Жарақаттар. Жабық механикалық зақымданулар. Созылу, буын шығуы
Шығу ( вывихи) - сүйек буындарының беткейлі толық жылжуымен, капсулалардың және байламдардың жыртылуымен, активті, пассивті қозғалыстардың шектелуімен жүретін жарақаттану. Толық және толық емес түрлерге бөлінеді. Шығулар туа жүре пайда болады. Туа шығу жатыр ішінде болады.

Патологиялық шығу - патологиялық процесте (қатерлі ісік, іріңді инфекция, туберкулез) болады.
Үйреншікті шығу - байлам аппараттарының әлсіз болуынан қайталанатын жарақаттар. Көбінесе иық буынында кездеседі.
Асқынған шығу - жарақаттанумен бірге нерв түйіндерінің зақымдалуы.
Клиникасы: ауырсыну, буынның активті және пассивті қызметтердің шектелуі, ісіну, қан кету, гемартроз, буын аймағының деформациялануы. Диагноз рентгенмен анықталады.
Клиникасы: ауырсыну, буынның активті және пассивті қызметтердің шектелуі, ісіну, қан кету, гемартроз, буын аймағының деформациялануы. Диагноз рентгенмен анықталады.
Сүйектің шығуы кезінде алғашқы көмек көрсету алгоритмі:
Транспортты иммобилизация (Крамер, Дитерихс шинасымен иммобилизациялау, Дезо таңғышын салу және қолда бар затты пайдалану.
ЛПУ-ға транспорттау.
Емі:
Стационарда диагноз анықталу үшін ренетген жасау.
созылуымен бұлшық еттің босаңсынуы үшін 2% новокаин, лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру. Түзету әдістеру қолданылады (мысалы, Кохер және Джанелидзе әдістері иық және жамбас сүйектері үшін).
Түзетуден кейін бақылау мақсатында рентгенге түсіріп,1-2 апта гипс саламыз.