Жануардардың көрегі. Қоректік тізбек түрлері. Жүйке жүйесінің маңызы


Оқушыларды сандар нумерациясын оқытуға дайындау туралы мағлұмат беру



бет2/2
Дата16.09.2022
өлшемі269.28 Kb.
#460829
1   2
Оқушыларды сандар нумерациясын оқытуға дайындау туралы мағлұмат беру

Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру, бір таңбалы сандарды шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру, теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады. Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңею және төмендегідей ретпен даму арқылы қарастырылады: он көлеміндегі сандар — нөл саны — жүз көлеміңдегі сандар – мың көлеміндегі саңдар — миллион көлеміндегі сандар – миллиард көлеміндегі сандар [9].
Оқытудың міндеттері
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әр түрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды сәйкес цифрлармен белгілеуді меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
2. 1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.
3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін >, <, = таңбаларымен белгілей алу біліктерін қалыптастыру және тендік пен теңсіздік ұғымдарымен таныстыру.
4.10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.
5. «Бір және екі таңбалы сан» ұғымдарын, бірдің және нолдің қасиеттерін меңгерту.
Жұмыс әдістемесі
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал сандар қатарын құру принциптерімен танысады: сан жеке емес, басқа сандармен өзара байланыста қарастырылады, сондықтан жеке сандар емес, сандар қатарының кесінділері 1, 2; 0, 1, 2, 3; 0, 1, 2, 3, 4 және т. б. оқытылып үйретіледі.
Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру барысында:
а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады:

Дөңгелек нешеу? (Дөңгелек бесеу).


Қандай сан шықты? (5).
5 санын қалай шығарып алдық? Санау арқылы, яғни санау — санды шығарып алудың бір көзі және сан — санаудың нәтижесін сипаттайды.
ә) Санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;

- кесіндінің ұзындығы 5 см.


Ұзындықты өлшеу арқылы қандай сан шығарып алдық? 5, яғни сан шаманы өлшеудің нәтижесін сипаттайды.
б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады:


4+1=5 5-1=4


Демек, сан арифметикалық амалдың нәтижесін сипат­тайды.
в) Сандардың аталуын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды естиді және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды таңбалардың, яғни цифрлардың (әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру: оқушылар санды белгілейтін таңба ретінде цифрды көреді және жазады, демек, ауызша және жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.
г) Цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша қалыптастырылады:
цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға, басқалардың ішінен тани білуге үйрету;
«Цифр неге ұқсайды?», «Цифрды қайдан көрдіңдер?», «Нешеу, көрсет.» (сан — зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:

цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кестеде, оқулықта, тақтада, дәптерде);


қол қозғалысының бағытын игерту: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу, дәптердегі үлгіні бастыру;
цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.
2. Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатарын құруға үйрету.
а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныс­тыру жүзеге асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді азайту барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып, алдыңғы санды шығарып алуға болады.
ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген саннан бастап, өсу және кему ретімен санайды.
б) Сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау олар­ды салыстыру арқылы іске асырылады: 5>4, демек, ол сан­дар қатарында 4-тен кейін тұрады, ал 4<5, яғни ол сандар қатарында 5-тің алдында тұрады, демек, 5 саны 4 және 6 сандарының арасында тұрады.
Алдыңғы санды, кейінгі санды, берілген сандар арасындағы санды, берілген санның көршілерін атау;
ең кіші бір таңбалы, ең үлкен бір таңбалы санды атау;
әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;
«Жалғастыра санау», «Эстафета», «Доп лақтыру», «Көршісін ата» және т.б. ойындарды қолдану.
в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен кейін іске асырылады.
Дорбада бір доп бар, мүғалім оны бір балаға береді: «Мен не істедім? Неше доп қалды?» Жауап: «Ешнәрсе қалған жоқ». Егер ештеңе жоқ болса, оны біз 0 деп түсінеміз. (Екі қарындашпен көрсетуге болады), демек, 1—1=0, 2—2=0.
1, 2 және 0 сандарын салыстыру және сандар қатарындағы 0-дің орнын анықтау: 0<2; 0<1, демек, 1-дің алдында сол жақта бірінші тұрады және ең кіші сан болады.
Осының нәтижесінде сандар қатары және ондағы әр санның орны туралы ұғым қалыптасады.
3. Сандарды салыстыруға үйрету.
а ) Сандарды салыстыру екі топ заттарын салыстыру арқылы іске асырылады.

Қайсысы кем? немесе Қайсысы артық? Неге?


3 және 4 сандары туралы не айтуға болады?
3 <4 және 4 > 3.
ә) Кейінірек оқушылар көрнекілікке сүйенбей, сандар қатарындағы реті туралы білім негізінде сандарды салыстыруға үйренеді:
5>4, өйткені санағанда бес төрттен кейін айтылады;
3<5, өйткені санағанда үш бестен бұрын айтылады.
б) Сандарды салыстыру нөтижесі >, <, = таңбаларының (бір сабақта бір уақытта («М— 1», 21-бет)) көмегімен жазылады.

Сол жақта оң жаққа қарағанда жалаушалар артық; жалаушалар санын 1 және 2 цифрларымен белгілейді; 2 саны 1-ден артық екені анықталады. 2>1; «>» таңбасын көрсетіп, бұл «артық» таңбасы деп түсіндіріледі («<» және «=» ұқсас).


Таңбалардың ерекшеліктерімен танысады: таңбаның төбесі кем санға, ал сәуле жағы артық санға бағытталады; жазу солдан оңға қарай оқылады: 1<2 (бір екіден кем).
«







Таңбаны тап:» 4 * 5, 6 * 3, 4 * 4; «Қатесін тап:» 7<8, 7<6, 7=7; «Сандарды тап:» > 1; <5; > ;











> ; = дидактикалық ойындары қолданылады

«теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарымен таныстыру көрсету арқылы іске асырылады: 2>1, 1<2 — бұлар теңсіздіктер, ал 2=2, 1=1 — бұлар теңдіктер («М— 1», 21-бет).


«<» және «>» таңбаларымен жазылған жазу теңсіздіктер деп, ал «=» таңбасымен жазылған жазу тендіктер деп аталатыны хабарланады;
«теңдік» ұғымы кеңейтіледі: «+» және «-», сондай-ақ «=» таңбаларымен жазылған жазу да теңдік болады. 2+1=3, 1+2=3, 3-2=1, 3-1=2, 3=2+1.
4. 10 көлеміндегі сандар құрамын меңгерту.
а) 10 көлеміндегі әр санның құрамы сол санмен таныстырылғаннан кейінгі сабақта оқытылады:
қосылғыштың біреуі 1 болған жағдайда (сандар нумерациясы туралы білім негізінде) 10 көлеміндегі кез келген санның құрамын анықтай алу, мысалы, 3=2+1; 4=3+1;...; 10=9+1;
қосу жағдайларындағы білім негізінде сандар құрамын оқып үйрену:
3+2-5 =5=3+2; 6+3=9 =» 9=6+3;
қосудың ауыстырымдылық қасиеті негізінде сандар құрамын есте сақтауға арналған жағдайларды екі есе қысқарту:
«4 және 1», «3 және 2» 5 санының құрамын анықтайтынын білсе, жеткілікті, өйткені, егер 5=4+1 болса, онда 5=1+4; егер 5=3+2 болса, онда 5=2+3 («М-1», 33-бет).
ә) Сандар құрамын оқытуға және бекітуге арналған жаттығулар қолданылады.

Төменгі сөреге 1 (2, 3, 4) дөңгелектерді алып қою, яғни


5=4+1; 5=3+2; 5=2+3; 5=1+4.
Екі беті екі түске боялған дөңгелектер: алма-кезек аударылып қойылады.


« Баспалдақ» тік төртбүрышын кезекпен бояу;


сандар құрамының екі түсті кестелері.

« Қолымда нешеу екенін тап», «Әйнекшелерді толтыр» 5 = + ;


«Санды тап», «Құлыптың кілтін тап», «Үйлерге қоныстандыр» дидактикалық ойындары.
5. «Бір таңбалы және екі таңбалы сан» ұғымдарын меңгерту («М-1», 48-бет).
а) 10 көлеміңдегі барлық сандар оқытылғаннан кейін 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 «сандар қатары» ұғымымен таныстырылады.
ә) Мұнда санды жазу үшін бір таңба (цифр) қолданылса, олар — бір таңбалы сандар.
б) 10 саны — екі таңбалы сан, өйткені оны жазу үшін екі таңба:1 және 0 цифрлары қолданылады [10].

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет