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 891,4 млн. теңге, 2013 жылы – 1000,0 млн. теңге, 2014 жылы – 1000,0 млн. теңге, 2015 жылы – 1080,0 млн. теңге, 2016 жылы – 1267,5 млн. теңге, 2017 жылы – 1330,0 млн. теңге, 2018 жылы – 1455,0 млн. теңге, 2019 жылы – 1580,0 млн. теңге, 2020 жылы – 1767,5 млн. теңге;





жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға және оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуға – 9403,9 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 428,9 млн. теңге, 2013 жылы – 700,0 млн. теңге, 2014 жылы – 900,0 млн. теңге, 2015 жылы – 1000,0 млн. теңге, 2016 жылы – 1062,5 млн. теңге, 2017 жылы – 1187,5 млн. теңге, 2018 жылы – 1250,0 млн. теңге, 2019 жылы – 1375,0 млн. теңге, 2020 жылы – 1500,0 млн. теңге;





тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға – 46770,0 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 1770,0 млн. теңге, 2012 жылы – 3000,0 млн. теңге, 2014 - 2020 жылдары жыл сайын 6000,0 млн. теңгеден;





облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру – 6803,233 млн. теңге, оның ішінде:




әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 1137,1 млн. теңге, соның ішінде: 2012 жылы – 89,1 млн. теңге, 2013 жылы – 100,0 млн. теңге, 2014 жылы – 100,0 млн. теңге, 2015 жылы – 108,0 млн. теңге, 2016 жылы – 126,75 млн. теңге, 2017 жылы – 133,0 млн. теңге, 2018 жылы – 145,5 млн. теңге, 2019 жылы – 158,0 млн. теңге, 2020 жылы – 176,75 млн. теңге;





жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға және оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуға – 940,3 млн. теңге, соның ішінде: 2012 жылы – 42,8 млн. теңге, 2013 жылы – 70,0 млн. теңге, 2014 жылы – 90,0 млн. теңге, 2015 жылы – 100,0 млн. теңге, 2016 жылы – 106,25 млн. теңге, 2017 жылы – 118,75 млн. теңге, 2018 жылы – 125,0 млн. теңге, 2019 жылы – 137,5 млн. теңге, 2020 жылы – 150,0 млн. теңге;





тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға – 4725,833 млн. теңге, соның ішінде: 2012 жылы – 225,833 млн. теңге, 2013 жылы – 300,0 млн. теңге, 2014 - 2020 жылдары жыл сайын 600 млн. теңгеден;




Тұрғын үй салу үшін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ-тың кредиттік қаражатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану көзделіп отыр: 2013 жылы – 609 млн. теңге. Одан кейінгі жылдары ұсынылған жобалардың қаралуына және дәйектелуіне қарай қаражат бөлінетін болады.
Бағдарламаны 2012 – 2020 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері шеңберінде нақтыланатын болады.


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

ҚТҮШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;

«ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы;

«Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы;

ЖТҚ – жеке тұрғын үй құрылысы;

ҚР ҚНжЕ – Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және ережелері;

ТҚК – тұрғын үй құрылысы кооперативтері;

құрылыс салушы – тұрғын үй салуды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен жер учаскесі берілген заңды тұлға.


2. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында азаматтарды, бірінші кезекте жас отбасыларын кейіннен сатып алу құқығымен ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жалға берілетін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті алға қойылды.

Жамбыл облысында 2012-2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру жоспары табыс деңгейі әртүрлі азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруды көздейтін әлеуметтік бағытта.

Бағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар белгіленген: ҚТҚЖБ арқылы сатылатын тұрғын үй құрылысы, кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, «ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, жеке тұрғын үй құрылысы, оның ішінде ҚТҚЖБ арқылы кредиттеу жолымен, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы.


3. Ағымдағы жағдайды талдау
2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында Жамбыл облысы бойынша жалпы алаңы 589,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, оның ішінде жалпы алаңы 100,3 мың шаршы метр болатын 23 көп қабатты тұрғын үй. Оған 2726,4 млн.теңге бөлінді және игерілді.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 3 140,2 млн. теңге бөлініп, игерілді, 157,5 шақырым инженерлік желілер салынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен жер учаскелерін бөлудің жеңілдетілген тәртібін қарастыратын жер учаскелеріне жеке тұрғын үй салуға құқық беру Ережелері бекітілді.

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жамбыл облысы бойынша 21848 учаске бөлінді. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдіктері жер бөлуді елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес жүзеге асыруда.

2008-2010 жылдары Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша жалпы алаңы 691,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, оның ішінде жалпы алаңы 65,1 мың шаршы метр болатын 17 көпқабатты тұрғын үй.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 3 788,5 млн. теңге бөлініп, игерілді, 189,4 шақырым инженерлік желілер салынды.

2011 жылы құрылысы республикалық бюджеттің кредиттік қаражаттары есебінен жүргізілетін және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатылатын тұрғын үйлер үшін жергілікті атқарушы органдарға 512 млн. теңге бөлінді, 5,4 мың шаршы метр немесе 64 пәтер пайдалануға берілді.

Облыс бойынша кезекте тұрған адамдар үшін тұрғын үй құрылысын жүргізуге 2011 жылы 651,1 млн. теңге бөлінді. Жалпы алаңы 8,7 мың шаршы метр болатын жалға берілетін пәтерлер пайдалануға берілді (140 пәтер).

Тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аудандардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 1 млрд. теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлінді. Нәтижесінде облыс бойынша 52,5 шақырым инженерлік желілер салынды.

1 м2 тұрғын үй құнына талдау
Статистикалық мәліметтер бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлердегі 1 шаршы метр пайдалы ауданның орташа нақты құны 1,16 сейсмикалық коэффициентті ескергенде 2010 жылы 65,557 мың теңгені құраса, 2011 жылы 81,200 мың теңгені құрады, өсім 23,8 %.


4. Жамбыл облысында «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары

және іске асыру жоспары нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламаны іске асыру жоспарының мақсаты
Бағдарламаны іске асыру жоспарының негізгі мақсаты халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу.

Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы саласын серпінді дамытуға нақты алғышарттар бар. Ол үшін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі төмендегі қолданыстағы және жаңа негізгі бағыттарды мемлекеттік қолдауды жалғастыру қажет:

Жамбылской облысы тұрғындарының саны
Жамбыл облысы 1049,800 мың адам

1) Тараз қаласы 326,622 мың адам

2) Байзақ ауданы 89,446 мың адам

3) Жамбыл ауданы 87,777 мың адам

4) Жуалы ауданы 51,957 мың адам

5) Қордай ауданы 129,253 мың адам

6) Т.Рысқұлов атындағы аудан 64,440 мың адам

7) Меркі ауданы 79,004 мың адам

8) Мойынқұм ауданы 32,009 мың адам

9) Сарысу ауданы 42,150 мың адам

10) Талас ауданы 51,511 мың адам

11) Шу ауданы 95,990 мың адам


1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жекеменшік тұрғын үй қорынан әкімдіктер жалға алып отырған тұрғын үйлерге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға арналған тұрғын үй (ары қарай – кезектегілерге арналған тұрғын үй).

2. ҚРТЖБ жүйесі бойынша тұрғын үйлер:

1) халықтың барлық санаттағы үшін;

2) жас отбасылары үшін.

3. «ҚИК» АҚ тұрғын үйлері.

4. ЖТҚ.


5. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы.

6. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй құрылысы.

Тұтастай алғанда, 2020 жылға дейін 2273,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Бағдарламаны іске асыру жоспарының міндеттері
1. Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй нарығын жасау.

2. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген азаматтардың санаттарын, сондай-ақ жас отбасыларын және халықтың қалың жігін тұрғын үй құрылыс жинақтары желісі және «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» АҚ бойынша жайлылығы 3 және 4 сыныпты, оның ішінде аз қабатты бағасы қолжетімді, энергия тиімділін және экологиялық талаптарына жауап беретін тұрғын үй салу жолымен тұрғын үймен қамтамасыз ету.

3. Жаппай тұрғын үй салу мақсатында, ең алдымен экономикалық сынып үшін аумақты кешенді игеру және құрылыс салынған аумақты дамыту.

4. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру.

5. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

6. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

7. Азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінің, оның ішінде тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын қолдау.

8. Энергия үнемдеу және экология талаптарына сәйкес келетін қазіргі заманғы жаңа технологиялар енгізу, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісін ұлғайту, тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру жолымен Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамыту.



Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері





Өлшем бірлігі

Жауапты мемлекеттік орган

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй салу

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ

193,2

252,2

277,9

306,3

336,6

354,5

372,6

390,6

407,5

Әкімдікте кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ

7,5

7,5

10,7

10,7

11,3

11,4

11,7

12,0

12,3

ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ

5,7

8,9

8,9

16,3

16,5

16,9

17,2

17,4

17,5

Жас отбасылар үшін тұрғын үй

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ




6,9

7,0

8,4

8,5

8,8

8,9

9,1

9,3

«ҚИК» АҚ Қорының тұрғын үйі – сатып алу құқығымен жалдау

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ







12,6

13,3

27,8

29,2

30,7

32,2

33,9

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының жалға беретін тұрғын үйі («Таразспецтехбаза» ЖШС)

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ



5,0























ЖТҚ*

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ

180,0

221,4

236,2

254,6

269,0

284,7

300,6

315,9

330,5

Коммерциялық тұрғын үй**

мың шаршы метр

ҚЖКжәне АЖБ




2,5

2,5

3,0

3,5

3,5

3,5

4,0

4,0

Ескерту: *2012 жылдың жоспарымен салыстарғанда тұрғын үйді іске қосу өсімі 2,1 есені құрайды;

**аймақта коммерциялық тұрғын үйге сұраныс болмауына байланысты жоспар тұтыну алаңының көлеміне дейін азайтылды.


5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Бағдарламаны іске асыру жобасы шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделіп отыр:

1. Әкімдікте кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу.

2. ҚТҚЖБ желісі бойынша:

1) халықтың барлық санаттары үшін;

2) жас отбасылар үшін тұрғын үй салу.

3. «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үй салуы.

4. ЖТҚ.


5. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

6. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үй салуы.


Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй
Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар үшін жергілікті бюджет есебінен коммуналдық үйлер (пәтерлер) және республикалық бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік жалға берілетін үйлерді (пәтерлерді) жобалау және жыл сайын салу және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу көзделеді.

Ұлы Отан соғысына қатысуылар мен ардагерлерге – кезектен тыс


Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына – 11 санат
Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге
Жалғыз тұрғын үйі апатты деп табылған азаматтарға
Тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы

Бюджет қаражаты есебінен тек жайлылығы 4-сыныпты жалға берілетін тұрғын үйлерді жобалау және салу жүргізілетін болады.

Жайлылығы 4-сыныпты мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны 92,8 мың теңгеден артық болмайды (инженерлік желілердің құнын есептемегенде). Мұндай тұрғын үйлер қажеттілігіне қарай облыс аудандары мен қалаларында салынатын болады.

Жергілікті бюджет есебінен коммуналдық үйлер (пәтерлер) және республикалық бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік жалға берілетін үйлердің (пәтерлердің) құрылысына 12 508,5 млн.теңге бөлу жоспарлануда (№1-1 қосымша).

Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 11 371,4 млн. теңге (№ 1-2 қосымша), жергілікті бюджеттен 1 137,1 млн.теңге (№1-3 қосымша).

Жыл сайын облыста орта есеппен 10,6 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарлануда, оның ішінде: 2013 жылы – 7,5 мың шаршы метр; 2014 жылы – 10,7 мың шаршы метр; 2015 жылы - 10,7 мың шаршы метр (№1-4 қосымша).

2020 жылға қарай барлығы 95,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады, осы мақсатқа 12 508,5 млн.теңге жұмсау жоспарлануда.

Орта есеппен жыл сайын 158 пәтер салынады. Нәтижесінде 1 425 –ке жуық отбасы пәтерлер сатып алады.

Тұтастай алғанда облыс бойынша жалға берілетін пәтер кезегінде 6545 адам кезекте тұр. Осы мәселені шешу үшін біз бұдан бұрын әзірленген 70 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жеке жобасын қолдандық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрылыс істері және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық агенттігі әзірлеген бір пәтерлік 1 қабатты тұрғын үйлердің және 40, 60, 100 пәтерлік (5 қабатты) типтік жобалар қолданылатын болады.
ҚТҚЖБ желісі бойынша кредиттік тұрғын үй
Осы бағыттың шеңберінде жайлылығы 3-сыныпты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Жайлылығы 3-сыныпты сейсмикалылығы ескерілген әрленген дайын тұрғын үйді 1 (бір) шаршы метрін сату құны 104,4 (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) теңгені құрайды.

Құрылыстың түпкілікті құны тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде анықталатын болады.

Құрылыстың белгіленген құнынан 1 шаршы метр асып кеткен кезде:



  • жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру;

  • жайлылығы 4-сыныпты тұрғын үй салу мүмкіндігі қарастырылады, оның 1 шаршы метрінің құны (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) төмен болады - 92,8 мың теңге шегінде.

Бюджетік заңнамаға сәйкес жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сай 1 шаршы метр құрылыстың құнын индексациялау көзделіп отыр.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізілген жер учаскелері бөлінетін болады.

Бұл схема халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттырады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне әлеуетті клиенттерді көбірек тартуға күш салынатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алу шарттары БАҚ және телеарна арқылы кеңінен жарияланады.

ҚТҚЖБ мәліметтері бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарына осындай тұрғын үйлерді сатып алу үшін 90 салымшы ниет білдірген.

Жыл сайын облыста орташа 13,9 мың м2 тұрғын үй құрылысы жоспарлануда, оның ішінде: 2013 - 2014 жылдары – 8,9 мың м2; 2015 жылы - 16,3 мың м2.

Осы бағытта тұрғын үйлер салу Тараз қаласында іске асырылатын болады, себебі үй сатып алуға ниетті салымшылардың негізгі пулы Тараз қаласында. Ал облыстың басқа аймақтарында халықтың төлем қабілетінің төмендігіне байланысты осындай тұрғын үйлерді сатып алушылар пулы жоқ.

2020 жылға қарай Бағдарламаны іске асыру жоспары шеңберінде 125,3 мың м2 тұрғын үй (№2-2 қосымша) салу көзделген, осы мақсатқа 13944,5 млн.теңге (№2-1 қосымша) жұмсау жоспарланған. Жыл сайын орта есеппен 208 пәтер салынатын болады.

Бағдарламаны іске асыру жоспарының нәтижесінде 1 884-ке жуық отбасы пәтер сатып алады. Бағдарламаның осы бағытын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Құрылыс істері және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық агенттігі әзірлеген бір пәтерлік 1 қабатты тұрғын үйлердің және 40, 60, 100 пәтерлік (5 қабатты) типтік жобалар қолданылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет