Жанысбай С. Арқаның омырауында алқасындай / Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан. – 2003. – 14 тамыз. –



жүктеу 130.97 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі130.97 Kb.
Жанысбай С.

Арқаның омырауында алқасындай / Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан. – 2003. – 14 тамыз. – (Сарыарқа – табиғат достарының клубы).
ҚАРТ БАЛҚАШТЫҢ КҮРСІНІСІ

Балқаштың жағасындағы мыс алыбы көп жылдан бері қаланы «Ішкізіп-жегізіп», оның инфрақұрылымының дамуына жағдай жасап келеді. Тағы бір айқын нәрсе бар. Ол — осы уақыт ішінде комбинаттың айналадағы ортаны ластандырып келе жатқандығы. БКМК-ның «шабуылы» кейінгі кезде тіпті қатты сезіле бастады. Қаладағы экологиялық жағдайдың қиындауына байланысты жас нәрестелердің өлі тууы жиілеп кетті. Жас шарана оттегінің жетімсіздігінен анасының жатырында тұншығып қалады. ТіптІ 1999 жылмен салыстырғанда мұндай оқиға саны арта түсіп, 24-ке жетті. Балқаштың медицинасы болса, қаржы тапшылығын көріп отыр. Оған корпорацияның көмек көрсетіп, жаңа жабдықтар сатып әперетіндігіне ел сенімді. Басқа кәсіпорындардан қолдау күту қиын. Дәрігерлердің дерегіне қарағанда балқаштықтардың орта жасы 50 жасқа төмендеген, ал ол 1996 жылы 58 болтан еді. Балалардың шетінеуі жоғары, дарігерлер кеміс болып туатын балалар санының артқанын көрсетіп отыр. Бүкіл әлемде «сиам егіздері» өте сирек болатындығына қарамастан кейінгі он жыл ішінде Балқашта екі баланың жабысып тууы екі рет кездескен. Дауна науқасы өршіп барады, ал тыныс жолдары ауруы балалардың арасында ғана емес, үлкендерде де жиі кездесіп отыр, тіпті кейде ол онкологиялық науқасқа ұласып кетеді. Жас өмірдің қиылуына көбіне туберкулез себепші болуда. Бұл науқастың әлеуметтік тамыры тереңде болғанымен оған экологияның әсерін есептен шығарып тастауға болмайды. Тек 2000 жылғы дерекке қарағанда Балқашта 14 жасқа дейінгі балалардың 75%-ы, жасөспірімдердің 78%-ы, ересек тұрғындардың 63,9%-ы әр түрлі науқастарға ұшыраған. Тұтастай қала бойынша алғанда 1998 жылмен салыстырғанда 2000 жылы науқастану саны 1,1 есеге өскен. Онкологиялық аурулармен науқастану көрсеткіші 1,03 есеге артқан (100 мың адамға шаққанда 1999 жылы — 987,9, 2000 жылы — 1021,4). Тек 2001 жылдың 4 айының ішінде ғана 856 онкологиялық науқас тіркелген болса, оның ішінде 8 адам лейкемия.
16 орта мектептің директоры, облыстық Маслихаттың депутаты Хамар АДАМБЕКОВА былай деді:

— Есіме енді түсіп отыр, сонау кеңестік кезеңде комбинат басшылығы шығарылатын газдың көлемін ұлғайта түсуге қала депутаттарынан рұқсат сұрап жалынған. Ол кезде ауаға тарайтын газ көлемі жылына 200-210 мың тоннаға тең болатын. Халық қалаулылары өз атақ-абыройын сақтап, бұған келіспеген еді. Ал қалалық мәслихаттың қазіргі депутаттары ше? Сол көлем қазір үш есеге жуық ұлғайып отыр. Соған сәйкес экологияның елеулі дәреже­де құлдырауына әкеліп соғуына таң қалуға болмайды.

Мәселен, 16 сәуір күні ауаға шығатын газдың нормасы көбейіп кеткен. Сол күні біздің мектептің 35 оқушысы қолайсыздық сезініп, бастарының айнал-ғанын айтты. Сегіз баланы үйлеріне және емханаға жіберуге мәжбүр бол-дым. Мектепке СЭС қызметкерлерін шақырған едім, олар келіп өзіме түсініктеме жазуды талап етті. Кейіннен осы мәселе туралы прокуратура өкілі келіп кетті. Ауадағы газ құрамының көптігінен дене шынықтыру және еңбек сабақтарын далада өткізуге мүмкіндік жоқ.

Комбинат экологияға ерекше назар аударуы қажет. Әзірше ауаға тарайтын зиянды қоспалар аса ауқымды — жылына 5 мың тонна. Сондықтан да таби­гат қорғау шараларына арналған объектілерді бірінші кезекте іске қосуды қолға алатын уақыт жетті. Әлі күнге дейін шенеуніктердің кабинеттерінде қала тұрғындарының, оның ішінде БКМК басшылығының «экологиялық» қаржыны (жоспарлы шығарылатын зиянды заттар үшін) сол жерде, халықтың газбен тыныстайтын жерінде қалдыруды талап еткен дабылын құлағына ілген жоқ. Мысалы, өткен жылы 50 млн. теңгеден бір тиын да қалаға оралған жоқ, олар астана мен облыста қалып қойды. Балқаш комбинаты қала өмірінде жетекші орын алатындықтан және өндірістік өнімнің басым көпшілігі солардікі болғандықтан (түсті металл өңдеуші заводпен қоса алғанда оның жалпы өнім көлеміндегі үлесі 97 пайызды құрайды) қалалық бюджетке қосар үлесінің мол болатындығына сенгіміз келеді.


БАЛҚАШТА Қ¥С ҚАЛҒАН ЖОҚ

2001 жылдың наурыз айының аяғына қарай Балқашта өлген құстар көбейіп кетті. Әуелі олар қалалық паркте кездескен еді, кейіннен аулалардан, қоқыс салынған жәшіктердің жанынан табылды. Осыдан соң дереу қауырсынды-лардың неден қырыла бастағанын анықтау мақсатында Балқашта қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құстардың неден өлгенін алынған деректер бойынша анықтай алмайтындығын ресми түрде мәлімдеді. Белгісіз бір этнологиялық жағдайлар себеп болған. Облыстық СЭС-тің құстар аштықтан қырылған деген уәжі көңілге қонымсыз. Ал қырылған құстар Балқаш кен-металлургия комбинатының қалдық жинайтын орнының маңында аса көп болған. Бұл құстардың неден өлгені туралы халық аузындағы сөзге негіз болды: құстар БКМК шығарып тастаған қалдықтар құрамындағы мышьяктан уланған. Шын мәнінде комбинат қалдығында мышьяк та, күкіртті ангидрид те, ауыр металдар да бар. Бірақ арнайы комиссия мәлімдегендей бәрі де нормадағыдай болып шықты. Ал Балқаштың экологиясында қолайсыз бірдеңе бар екендігіне дау жоқ. Соған қарағанда өндірістік ластандыру көлемін, зиянды заттардың санын айта бергенше оны болдырмаудың жолын қарастыратын уақыт жетті. Сол, құстар өле бастаған кезде, қала тұрғындары ауада қолайсыз иіс барлығын сезінген. Сол күндері Балқаш қымбат металдар заводының мұржасынан әдеттен тыс сұрғылт-кекшіл түтін шығып жатқанын байқаған. Бірақ БКМК-ға «өендірістік төргеу» жүргізген қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімі құстардың өлімін анықтау бойынша атқарған жұмыстары туралы ресми актіде: «Атмосфераға авариялық және жаппай зиянды зат таратудың, Балқаш көліне ағынды жіберудің және пайдаланылған зиянды қалдықтарды сақтаудың фактілері анықталған жоқ» деп жазылған.


КӨЛДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бұл саланың жаратылысқа қарсы өз мүдделеріне сай, экология заңдарын көздеріне ілмей, өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін және ешқандай жариясыз біздің өзендеріміз бен көлдеріміздің биологиялық реңіне өзгерту енгізу қолайсыз жағдай, әрі оны қайта түзету мүмкін болмай отыр. Бұл мәселеде республика балық шаруашылығына басқа салаларға қарағанда «табиғатты түрлендірудің» әсері көбірек тиіп отыр. Мұнда 1929 жылдың күзінен бастап «нағыз кәсіпшілікке пайдалануға» бетбұрыс жасалғаны, басқа көлдердің балықтарын жіберу (акклиматизация) және оның ихтио-фаунасына биология-лық қайта құру жүргізу жөніндегі ұсыныстар болған. Бұл саланың өкілдері Балқаштың биологиялық реңін «кедей» деп, ал ең сирек, түбегейлі түрлерін «арзан бағалы» тұқымдарға жатқызды. Шын мәнінде негізгі жергілікті ихтио-фаунаға жататын алты түрі болса, оның ішінде үш түрі — Балқаш алабұғасы, Балқаш ақбалығы және біртүсті жайы-науызы Балқаштың эндемикалық түріне жатады. Аудандастырылған түрлері 1903-1905 жылдары Алматы түбіндегі бөгендерден кездейсоқ ауысқан сазан балығы мен 1927 жылы Ертістен әкелінген Сібірдің ұсақ тұқым балығы болды. Міне осы «кедей» ихтио-фаунадағы сазан, көксерке және ақбалық ауланып, 1932 жылы — 154 мың ц., 1933 жылы —157 мың ц., ал 1939 -1941 жылдары 166 - 186 мың ц. балық алынған. Бұған қоса әрбір аудандастырылған фауна Балқашты өзінің қансорғыштары-мен және әртүрлі ауруларымен «байыта» түсті. Мәселен 1957 -1958 жылдары көлге жіберілген көксерке Балқаштық ақбалықты жеп қойғандықтан, енді оған тамақ үшін торта шабақтар жіберген. 1960 жылға дейін Іле ақба-лығы, ал 1970 жылға дейін Балқаш ақбалығы жоғалып, сазанның аулану деңгейі төмендеп кетті. Бүл дегеніңіз басқа тоғандардың биологиялық ресурстарын пайдалана отырып Балқаштың жергілікті балықтарына қарсы «күрес ашқан» болып шығады. Қазіргі қалыптасып отыр-ған жағдайда Балқаш бассейнінің бұрынғы және болашақтағы балық шаруа-шылығының қызметін жан-жақты талқылау қажет. Жұртшылық аудандас-тыру туралы барлық шындықты және оның табиғат пен адам үшін әкелген зардаптарын, кәсіпорындар мен олардың салаларының айналадағы ортаны ластандыруы, Іле өзенінің сағасындағы балық шаруашылығы және мелиора­ция тағы басқа да проблемалық мәселелер туралы барлық шындықты білуге тиіс.

Іле өзенінің келге құйылуын реттеудің салдарынан кейінгі 13 жыл ішінде Балқаш көлінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,0-341,5 м белгіден төмендеп бара жатыр. Сондықтан да қазіргі кезде мына мәселелер күн тәртібіне қойылуы қажет:

— Іле өзенінің сағасында табиғи гидрологиялық ағыс режімін қалпына келтіру;

— өзендер мен көлді ауыл шаруашылығы химикаттарымен және өнер-кәсіптің, әскери бөлімдердің қалдықтарымен ластандыруды тоқтатып, оның минералдануына бақылау жасау қажет;

— сазан балықтың санын қалпына келтіру;

— су деңгейін негізгі белгіден (341,0 м. БС) төмендетпеу.

Бұл мәселелердің барлығын да шешуге болады, тек Қытай жағы Іле өзенінің суын бұрып алып жүрмесе болғаны. Қазірдің өзінде халықтың көп-шілік бөлігі тұратын, ірі-ірі өнеркәсіптік және әскери объектілер орналасқан солтүстік және батыс жағалауда ауыз су мәселесі қиындал бара жатыр. То-қырауын өзенінен келетін жер асты су қоры 10 - 15 жылдан соң таусылуы мүмкін, ал басқа тұщы ауыз су жақын маңайда жоқ. Суды алыстан тасымал-дау қаржы мәселесімен тікелей байланысты. Қазіргі күні Саяқ поселкесіне су берудің өзі (150 км) қымбатқа түсіп отырғаны белгілі. Міне, осылардың бар-лығын Балқаштың экологиялық мәселесінен бөліп қарауға болмайды, бұл міндеттерді кешенді түрде қарастырып, шешкен дұрыс. Осы мәселелерді шешу үшін бұрын «Ұзынарал бөгенін» салу ұсынылған болатын. Бірақ ол тек жартылай ғана пайдалы болып шықты. Өйткені Шығыс Балқаштың мүлде құрып кетуіне әкеп соғып, экологиялық жағдайды қиындата түседі екен. Сон-дықтан да бұл бөгенді Шауқар бұғазына көшіру ұсынылады. Сонда көлдің қалыпты экологиялық жағдайы сақталып, тоғанның екі жағынан да балық аулау көлемі ұлғаятындықтан экономикалық өтемақы алуға болады. Өйткені көлдің барлық акваториінің 13 пайызы бар Кентүбек айдынының су деңгейін плотина арқылы немесе Шауқар түбегі арқылы салынған еркін ағатын канал арқылы реттеу оңайға түседі. Келешекте осындай каналмен Төлепшапқан және Ақтас иірім бұғаздарын жасанды иіріммен қосып, Кентүбекте балықтардың уылдырық шашуы үшін және май-да шабақтардың еркін өсуі үшін айдын жасау қажет.

А.Тихомировтың есебіне қарағанда «көлдің шығыс бөлігіндегі 1,0 текше/км су көлемінен жылына 5,5-6,0 млн. тонна тұз алуға болады, бұл Қапшағайдың жылдық өткізгіштігінің аралас тиімділігімен тең деген сөз». Желдің әсерінен Кентүбек айдынының тұзды су массасы 5,6-5,9 г/л жетіп отыр. Бұл жердегі минералданудың төмендеуі басқа айдындардағы минералдану деңгейін төмендетуге әкеліп соғады, өйткені олардың арқайсысына енді шығыстан минералы аз су келіп қосылатын болады. Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін мынадай көптеген актуалды мәселелерді шешу қажет:

— тоған акваториінің 87 %-ы тұщы су болатындықтан көлдің экологиялық мәселесіне қолайлы әсер етеді де, көптеген экологиялық мәселелер өзінен-өзі шешіледі;

— Балқаш қаласы мен көл жағасына орналасқан басқа да елді мекендер тұщы сумен арқашанда қамтамасыз етіледі;

— көлдегі өзін-өзі тазалау процесі жеделдейді де, ластандырушылардың жинақталуына тосқауыл болады;

— балықтардың азықтық базасы елеулі дәрежеде ұлғая түседі де, оларды аулау қоры жылына 30 - 35 мың тоннаға дейін артады;

— егер КНР Іле өзенінен су алудың көлемін ұлғайта түсетін болса, онда осында салуды ұсынып отырған қондырғы көлдің кезекті құлдырауынан қорғап, осы қалпында сақтауға жағдай жасайды.


БҰЛ НАҒЫЗ АПАТ

Жартысы тұщы, жарты бөлегі тұзды болып келетін бірегей Балқаш көлі күрт тайыздап барады. Енді тұзды су көлемі арта бастады — оған көлге өнеркәсіптік қалдықтардың қосылуы ықпал етуде. Қазір қазақстандық эко-логтар дабыл қағуда. Балқаш көлі тартылып қалған Арал көлінің тағдырын бастан кешуі мүмкін. Кейінгі кездері ондағы судың деңгейі екі метрге төмен-деп кеткен. Экологтар болса көлдің бұрынғы қалпына келетіндігіне кү-мәнмен қарайды. Сондықтан да көлді бүгінгі деңгейде ұстап тұру керек. Көлдің тайыздануы климаттың өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Қазірдің өзінде Балқаш маңындағы көптеген құстар мен жануарлар жоғалып кетті. Олардың барлығы бірдей қолайсыз жағдайға көндіге алмады. Егер Арал тағдыры қайталанатын болса, онда Қазақстан бұл проблеманы өз бетімен шеше алмайды. Бүгінгі күні Балқашқа құятын өзендерден су өте көп алынады. Қажетті судың көлге дейін тек жартысы ғана жетеді. Бір кездері Балқаш көліндегі қамыс арасында жолбарыс болған екен. Ол Бенгал түрімен ұқсас болған деген тұжырым айтылады. Жоғалып кеткен бұл тұқым қазір зоопарктерде де жоқ. Үкімет апаттың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындығы на экологтардың сенімі мол.


АРАЛДЫҢ КЕБІН КИЕ МЕ!

Ағынсыз көне көл тайызданып барады. Жұмыс тобына қатысушылар — экологтар, экономистер, географтар мен Парламент депутаттары барлық мәселелерді бір жерге жинақтауға тырысуда. Өйткені оларды шешпейінше Балқаш ерте ме, кеш пе Аралдың кебін киеді.

«Біз үшін ең бастысы — бассейн принципі бойынша қамтып, барлық эко-номикалық тетіктерді толық іске қосу мүмкіндігін қарастыру болып табылады.

Бұрын ТМД аумағында пайдаланылмаған жаңа жүйе жасалу үстінде», — дейді эколог Мұрат Мұсатаев.

Балқаштың ең бірінші қатері — көлдің суы аумағының кішірейіп бара жатқандығы. Барлық осында құятын өзендердің су көлемінің 70%-ын Іле береді. Бірақ бұл өзеннің сағасына бірнеше су соратын қуыс резеңкелер қойылған, оған қоса судың көпшілігі құм арасында жоғалады. Егер су бетінің көлемі қысқарып, су мен батпақта өсетін өсімдіктер азайып кетсе, онда балық қоры да сирейді. Балықшылардың техникалық жарағы жақсара түсуде, ал балық аулау көлемі жыл сайын әзайып барады. Негізі балықшылардың ауына сазан емес, ақ амур балығы да емес, ұсақ табандар ғана ілігуде.

Жыл сайын Балқаш жағалауындағы реликті өсімдіктер — тоғайлы ормандар күйіп кетіп жатыр. Ол үшін ешкім де жауап беріп жатқан жоқ. Браконьерлердің қабандар мен қарақұйрықтарды жүйелі түрде құртуы өте сирек оқиға емес. Таяу уақыттың ішінде бұйра бірқазандар тобының құрып кетуіне қауіп төнеді.

КР Парламентінің депутаты Тито Сыздықовтың айтуына қарағанда тағы бір көңіл бөлетін мәселе — судың қосалқы қорын толықтыру, Іле өзенін тазарту. Ол үшін елеулі қаражат керек. Қазір бюджеттің жиналуы жаман емес, осы мүмкіндікті де пайдаланып қалу қажет. Көлдің маңын айнала қоныстанған ел қазір қиындықты көптеп бастарынан өткізуде. Оған шыдамағандары қалаға қарай көшуде. Балқашты тұрақты сақтап қалудың заң негізінде бағдарлама-сын жасаушылар оны өздерінің басты мақсаты деп санайды.

Балқаштық депутаттар Приозерск Мәслихаты депутаттарының көл туралы мәселені Парламент пен Үкімет деңгейіне дейін көтеру қажеттігі туралы шешімін қолдайды. Онда Арқа жеріндегі көне көлдің аумақтық қожасы біреу-ақ болуы, экологиялық мәселелерді шешу, бірегей көлдің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау туралы жайлар атап өтілген. Мүмкін Балқаш туралы Заң керек болар, Ресейде Байкал туралы Заң бар ғой. 1987 жылы көлдің деңгейі ең төменгі белгіге жетті. Осы уақыт ішінде акватории ауданы 21,5 пайызға қысқарып, су көлемі 31,6 пайызға азайған. Оған Қапшағай ГРЭС-інің салынуы және Іле, Лепсі, Қаратал және басқа өзендердің суын бұрып, су қоймаларын салу себеп болған. Көл де басқа тірі организм сияқты өзін-өзі реттеп отыра алады, өткен жылы Балқаштың суы ең төменгі белгіден аздап жоғарылау болды. Су айдынының көлемі 7 пайызға ұлғайған.

Сол сияқты құрғақтағы жан-жануарларға да елеулі нұқсан келтірілген. Бір кезде көлдің бетін жауып жататын құс базары сиреген. Аққу, қызғылт бірқа-зандар, қаздар мүлде көрінбейді. Ондатрларды қарақшылықпен аулау сал-дарынан бір кезде 1,2 млн. болған ондатрлардан қазір 50 мыңдай ғана қалған. Қазақстан бойынша аса сирек және құрып бара жатқан құстардың 87 түрі «Қызыл кітапқа» жазылған болса, оның ішінде 47 түрі Балқаш жағалауында. Көл маңындағы жасыл белдеу де сиреп барады: сексеуіл отынға жағылып жа­тыр, камыс өртенуде, Тораңғы тоғайы да өсімін тоқтатқан. Бір кезде болған ағаштар мен бұталарды, оның ішінде жеміс беретін бұталарды өсіру жөніндегі питомник — Балқаш тәжірибе алқабы мүлде жабылған. Қала ішіндегі, көл жағасындағы күнге қыздырынатын, аз да болса қолайлы, халық жиі келетін жағажайлар жоқ. Тағы бір айта кететін мәселе бар. Ол — бұрын жаз айларын-да онсыз көзге елестету қиын желкенді қайықтардың мүлде ғайып болуы. Жағалаудың өзі көзге қораш, қараған кезде көңіл толмайды.
МАҚСАТ КӨП. БІРАҚ...

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы күкіртті ангидридті бейтараптандыратын кешеннің құрылысын салуды бастады. Объектінің сметалық құны 4 млрд. 396 млн. теңге. Бірегей қондырғы зиянды заттарды шығаруды 595 мың тоннадан 35 мың тоннаға дейін азайтады. Құрылыс кезең-кезеңмен салынады. Өткен екі жыл ішінде 1,5 млрд, теңгеге жуык игерілді. Бірақ негізгі бағыттар бойынша артта қалу байқалады. Мәселен, су тазалау объектісін дайындап, оны монтаждау жұмысына әлі кіріскен жоқ. Объектіні дер кезінде бітіріп, уақытымен пайдалануға бере алмайтын шығар деген қауіп бар. Бұл жерде айта кететін бір мәселе — қолайсыз күндері атмосферадағы тотығу концентрациясы ұлгайып кетеді. Сол уақытта комбинат ластану деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруы қажет. Бірақ ол кейінгі жылдары орындалмайды, өйткені қалада ауа райын зерттейтін бюро жұмыс істемейді. Сол сияқты су жинақтайтын жүйенің тозығы жетіп тұрғандығына да назар аудару қажет. Іс жүзінде қалалық коллектор мен насос станциясы резервсіз қызмет істеуде. Осы мәселелердің барлығын жүзеге асыру үшін корпорация­ның көмегі қажет-ақ. Сол сияқты Балқашты көгалдандырудың да маңызы зор. Бұл жерде БКМК суаратын сумен қамтамасыз етуді өз мойнына алғаны дұрыс.


Балқаш көлі

Балқаш көлі — Қазақстандағы Каспий мен Аралдан кейінгі үшінші ағынсыз ірі айдын болып табылады. Оның орташа тереңдігі — 6, ең терең жері — 26 метр. Айна көлдің беті 18 мың шаршы километрді алып жатыр. Жиналған су көлемі 413 мың шаршы километр. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Лепсі өзендері құяды. Кейде қатты тасыған жылдары Аягөз өзені де Балқашқа жетеді. Іс жүзінде көктем-күз айларында жыл сайын оның 12-ден өне бойынан 200 мың текше километрге дейін буланады. Көлден жыл сайын 8-10 мын тонна балық ауланады. Тоғайларында «Қызыл кітапқа» енгізілген 20 құс түрі ұя салады.


Балқаш қаласы

Халқы — 74,6 мың адам.

Экономикалық белсенді тұргыңдар саны — 35 мың.

Экономиканың нақты секторында 254 кәсіпорын есепте тұр, оның ішінде: кен өндіруші — 5, өңдеуші — 19, құрылыс салушы — 10, сауда, автомобиль жөндеу, тұрмыста қолданылатын бұйымдар шығару жөніндсгі — 18 кәсіп-орын бар.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар:

Балқаш кен-металлургия комбинаты, «ЗОЦМ» ЖАҚ, «Сүт» АҚ, «Нан» АҚ.



Олардың өткен жылы өндірген өнімдері: түсті прокат — 4687,9 тонна, катодтық мыс — 144236 тонна, құйма алтын — 40751 кг, құйма күміс — 548324,9 кг, сым эмальдары — 214,4 тонна, нан-бөлке тағамдары — 4578 тонна, кондитерлік тағамдар — 129,4 тонна, сүт өнімдері — 2085, сыра — 6400 литр.

Қала бойынша орташа айлық табыс — 12,4 тенге.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет