Жапарова А. Т элекртмен жабдықтау абж


Шарттық белгілеулердің өлшемдері



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі346 Kb.
#124736
1   2   3

2.2 Шарттық белгілеулердің өлшемдері
2.2.1 Құралдар мен автоматтандыру құралдарының шарттық графикалық белгілеулердің өлшемдері 2.4 кестеде схемалармен көрсетілген.

2.2.2 Схемадағы шарттық графикалық белгілеулер негізгі жалпақ сызықпен, ал графикалық белгілеудегі горизонтал бөлетін сызықты және байланыс сызығын жіңішке сызықпен ГОСТ2.303-68 бойынша орындайды.

2.2.3 Әріптік белгілеулердің шрифтін ГОСТ 2.304-81 бойынша 2.5мм етіп қабылдайды.
Кесте 2.4 – Құралдар мен автоматтандыру құралдарының шарттық графикалық белгілеулердің өлшемдері схемалармен

Атауы

Белгілеу

Құрал:




а) негізгі белгілеу



б)жіберілетін белгілеу



Атқарушы механизмі






    1. Шарттық белгілеулерді құрастыру ережесі



      1. Қазіргі стандарт шарттық белгілеулердің екі құрастыру әдісін қояды:

а) жеңілдетілген;

б) ашылған.

2.3.2 Жеңілдетілген құрастыру әдісінде құралдар және автоматтандырылған құралдар, күрделі функциялар қамсыздандыратын, мысалы, бақылау, реттеу, сигналдау және жеке блоктар түрінде орындалып, бір шарттық белгімен суреттейді. Мұнда біріншілік өлшейтін түрлендіргіштерді және барлық көмекші аппаратураларды көрсетпейді.

2.3.3 Ашылған құрастыру әдісінде әрбір құрал немесе блокты,бір өлшеуге кіретін, реттейтін немесе басқаратын автоматтандырылған құралдар комплектісін жеке шарттық белгілермен көрсетеді.

2.3.4. Схемамен қолданылатын құралдардың мен автоматтандырылған құралдардың шарттық белгілеулерін графикалық, әріптік, сандық белгілеулер құрайды.

2.3.5 Әріптерді әріптік белгілеуде қойылу ретін келесідегідей қабылдайды:

өлшенетін шаманың негізгі белгілеуі;

өлшенетін шаманың қосымша белгілеуі(қажет болса);

Құралдың функционалдық белгісінің белгілеуі.

Графикалық белгілеудің жоғарғы жағына өлшенен шаманың белгілеуін және оның мақсатын анықтайтын, құралдың функционалдық белгісініңбелгілеулер қояды.

Графикалық белгілеудің төменгі жағына құралдың сандық белгілеуін немесе автоматтандырылған құрал комплектісін қояды.

2.3.6 Автоматтандырылған құралдар комплектісі бегілеуін құрғанда әрбір прибор немесе құрылғы комплектісіне кірген белгілеудегі бірінші әріп өлшенетін комплект шамасының атауы болып табылады.

2.3.7 Жеке блоктар түрінде орындалған және қолмен жасау операцияларына арналған құрылғының әріптік белгілеуі, қай комплект құрамына кіретініне қарамастан, Н әрпінен басталуы керек.

2.3.8 Құралдың функционалдық белгілерінің әріптік белгілеулердің қойылу реті I, R, С, S, А белгілеулер ұстанатын тізбекпен қабылданады.

2.3.9 Әріптік белгілеулерді құрған функционалдық құралдардың барлық белгілерін көрсетпейді, тек қана келтірілген схемадағыны қолданады.

2.3.10 Сигналдық аппаратура қандай да бір щитке немесе сол прибордың өзіне орнатылған лампалар сигналдау үшін қолданылуына қарамастан, А әрпін «сигналдау» функциясын белгілеуде қабылдайды.

2.3.11 S әрпін, тек қосу, өшіру, ауыстырып-қосу, блоктауға арналған, прибордың контактілік құрылғысын белгілеуге қолданады.

Құралдың контактілік құрылғысын қосу, өшіру және сигналдауға қолданғанда, приборды белгілеуде екі әріпті де S и А қолданады.

2.3.12 Өлшенетін шамалардың соңғы нәтижелерін, мысалы, қосу, өшіру,блоктау, сигналдау кезінде Н және L әріптерін қою арқылы дәлдеуге болады. Осы әріптерді графикалық белгілеудің оң жағына жазады.

2.3.13 Дәлдеуге қажет құралдың графикалық белгілеуінің оң жағындағы өлшенетін шаманың атауын немесе белгісін қоюға болады.

2.3.14 Келтірілген стандартпен қаралмаған шамаларды белгілеуге резервтік әріптерді қолдануға болады. Резервтік әріптерді қолдану схемада көрсетілуі керек.

2.3.15 Құралға байланыс сызығын жүргізуі графикалық белгілеудің кез-келген нүктесінен ала береді. (жоғарыдан, төменнен, жанынан)

2.3.16 Құралдың шарттық белгілеуін құру принципі 2.1 суретінде көрсетілген.

Сурет 2.1 – Құралдың шартты белгілену реті


2.3.17 Құралдың шартты белгілену реті және автоматизациялау құралдарына арналған мысалдар келесі таблицада берілген.

Кесте 2.5 – Құралдың шартты белгілену реті және автоматизациялау құралдарына арналған мысалдар.





Атауы

Белгілеу

1

2

3

1



Орынға байланысты қондырылған, температураны өлшеуге арналған өлшеуіштік түрлендіргіш.

Мысалы: термоэлектрлік түрлендіргіш (термопардың), кедергінің термотүрлендіргіші, манометрлік термометрдің термобаллоны, пирометрдің датчигі және т. б.



2



Орынға байланысты қондырылған температураны өлшейтін құрал.

Мысалы: ртутты термометр, манометрлі термометр және т. б.



3



Қалқанда орнатылған температураны өлшейтін құрал.

Мысалы: милливольтметр, логометр, потенциометр, автоматты мост және т. б.



4



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткіші дистанционды берілетін, шкаласы жоқ температураны өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: Пневмо- немесе электро берілімі бар шкаласыз манометрлі термометр (немесе басқа да температура датчигі).



5



Қалқанда орнатылған, тіркеуішті, бірнүктелі температураны өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: өздігінен жазатын милливольтметр, логометр, потенциометр, автоматты мост және т. б.



6





Қалқанда орнатылған, тіркеуішті,автоматты жүгірмелі қондырғысы бар температураны өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: көпнүктелі өздігінен жазатын потенциометр, автоматты мост және т. б.



7



Қалқанда орнатылған, тіркеуішті, реттеуішті температураны өлшеуге арналған құрал. Мысалы: кезкелген өзі жазатын температураны реттегіш. (манометрлі термометр, милливольтметр, логометр, потенциометр, автоматты мост және т. б.

8





Орынға байланысты қондырылған, шкаласы жоқ температураны реттегіш.

Мысалы: дилатометрлі температураны реттегіш.



1

2

3

9



Қалқанда орнатылған, тіркеуішті, реттеуішті, басқару станциясы бар температураны өлшеуге арналған жинақ. Мысалы: 2-ші реттік құрал және реттелетін «Старт» блок системасы.

10



Орынға байланысты қондырылған, шкаласы жоқ, түйіспелі қондырғысы бар температураны өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: температуралық реле.



11



Қалқанда орнатылған,дистанционды басқарылатын байпасты панель.

12



Қалқанда орнатылған, өлшеу (баскару) электрлік тізбек ауыстырып қосқышы, газды(ауа) желісіне арналған ауыстырып қосқыш.

13



Орынға байланысты қондырылған, қысымды өлшеуге арналған құрал. Мысалы: кез- келген манометр, дифманометр, тягомер, напоромер, вакуумметр және т. б.

14



Орынға байланысты қондырылған, қысым айырымын өлшеуге арналған құрал. Мысалы: дифманометр.


15



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткіші дистанционды берілетін, шкаласы жоқ қысымды өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: Пневмо- немесе электро берілімі бар шкаласыз манометрлі дифмометр.



16




Қалқанда орнатылған тіркеуішті, қысымды өлшеуге арналған құрал. Мысалы: кезкелген өзі жазатын манометр немесе кез- келген қысымды тіркейтін 2-ші реттік құрал.

17



Орынға байланысты қондырылған, түйіспелі қондырғысы бар қысымды өлшеуге арналған құрал. Мысалы: қысым релесі.

18



Орынға байланысты қондырылған, түйіспелі қондырғысы бар, көрсетуі бар қысымды өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: электроконтакті манометр, вакуумметр



19




Қосымша энергия көзі жоқ қысымды реттегіш.



1

2

3

20



Орынға байланысты қондырылған,шығынды өлшеуге арналған 1-ші реттік өлшегіш түрлендіргіш. Мысалы: диафрагма, сопло, Вентури трубасы, шығын өлшеуіштің индукционды датчигі.

21



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткіші дистанционды берілетін, шкаласы жоқ шығынды өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: Пневмо- немесе электро берілімі бар шкаласыз дифмометр (ротаметр).



22



Қалқанда орнатылған тіркеуішті,шығын қатынасын өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: кез- келген шығын қатынасын тіркеугн арналған 2-ші реттік құрал.



23



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткішті шығынды өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: көрсеткішті дифманометр (ротаметр).



24



Орынға байланысты қондырылған, интегралдайтын, шығынды өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: кез- келген шкаласыз, интеграторы бар счетчик-расходомер.



25



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткішті, интегралдайтын, шығынды өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: интеграторлы көрсеткішті дифманометр.



26



Орынға байланысты қондырылған, интегралдайтын, белгілі зат көлемі өткеннен кейін сигнал беретін құрылғысы бар шығынды өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: счетчик-дозатор



27



Орынға байланысты қондырылған, деңгейді өлшеуге арналған 2-ші реттік өлшегіш түрлендіргіш.

Мысалы: электрлі немесе сыйымдылықты деңгейөлшеуіш датчик.



28



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткішті, деңгейді өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: деңгейді өлшеуге арналған манометр (дифманометр),



29



Орынға байланысты қондырылған, түйіспелі қондырғысы бар деңгейді өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: блоктауға және жоғарғы деңгейдің сигналын беруге арналған деңгейлік реле.




1

2

3

30



Орынға байланысты қондырылған, шкаласыз, дистанционды көрсеткіш берілімі бар деңгейді өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: Пневмо- немесе электро берілімі бар шкаласыз деңгейөлшеуіш.



31



Орынға байланысты қондырылған, шкаласыз,реттелетін, түйіспелі қондырғысы бар, деңгейді өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: электрлі деңгейлік регулятор-сигнализатор. Н әріпі бұл жағдайда жоғарғы деңгей блокировкасын білдіреді.



32



Қалқанда орнатылған, түйіспелі қондырғысы бар, көрсетуі бар деңгейді өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: сигналды құрылғысы бар 2-ші реттік көрсеткішті құрал. Н және L әріптері жоғарғы және төменгі деңгей сигнализациясын білдіреді.



33



Орынға байланысты қондырылған, шкаласыз, дистанционды көрсеткіш берілімі бар қоспа тығыздығын өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: Пневмо- немесе электро берілімі бар тығыздықөлшеуіш датчигі.



34



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткішті өлшем өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: болат таспа қалындығын өлшеуге арналған, көрсеткішті құрал.



35










Орынға байланысты қондырылған,кез- келген электрлі шаманы өлшеуге арналған, көрсеткішті құрал.

Мысалы:


Кернеу*

Тоқ күші*

Қуат*


* Кез- келген электрлік шаманы ашып көрсететін жазылулар не құрылғы жанында не кесте түрінде сызу жанында орналасады.

1

2

3

36



Қалқанда орнатылған, уақытша программа бойынша прцесс барысын бақылауға арналған құрал.

Мысалы: командалық электропневматикалық құрал (КЭҚ), көп тізбекті уақыт релесі.



37



Қалқанда орнатылған, көрсеткішті ылғалдылықты өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: ылғалөлшегіштің 2-ші реттік құралы.



38



Орынға байланысты қондырылған, өнім сапасын өлшеуге арналған 1-ші реттікт өлшеуіш түрлендіргіш.

Мысалы: рН-метр датчигі.



39



Орынға байланысты қондырылған,көрсеткішті өнім сапасын өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: түтінді газдағы көмірқышқыл газының құрамын көрсететін газ анализаторы.



40



Қалқанда орнатылған, тіркеуішті, реттеуішті өнім сапасын өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: Ерітіндідегі күкіртті қышқылын реттейтін 2-ші реттік өзі жазатын құрал.



41



Орынға байланысты қондырылған, түйіспелі қондырғысы бар, көрсеткішті радиобелсендікті өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: a- және b-сәулелерінің рұқсат берілген концентрациясын көрсететін және сигнал беретін құрал.



42



Қалқанда орнатылған, тіркеуішті айналым жылдамдығын өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: тахогенератордың 2-ші реттік құралы.



43



Орынға байланысты қондырылған, тіркеуішті бірнеше әр түрлі өлшемді өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: қосымшы қысым жазылымы бар өзі жазатын дифнамометр-расходомер. Өлшенетін өлшемді ашып көрсететін жазулар құралдың оң жағында орналасады.



44



Орынға байланысты қондырылған, көрсеткішті тұтқырлықты өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: көрсеткішті тұтқырөлшеуіш.



45



Орынға байланысты қондырылған, түйіспелі қондырғысы бар, көрсеткішті өнім массасын өлшеуге арналған құрал.

Мысалы: сигнал беретін, электроннды-тензометрлі қондырғы.



1

2

3

46



Қалқанда орнатылған, түйіспелі қондырғысы бар, шкаласыз алау сөнуін бақылауға арналған құрал.

Мысалы: өрттен-сақтағыш қондырғының 2-ші реттік құралы. В әріпінің қолданылымы схемада көрсетілуі керек.



47



Қалқанда орнатылған сигнал түрлендіргіш.Кіру сигналы да, шығу сигналы да электрлі.

Мысалы: өлшеуішті түрлендіргіш.



48



Орынға байланысты қондырылған сигнал түрлендіргіш. Кіру сигналы пневматикалық, шығу сигналы — электрлік.

49



Көбейту функциясын орындайтын есептегіш құрал.

Мысалы: К тұрақтысына көбейткіш.



50



Электр двигателін басқаруға арналған іске қосу аппаратурасы.

Мысалы: магнитті іске қосқыш, контактор. Резервті әріптің қолданылуы схемада белгіленуі тиіс.



51



Қалқанда орнатылған, қолмен дистанционды басқауға арналған аппаратура.

Мысалы: батырма, басқару тетігі, задатчик



52



Қалқанда орнатылған, қолмен дистанционды басқауға арналған, сигнализациямен қамтылған аппаратура.

Мысалы: кірістірілген шамы бар батырма,жартандырғышы бар басқару тетігі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет