«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер


Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкалары



бет2/7
Дата15.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#137652
1   2   3   4   5   6   7

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкалары

      Балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкалары мынаны құрайды:



Рет


Су жануарларының түрлерi

Төлемақы ставкалары (АЕК)

бiр дарағы үшiн

бiр килограмы үшiн

1

2

3

4

1.

Кәсiпшiлiк және ғылыми мақсаттарда:







1.1.

бекiре балықтары (қортпа, бекiре, шоқыр, сүйрiк, тiлмай)




0,064

1.2.

майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тiкендi балық, түйетабан, шабақ




0

1.3.

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)




0,017

1.4.

ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян




0,012

1.5.

қаракөз




0,004

1.6.

итбалық

1,93




1.7.

iрi балықтар:







1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке




0,013

1.8.

ұсақ балықтар:







1.8.1.

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай




0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:







2.1.

алып қоя отырып:







2.1.1.

iрi балықтар




0,017

2.1.2.

қортпа




6,5

2.1.3.

бекiре балықтары




5,5

2.1.4.

ақсақа, албырт балықтар




0,042

2.1.5.

ұсақ балықтар




0,008

2.1.6.

шаян

0,008




2.2.

"ұстап алу-қоя беру" принципi негiзiнде:







2.2.1.

iрi балықтар




0,1

2.2.2.

бекiре балықтары (қортпа, бекiре, шоқыр, сүйрiк, тiлмай)

4,97




2.2.3.

ақсақа, албырт балықтар




0,27

2.2.4.

ұсақ балықтар




0,068

    

  Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлардың түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкалары мынаны құрайды:



Рет


Жануарлардың түрлерi

Төлемақы ставкалары (АЕК)

бiр дарағы үшiн

бiр килограмы үшiн

1

2

3

4

1.

Сүтқоректiлер:







1.1.

шұбар мысық немесе дала мысығы

0,030

-

1.2.

қарақас

0,015

-

2.

құстар:







2.1.

кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан

0,010

-

2.2.

үлкен аққұтан

0,015

-

2.3.

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрiлдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрiлдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты), орман бозторғайы, егiс бозторғайы, шауторғай, қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

0,005




2.4.

қаршыға

0,010




2.5.

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

0,045




3.

Бауырымен жорғалаушылар:







3.1.

орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2.

ешкiемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

0,010

-

3.3.

бозша жылан

0,045

-

3.4.

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5.

көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары:







4.1.

артемия (цисталары)

-

0,045

4.2.

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3.

сүлiктер

-

0,030

4.4.

басқа да су омыртқасыздары мен цисталары

-

0,005

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға


рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 4-қосымша    

_____________________________________________________________________


                   (уәкiлеттi органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның толық атауы немесе
_____________________________________________________________________
                жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуға өтiнiм

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беруiңiздi сұраймын


_____________________________________________________________________
                 (қызмет (әрекет) түрi көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер: ____________________________________
_____________________________________________________________________
   (заңды тұлғалар үшiн деректемелерi, жеке тұлғалар үшiн паспорт
                             деректерi)
Қосымша мәлiметтер (шетелдiктер үшiн):
Болу мерзiмi ________________________________________________________
Келу күнi ___________________ Кету күнi _____________________________
Келу мақсаты ________________________________________________________
Қозғалыс бағыты _____________________________________________________
Уақытша тұратын мекенжайы ___________________________________________
Жануарлар дүниесiн пайдалану түрi ___________________________________
Алып қою мақсаты ____________________________________________________
Мекендейтiн ортасынан алып қою жоспарланған жануарлар дүниесi
объектiлерiнiң тiзбесi мен саны және (немесе) жануарлардың пайдалы
қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiнiң көлемi ______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда) _________________________
Алып қою мерзiмдерi _________________________________________________
Көзделген алып қою учаскенiң ауданы (аумағы) мен шекарасы ___________
_____________________________________________________________________
Алып қою тәсiлi (өндiру, аулау, ату, жинау, соғу) ___________________
_____________________________________________________________________
Өндiру мен аулау құралдарының, жүзгiш құралдардың тiзбесi ___________
_____________________________________________________________________
Қоса берiлген құжаттар ______________________________________________
_____________________________________________________________________

________________                   ___________________________


     (қолы)                         (тегi, аты, әкесiнiң аты)
                        МО

20___ жылғы «____» _______________

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 5-қосымша    

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)










4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi – инспекциялар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабының 1-тармағы 29) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде және инспекциялардың стендтерiнде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды қағаз тасығыштағы келiсу (бұдан әрi – келiсу) не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – бес жұмыс күнi;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзiмi – екi жұмыс күнi iшiнде.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде келiсу берiлмеген немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда келiсу берiлген деп есептеледi және екi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар мыналарды ұсынады:


      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларына арналған жобалық құжаттама.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiнен алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттi тұлғаға жеке келген кезде берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай жағдайларда:
      1) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғылары балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су тарту және гидротехникалық құрылыстарға түсуiнiң алдын алуы қамтамасыз iлмесе;
      2) су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларының жобалық құжаттамасында мынадай мiндеттi ережелер: қорғалатын балықтардың ең кiшi өлшемiн көрсете отырып, балық қорғау құрылғысының түрлiк және өлшемдiк құрамы, балықтардың сүңгу және көшу кезеңi, балықтардың тiгiнен және көлденен таралуы, уылдырық шашу және қыстау қамбаларының орналасу орындары, қорғалатын балық құртшабақтары үшiн ағынның ағызып әкету жылдамдығы көзделмесе;
      3) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын уылдырық шашу, қыстау қамбалары аудандарында, балықтардың қарқынды көшу және балаңқұрттары мен құртшабақтары көп шоғырланған учаскелерде, қорықтық аймақтарда орнату көзделсе;
      4) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын су тарту және гидротехникалық құрылыстарға судың есептiк шығысын берудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермесе бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:


      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет