Бірінші аймақ — жарақат каналы. Кей кезде жарақат каналы оқтың және бөгде дененің,некроздалған тіннің, қан ұйындыларының, бактериялардың болуымен айқындалады.
Екінші аймақ — тікелей травматикалық некроздану аймағы. Кинетикалық энергия күшінің негізінде пайда болады. Қан сіңген өмірге қабілетсіз тіндерден құралады.
Үшінші аймақ - молекулярлық сілкініс аймағы.Құрлымы бұзылған клеткалардан, метоболизмі өзгерген тіннен құралады. Қолайсыз жағдайларда оксигенация дамып инфекция дамиды.Емі өте күрделі.
Атылған жарақаттың бітісу кезеңі.
Күрделі құрлымды кесілген жарақат.
Зақымдаушы факторларға байланысты.
Жылдамдығы төмен қарулық жарақаттар. Мұндай жарақаттар 600 м/с аспайтын жылдамдықтың негізінде пайда болады.Кіру қақпасы үлкен емес және зақымданған тін көлемі шамалы.
Жылдамдығы жоғары қарулық жарақаттар. Оқ жылдамдығы 900 м/с болады.Кіру және шығу қақпасы үлкен, жұмсақ тіндердің дефектісімен, жарақаттық каналдың біртектік емес сипатымен айқындалады.
Бөліктенген қарулық жарақаттар. Мұндай жарақаттар бірнеше жарақаттардың бірігуімен ерекшеленеді. Көп мөлшерде қан кетулер,ішкі ағзалар мен тіндердің соққы алуы анықталады.
Зақымдану аймағына байланысты жіктелу.
Зақымдану көлемі кішкентай жарақаттар-шекараларының зақымдануы айқын емес немесе әлсіз білінген. Некроздану аймағы шамалы білінген.
Зақымдану көлемі үлкен жарақаттар-шекаралары көзге көрінетіндей анық зақымданған, қан құйылуларды, тіннің жаншылуы мен басылуын көруге болады. Мұндай жарақаттар аз қансырайды, көп аурады, жазылуы ұзаққа созылып, асқынуға бейім болады.