Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар
1.Нуклеопротеидтер және олардың алмасу өзгерістерінің түрлері?
2.Подаграның себебі, патогенезі мен патоморфологиясы?
3.Эндогенді (ішкі) пигменттердің түрлері мен қасиеттері?
4. Меланоз деген не? Оның пайда болу механизмі. Альбинизим деген не?
5. Гемосидериннің алмасуының өзгеруі. Геимосидероздың пайда болу механизмі?
6. Қандай әдіспен гемосидеринді анықтауға болады және оны тканде қалай ажыратады?
7. Билирубин. Оның маңызы мен пайда болу механизмі?
8. Сарғаю (желтуха ) және оның түрлері?
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР
Слайдтар (№27, 29- 31, 34, 44 -48 ).
Таблицалар (№14,15).
Муляждар (№296, 326,327)№
Музей препараттары:
№52 , 113. Шошқаның жіті қатаральды гастриті.
№ 56. Иттің жіті катаральды энтериті.
№ 222. Шашқаның катаральды гастриті және меланоз.
№ 508. Торайдың сальмонеллез ауруында кездесетін катаральды гастриті мен ошақты дефтеритті колиті.
№ 596 Тауықтың висцеральді подаграсы
№695. Несіп қышқылды инфарк.
№ 491. Сиыр бауырының тейлериоз ауруына байланысты сарғаюы (гемолиз салдарынан және ұлпаның зақымдалуы).
№ 57. Гистопрепарат
Ағза: бүйен. Гематоксилин –эозинмен боялған. Кілегейлі қабықта көп бокалді клеткалар көрінеді.Олардың көлемі ұлғайған шар немесе ұршық тәріздес,ядролары семіп, клетканың мембранасына ығыстырылған.Крипті қуыстарындағы кілегей және бокалді клеткалар цитоплазмасының кілегейі сұрғылт-көгілдір түсті нәзік талшықты торға ұқсас. Кейбір клеткалар базальді мембранадан үгіліп түскен; олар нашар боялған және реңсіз:
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
№99 Гистопрепарат
Ағза; бауыр. Гематоксилин –эозинмен боялған.Бауыр бөлшектерінде,әсіресе қаңқасында гистоциттер мен лимфоидті клеткалар көп жиналған.Орталық вена қуысында, оның маңайындағы ұлпа клеткаларында және клеткааралығында, гистоциттардың цитоплазмасында қоңыр түсті түйіршіктер көптеп жиналған.Ал енді арнайы Перлс әдісімен препаратты қарайтын болсақ,онда түйіршіктер көкшіл-жасыл түсті, яғни оның құрамында темір бар
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.
№110 Гистопрепарат
Ағза; бауыр.Гематоксилин –эозинмен боялған.
Ағзадар бөлшек аралық дәнекер ткань едәуір жуандаған, сондықтан бауырдың табиғи құрлысы жақсы байқалады.Бауыр бөлшектері біраз кішірейген, бірақ-та құрылымы өзгермеген.Микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қарағанда өт капиллярының кеңейіп сарғыш түсті өтпен кернелгені көрінеді.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.
У.МАЙЛЫ ДИСТРОФИЯ.
Ағзаизмдегі биологиялық энергияның (қуат) тууы майларға байланысты екені мәлім.Олар химиялық құрлысына орай жәй және нейтральді болып бөлінеді; май молекулалары өте күрделі зат алмасу реакциялары болатын клетка мембранасының ішкі және сыртқы беттерінің (қабаттарының) негізі болып есептеледі.Мембрана құрамына кіретін құрлысты майлар белоктармен байланысты бола тұрып, майлы-белок комплекстарын липопротеидтерді құрады.Клеткалар мен тканьдердегі май түйіршіктері мен тамшыларын гистохимиялық әдістермен, судан Ш, шарлах осмий қышқылын қолданып анықтайды. Ол үшін формалин ертіндісінде консервіленген бөлшектерден қатырғыш миротомда гистологиялық кесінділер дайындайды. Бірақ та бұл гистохимиялық әдістер мен липопоротеидтер анықталмайды.
Майлы дистрофия –күрделі патологиялық процесс; клетканың морфологиялық құрлысы өзгеріп,оның цитоплазмасы, ядросы,мембранасы зақымдалады. Ағзадардың клеткаларында майдың пайда болуы декомпозиция (липопротеидік комплекстің бұзылып азуы), немесе инфильтрация (сырттан келген майдың клетканы кернеуі),немесе трансформация (бір заттың екінші бір затқа айналуы –углеводтардың майлы заттарға) құбылыстарына байланысты.
ӨЗ БЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР:
1.Майлардың түрі. Тканьдерде оларды анықтау тәсілдері.Клетка-аралықтағы (мезенхимадағы) май алмасудың азу түрлері?
2.Кахексия-титықтап арықтау.Себептері мен патоморфологиясы?
3.Жалпы май басу (ожирение).Себептері мен патоморфологиясы?
4.Клеткалардағы майлы тамшылардың пайда болу механизмі?
5.Бауыр мен бүйректегі майлы дистрофияда кездесетін макро және микроскопиялық өзгерістер?
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР.
Слайдтар (№36,38,41,42) Таблицалар (№11)
Музейлік препараттар:
№7 –инфильтрация (кернелу) арқылы май басқан мысық бүйрегі.
№167-шошқаның бауырындағы майлы дистрофия.
№600 –жас тарымен уланғанда пайда болған бауырдағы белокті (түйіршікті) және майлы дистрофиялар.
№16 Гистопрепарат
Ағза: бауыр. Гематоксилин –эозинмен және судан Ш боялған.
Бауыр бөлшектерінің шетіндегі клеткаларда дөңгеленген қуыстар көрінеді.Бұл клеткалардың цитоплазмасы семген, ол жұқа қабыршақ тәрізді,ал ядролары ығыстырылып, мембранада орналасқан. Бұл клеткалар өздерінің түр сипатына орай майлы тканьдердің клеткаларына өте ұқсас,тіпті көзді жүзік тәрізді. Кішкене май тамшылары бөлшектердің шеткі клеткаларында шөгіп,кейіннен олар өзара қосылып,цитоплазманы ығыстырып,семдіріп,бүкіл клетка денесін жайлайтын үлкен тамшыға айналады. Сөйтіп бауыр клеткаларының аумағы (көлемі)ұлғайып, қан капиллярын сығады. Осыған байланысты қан айналымы өзгереді.Бауырдың табиғи құрлысы бұзылады.Судан Ш пен боялған микропрепаратта май тамшылары қызыл-сарғыш түске боялған.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.
У1.Минералды дистрофия.
Минералдық зат алмасудың бұзылуы әрқилы,айталық тканьдерге кальций тұздары шөгеді немесе қуысты Ағзадарда тастар пайда болады немесе Ағзаизмде фосфор және кальций тұздарының қосындылары азайып, мал остеодистрофия (грек.сүйектің бұзылғанын (бүлінгенін),табиғи қа-нан ауытқығанын білдіреді) ауруына ұшырайды.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Студенттерді әк тұздары шөккен тканьдердегі морфологиялық өзгерістермен,қуысты Ағзадардағы шаштар... конкременттердің (лат.шоғырлану,ұйысу) түрлі формалармен, олардың пайда болу механизмімен таныстырып,остеодистрофияның патоморфологиясымен қатар оның патанатомиялық диагнозын анықтауға үйрету.
ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР.
1Остеомалюция деген не? Оның этиологиясы, патогенезі және патоморфологиясы.
2.Рахит ауруының этиологиясы,патогенезі,патоморфологиялық өзгерістері.
3.Остеодистрофия деген не?
4.Петрификация (грек.тас.лат.істеймін,жасаймын) деген не?
5.Әк тұздарының метастазы (грек.ауысу,көшу) деген не?
6.Тканьдерде шөккен әк тұздарын қандай әдістермен анықтауға болады?
7.Тастар және олардың түрлері мен құрамы.Ағзаизмдегі негізгі пайда болатын жерлері мен себептері?
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР
Таблицалар №12,13.Муляждар №346,31,,364,365,371,374.
Музей препараттары:
№17 Минералдық ашытықта болған тауықтың қабыршақсыз жұмыртқасы.
№19.Қойдың бауырындағы эхинококкоз (бершімен) сыртқы қабырғасында шөгілген тұздары.
№113.Кальций минералшының жетіспеу әсерінен тауықтың төс сүйегінің майысып өзгеруі.
№449.Мешел (рахит) ауруына байланысты қара қабырға ұшының жуандауы.
№562. Талақтағы әк тұздары шөккен ошақтар, иттің кеңірдек шеміршектеріндегі шөккен әк тұздары (петрификация).
№14 Гистопрепарат.
Ағза:лимфа түйіні. Геметоксилин -эозинмен боялған.
Лимфа түйіндерінің патологиясы көбінесе туберкулез ауруына шалдыққан малдарда кездеседі.
Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы препаратты зерттей отырып, ондағы өлі етке айналған (некрозға) ошақты табу керек.Оның негізгі түр- сипатсыз ыдыраған ірімшік тәрізді қызғылт зат. Оның әр жерінде үлкен-кішілі көк түйіршіктер көрінеді. Олар өлі етке әк тұздарының шөгу әсерінен пайда болған.
Лимфа түйінінің табиғи құрылымын тек ошақтық шет жақтарынан көруге болады, айталық бұл жерлерде мальпиги түйіршіктері (фоллиеклы),қаңқа бөлшектері (трабекулы) көрінеді.Ал ошақтың сырты (табиғи тканмен шекаралас жер) талшықты тканмен қапталған (икапсуляция-лат.ішінде).
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
№13 Гистопрепарат.
Ағза:бүйрек. Геметоксилин -эозинмен боялған.
Микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен препаратты зерттей отырып қыйсық және тік түтіктердің табиғи құрылысының өзгеріп азғындағанын байқауға болады, яғни олардың эпителий клеткаларының көлемі ұлғайып,ядролары семген немесе балқыған,түтікше қуыстары белок түйіршіктерімен толған. Сонымен қатар көпшілік түтіктер гематоксилинмен қара-көк түске боялған,себебі олардың ыдырап азған эпителиіне әк тұздары шөккен.
Бүйрек арқылы Ағзаизмдегі артық әк тұздары несіппен шығатынын және де ондағы өзгерістерді еске ала отырып патогистологиялық диагнозды анықтау керек. Көрінген патологияны түсінігімен дәптерге салу керек.
У11.ҚАН АЙНАЛЫМЫ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯСЫ
Дәрігерлер практикасында қан айналымының бұзылуына байланысты патология жиі кездеседі және оның патоморфологиясы әрқилы.Қан айналымында жалпы және жергілікті бұзылыстар болады,бірақ та олар өте тығыз байланысты.Айталық, бір Ағзадағы қан айналымының бұзылуы .....
Ағзаизмнің қан айналымына әсер етеді.
САБАҚТЫН МАҚСАТЫ.
Гистологиялық препараттарды зерттей отырып патанатомиялық диагнозды анықтау; сонымен қатар жергілікті қан айналымы бұзылғандағы өзгерістерді білу.
У11.1.Қызару (гиперемия:грек.қалпытан тыс көп, тым көп қан).Қан тлқтау (стаз:грек.қозғалмау).Қан аздық (анемия.грек,жоқ,қан)Қансырау (кровотечение)-геморрагия:қан,бұзылып жарамын).
№44 Гистопрепарат
Ағза:бауыр. Геметоксилин -эозинмен боялған.
Препаратты зерттей отырып ондағы қызыл-күңгірт жолақтарға көңіл аудару керек. Олар жас фасциолдардың бауыр ұлпасында қозғалып, оны бұзып жасаған жолдары.Бұлар осындай зақымдалудың әсерінен пайда болған қанталау.Бұл жерлердегі ұлпа клеткалары ыдырап өлі етке айналған, сонымен қатар гемосидероз және де мезенхима клеткаларының көбейгені байқалады.Оларға аралас эозинофильді лейкоциттер көрінеді.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
№45 Гистопрепарат
Ағза:бауыр. Геметоксилин -эозинмен боялған.
Препаратты кіші үлкейткішпен зерттей отырып, тамырларда қанның көп жиналғанын байқауға болады.Қан тамырлар маңайындағы тканьге құйылған.Оның себептері қан тамыры қабырғасының селдіреуі нәтижесінде.Бұл кейбір індет ауруларында, уланғанда, сәуле ауруында, инвазияларда,авитаминоздарда кездеседі.Қан құйылған жердегі гепатоциттер тым зақымдалған,тіпті өлі етке айналған.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
У11.Тромбоз.Эмболия (грек.ену,баса көктеп кіру)Инфаркт (лат.толтырамын,кернеймін)Домбығу.Шемен (бөсір).
ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР.
1.Громоз.Оның себептері.Тромбтың пайда болу механизмі.
2.Тромбаның классификациясы.
3.Тромбтың құрлысы.Салыстырмалы диогностикасы Ағзаизмге деген зияны қандайлық?
4.Эмболия: оның себептері мен түрлері; Ағзаизмге әсері
5.Инфаркт.Пайда болу механизмі және түрлері.
6.Әрбір Ағзадағы (бүйрек,талақ,жүрек еті, өкпе,ішек) инфарктың патоморфологиясы.
7.Домбығу деген не? Оның себептері мен пайда болу мехпнизмі.
8.Домбығудың классификациясы мен патоморфологиясы?
9.Шемен деген не? Оның себептері мен пайда болу механизмі?
10.Гидроперикардиумның,гидроторакстың,гидроцефалияның, асциттің,гидроартроздың,аңасарқаның патоморфологиясы?
11.Домбығу мен шеменнің сулы қабынудан және өлгеннен кейін қуыстарда жиналатын сұйықтан (транссудаттан) айырмашылығы?
12.Эксикоз (ангидремия)деген не? Оның себептері мен патоморфологиясы.
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР.
Диафильм («Эмболия» )Таблицалар (№15-17)
Музей препараттары:
№158 Қоян өкпесінің дрмбығуы.
№419 Шошқа обасына байланысты талақтағы геморрагиялық инфарктер.
№554.Лақ бүйрегіндегі геморрагиялық инфаркт.
№558. Бүйректегі анемиялық инфаркт
№23 Бауырдың қақпа венасындағы септикалық тромбоэндофлебит.
№85. Бұзаудың кіндік артериясындағы қабырғалас қызыл тромб.
№ 432,152,529,614,618,731. Шошқа қызылшасына (тілмесіне) байланысты тромбоэндокардит.
№48 Гистопрепарат
Ағза:бауыр.Геметоксилин -эозинмен боялған.
Препараттағы инфаркт бар жер қызыл түсті,ал басқа жерлер көкшіл.Кейбір түтіктер гиалин цилиндірімен кернелген.Инфарктің тұсындағы домалақ үйірілімдер мен түтіктер өлі етке айналып,клетка ядролары ыдырап,жойылған.Жалпы клеткалар құрылымсыз,түс-сипатсыз қызғылт затқа айналған.Онда хроматин түйіндері кездеседі. Өлі етке айналған түтіктер мен домалақ үйірімдер аралығы эритроциттерге толған.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
№51Гистопрепарат
Ағза: кіндік артериясы. Геметоксилин -эозинмен боялған.
Препаратта тамыр қабырғасының құрлысы анық байқалады:интима,медия,адвентиция.Тамыр қуысында ыдыраған эритроциттерден,тромбоциттерден және фибриннен тұратын зат көрінеді.Оның кейбір жерлері тамыр қабырғасымен талшықты дәнекер ткань арқылы қосылған.Коллаген талшықтары нығыздығына байланысты әр түсті-шет жағында аса қызыл, ал орта тұсында қызғылттау.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
УШ.Жанару және бейімделу процестері
Бейімделу (приспособление)-биологиялық ұғым.Ағзаизм осы қасиетке байланысты сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне бейімделе отырып,өз өмірін сақтайды,оны жалғастырады.
Толықтыру (компенсация) –бейімделудің жеке бір түрі болып тұрып,аурулар кеселінен қызметі зақымдалған (әлсіреген) Ағзадарды қалыптастырады.
Бейімделу мен еселеу бір-бірімен тығыз байланысты, сөйтіп олар аурулар патогенезінің бір сатысы болып есептеледі.Бейімделу –еселеу процестері молекулалық,ультраструктуралық:клеткалық,тканьдік,Ағзадық және системалық деңгейлерде өтеді. Осы процестердің ішіндегі аса бір маңыздылары гипертрофия,гиперплазия (грек,түзілу),атрофия (грек.сему),метаплазия (грек.өзгертемін,құбылтамын ) Ағзаизация (ұйымдасу).
Сабақтың мақсаты.
Студенттерге бейімделу-еселеу процестерінің негізін анықтап білдіру,олардың даму механизмін және қызметтік маңызын,патоморфологиялық өзгерістерін көрсету.
УШ.Жанару және бейімделу процестері өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар:
1.Бейімделу,толықтыру деген не? Олардың неізі неге байланысты?
2.Бейімделу,толықтыру процестерінің сатылары, олардың морфологиясы.
3.Бейімделу,еселеу процестерінің түрлері.
4.Гипертрофия деген не?Оның түрлері,даму механизмі, патоморфологиясы,Ағзаизмге әсері.
5.Атрофия (сему) деген не?
6. Гиперплазия;оның морфологиясы.
Көрнекті құралдар
Диафильм: «Атрофия».Таблицалар (№18-22).
Музей препараттары:
№8.Тауық бауырының аштыққа байланысты семуі.
№34.Қой миының айналмаға байланысты семуі.
№71.Жылқы өкпесіндегі альвеолдық эмфизема (грек үріп толтырамын).
№161.Сиыр бауырындағы эхинококкоз.
№167.Шошқа бауырындағы гипертрофиялдық цирроз (грек.лимондай сары).
№553.Бүйрек майының аштыққа байланысты суланып семуі.
№208.Әтеш ендерінің физиологиялық гипертрофиясы.
№228.Тауық соқыр ішегінің гипертрофиясы.
№286.Үйрек жүрегінің гипертрофиясы.
№82 Гистопрепарат
Ағза: бауыр.Ван-Гизон әдісімен боялған.
Препаратты кіші ұлғайтқыш арқылы зерттей отырып бөлшек-аралық (междольковая) тканьге көңіл аударайық,ол талшықты дәнекер тканьнің өсуіне байланысты едәуір жуандаған және қызыл түске боялған.Оның себепті олардың құрлысы зақымдалып бөлшектер семген. Кейбір жерлерде тек шамалы ғана бауыр клеткаларынан (гепатоциттерден) тұратын аралшықтар тәрізді ошақтар қалған.
атологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
№46-а Гистопрепарат
Ағза: бауыр. Гематоксилин -эозинмен боялған.
Препаратты кіші ұлғайтқышпен зерттей отырып, орталық веналардың,капиллярлардың және бөлшекаралық веналардың тым керіліп қанға толғанын көруге болады.Бауыр баллкалары бір-бірінен ығыстырылған.Кейбір жерлерде олардың құрлысы бұзылып,ыдырап бөлшектенген.Балкалар тым керіліп, қанға толған капиллярлардың әсерінен жіңішкерген.Гепатоциттер цитоплазмасы,кейбір бауыр клеткаларының ядролары семген. Қысым көрмеген клеткалармен салыстырғанда бұлар тым күңгірт боялған.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
№20 Гистопрепарат.
Ағза; өкпе. Геметоксилин -эозинмен боялған.
Препаратты жалпы зерттей отырып, альвеолдардың көлемі әрқилы екенін байқауға болады. Кейбіреулері тым кеңейген; альвеоларалық дәнекер ткань жіңішкерген,тіпті жырылған жерлері де бар.Сол себепті кеңейіп керілген көптеген альвеолдар өзара қосылып,үлкен қуысқа айналған.
атологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
УШ. Жаңару (регенерация). Ұйымдасу (Орғанизация). Құбылу (Метаплазия)
Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар.
1.Регенерация деген не? Оның түрлері,даму механизмі, морфологиясы мен әсері.
2.Метаплазия;оның морфологиялық сипаттамасы.
3.Ағзаизация деген не? Оның морфологиясы.
Көрнекті құралдар
Таблицалар (№21,24
Диафильм: «Регенерация»
Музей препараттары:
№41,55,73.Шошқа бауыры мен бүйрегіндегі ошақты лимфолейкоз.
№132.Тері жарасының талшықты тканнің өсуімен жетілуі.
№24-а Гистопрепарат
Ағза:бауыр. . Гематоксилин -эозинмен боялған
Ұлпа бөлшектерінің әр жерінде, әсіресе бөлшекаралық дәнекер тканьде көкке боялған,лимфоциттерге ұқсас, бірақ толық табиғи қалпына келмеген,көптеп жиналған клеткаларды көруге болады.Олар жетілмеген лимфоид клеткалары. (Купфер клеткаларының тым тез бөлінуінен пайда болады).
Осындай лимфоидты ошақтардың әсерінен ұлпа зақымдалып,оның құрлысы өзгерген,бауыр клеткаларының орнына (олар семіп құрыған) жетілмеген жаңа клеткалар пайда болған.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.
№23.Гистопрепарат.
Ағза:тері . Гематоксилин -эозинмен боялған.
Жетілген ойық жара үстіндегі эпителий қабыршағы өте жұқа, оның клеткалары әлі мүйізделген,бұл тұста шаш талшықтары; май және тері бездері жоқ. Эпидермистің астыңғы қабатындағы ткань негізінен әр түрлі клеткалар мен қабырғасы өте жұқа қан тамырларынан тұрады. Клетка ядролары әр мүсінді-домалақ,жұмыртқа немесе ұршық тәрізді. Бұлар әр сатылы дәнекер ткань клеткалары. Сонымен қатар мұнда қан клеткалары да бар лейкоциттер, лимфоциттер,т.б. сөйтіп біз тері зақымының орнында пайда болған тканьді зерттеп анықтадық.Ал енді тері эпидермисін жан-жақты қарап, оның табиғи құрылымын көруге болады.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.
1Х.ҚАБЫНУ.
Қабыну түрлі себептердің әсер етуінен туған зақымға қарсы бағытталған бейімделу (қорғану) реакциясы.Зақым тиген жердегі функциялық, физикалық-химиялық,морфологиялық өзгерістерге қарсы бағытталған жауап реакциясы. Тағы бір айта кететін жай ол жергілікті күрделі,тамырлар мен мезенхиманың көп сатылы реакциясы; альтерация(зақымдалу); бұл фазада арнайы клеткалар медиаторлар (лат.ұшырастырушы)бөліп шығарады;
2.Жалқаяқтану,яғни бұл морфологиялық өзгеріс микроциркуляторлық кернейдің реакциясына,қанның реологиялық (қанның жылжуының бұзылуы) қасиеттерінің бұзылуына, тамыр қабырғаларының өткізгіштігінің ұлғаюна,сөйтіп жалқаяқтың тамырдан шыпшып қан клеткаларының кезіп көшуіне,пиноцитозбен (қанның сұйық заттардың эндотелий клеткаларының денесі арқылы сыртқа шығу) фагацитозға (грек.жеп қою,жалмау)байланысты;
3.Пролиферация (лат.ұрпақ,тұқым; әкелемін) клеткалардың бөлініп көбеюіне байланысты морфологиялық өзгеріс. Оның негізгі мақсаты зақымдалған тканьді қайта қалпына келтіру.Қабынуды жіктеу (бөлу) жоғарыда баяндалған морфологиялық өзгерістермен тікелей байланысты. Осыған орай қабыну үш түрге бөлінеді:
1.Зақымдалып (альтерация) қабынған тканьде дистрофиялық, өлі етке айналу өзгерістері тым бәсең;
2.Жалқаяқты қабыну-қабынудың ең бәсең морфологиялық өзгерістер жалқаяқ;
3.Пролиферативті қабыну-жаңа клеткалар ұрпағының пайда болуы қабынудың негізгі морфологиялық белгісі.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Қабынудың әр түрін зерттеп,гистологиялық өзгерістерді анықтау. Осыған байланысты студенттерге патанатомиялық диагнозды құруын, Ағза немесе тканьдегі қабынудың соған ұқсас патологиялық процестермен салыстыру диагностикасын үйрену.
Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар.
1.Қабыну деген не? Оның организмге маңызы.
2.Қабынудың себептері.
3.Қабынудағы негізгі морфологиялық өзгерістердің сипаттамасы.
4.Қабынудың негізгі клиникалық белгілері (ісіну, қызару,қызу,ауыру,табиғи қызметтің өзгеруі) қандай морфологиялық өзгерістермен тікелей байланысты?
6.Қабынудың жіктелуі қандай жағдайларға негізделген?
7.Қабынудың терминологиясы.
8.Қабынудың әр түрлеріне байланысты оның морфологиялық белгілері.
1Х.1.Альтеративті қабыну
Альтеративті қабынудың негізгі сипаты-қабынған тканнің дистрофиялық процестермен немесе өлі етке айналып, зақымдалуы қабынудың басқа морфологиялық белгілеріне қарағанда тым бәсең.
Альтеративті қабынудың даму барысында тканьде әр түрлі морфологиялық өзгерістер пайда болады, айталық диспротеиноздар, майлы дистрофиялар,десквамациялар (клеткалардың үзіліп түсуі), дискомплексациялар (комплексті құрылымдардың бұзылуы) ұлпа клеткаларының семуі, өлі етке айналып, ыдырауы.
Негізінде альтеративті қабынуды дистрофиялық өзгерістерден ажырату өте қиын. Мысалы; бүйректегі,бауырдағы,жүрек етіндегі.Үйткемеде қабынған тканьде қан тамырларына байланысты өзгерістерді байқауға болады.-қызғылт нүктелер,жолақтар,дақтар.Ал енді бұл патологиялық процестерді анықтау қиынға түссе,онда микроскопиялық зерттеулер жүргізіледі.
Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар.
1Альтеративті қабынудың негізгі морфологиялық өзгерістері?
2.Ағза мен тканьдердің қабынуға байланысты микроскопиялық суреттемесі.
Көрнекті құралдар.
Музей препараттары:
№107.Терінің өлі етке айналып қабынуы (некротизирующий дерматит).Шошқа қызылшасына байланысты.
№129.Бұзау өңешінің ойлық жараға айналып қабынуы.
№274.Қозының ішек фолликульдерінің қан тышқаққа байланысты өлі етке айналып қабынуы (фолликулярный нөкротизирующий энтерит).
№154.Жылқының маңқасына байланысты танау клегейлі қабығындағы ойық жаралар.Бұлшық еттің өлі етке айналып қабынуы.
№78.Шошқаның ас тұзымен улануына байланысты қарын кілегей қабығының өлі етке айналып қабынуы.
№488.Иттің енінің өлі етке айналып қабынуы.
№54.Гистопрепарат.
Ағза:қарын. . Гематоксилин-эозинмен боялған
Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарының кілегейлі қабығын мұқият зерттеу керек.Оның табиғи құрлысы байқалмайды,түр-сипатсыз біркелкі,қызғылт түсті. Кілегейлі қабықтың төменгі қабаты суланып керілген,ондағы қан тамырлары кеңейіп қанға толған.Олардың маңайында біраз клеткалар шоғырланған –нейтрофильді алуан түрлі лейкоциттер.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.
№75 Гистопрепарат
Ағза: бүйрек. . Гематоксилин -эозинмен боялған.
Препаратты кіші ұлғайтқышпен зерттеп отырып, домалақ үйірімдерді,түтіктерді,сол құрылымдар арасында пайда болған талшықты дәнекер тканнің жалпақ жолақтарын көруге болады. Бүйрек ұлпасы семіп азайған; ол кейбір жерлерде кішігірім аралшықтар тәрізді.Қисық түтіктердің қуыстары тым кеңейген., ал домалақ үйірілімдер бүрісіп өзгерген.
Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.
Достарыңызбен бөлісу: |