Жарақаттың жіктелуі


Шок жоне кулдырау себептері мен емі



бет7/31
Дата15.06.2023
өлшемі418.29 Kb.
#475101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
ХИРУРГИЯ ВМ-407 ЖАУАБТАРЫ

25. Шок жоне кулдырау себептері мен емі
Шок-организмге шектен тыс күш әсер еткенде дамитын, қан айналымының жедел жеткіліксіздігімен көрініс беретін ауыр патологиялық үрдіс. Бұл кезде гипоксия жағдайына байланысты зат алмасу үрдістері бұзылып, ағзалар қызметі өте әлсірейді.
Шоктың түрлері: пайда болу себептеріне қарап шоктың төмендегідей түрлерін ажыратады:
1) жарақаттық, 2) гиповолемиялық, 3) кардиогендік, 4) сепсистік (токсико-инфекциялық), 5) гемотрансфузиялық, 6) анафилактикалық 7) нейрогендік.
Жарақаттық шок. Жұмыс орнында, әртүрлі табиғи апаттарда, қару-жарақты қолданғанда дамитын ауқымды жарақаттарда байқалады.
Гиповолемиялық шок. Көп қан кету жағдайында көп мөлшерде плазманы жоғалтқанда (мысалы, құсу немесе іш кету нәтижесінде) сұйықтықтар мен электролиттер организмнен шығып кеткенде, яғни айналымдағы қан көлемі өте азайғанда дамиды.
Кардиогендік шок. Миокардтың көлемді инфарктыңда, жүрек жарылып кеткенде, өкпе артериясы тығындалып қалғанда, жүрек қызметінің кенеттен бұзылуымен байланысты.
Сепсистік шок. Грамтеріс бактериялар әсерінен (ішек таяқшасы және т.б.) дамыса, оны эндотоксиндік шок, ал грам оң бактериялар (мыс. staphilococcus aureus және т.б.) экзогендік шок деп деп аталады. Бактериялық токсиндер әсерінен қан тамырларының эндотелий қабаты зақымданып, оның өткізгіштігі ерекше артып кетеді. Қан тамырларының кеңейіп кетуі (вазодилатация) қан қысымының төмендеп кетуіне соқтырады. Сөйтіп, қанның басым бөлігі шеттегі кеңейген қан тамырларында қалып қойып, жүрекке қан келуі азаяды. Токсиннің әсерінде комплементтің фибринолиздік және кинин жүйелерінің белсенділігі күшейеді, тромбоциттер мен лейкоциттер белсенділігі артып, олар жасушалар мен тіндерді бұзады.
Гемотрансфузиялық шок топтары сәйкес келмейтін қан құйылғанда дамиды.
Анафилактикалық шок организмге әртүрлі аллергиялық реакциялардың дамуына байланысты.
Нейрогендік шок-жұлын-ми жарақаттанғанда немесе ауқымды дене жарақатында кездеседі. Оның негізгі себебі орталық нерв жүйесіне афференттік ауыру импульстарының шектен тыс түсуі. Осы жағдайда шеткі қан тамырлары ерекше кеңейіп, қан қысымы өте төмендеп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет