Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”



бет11/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#125423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тотығу реакциялары. Бұл реакциялардың барысында бір заттар өздерінен сутегін боліп шығарады да, ол зат тотықты деп есептеледі. Ал екінші заттар оны өзіне қосып алады да тотықсызданады деп есептеледі. Осы процестер бірінен соң бірі жүретін реакциялардың ұзақ тізбегі түрінде болады. Қорыта айтқанда, тотығу реакциясы деп отырғанымыз, тотығу-тотықсыздану рсакциясы болып шығады. Әдетте, сутегін беретін затты донатор дсп, ал оны қосып алып тотықсызданатын затты акцептор деп атайды. Осы тұрғыдан алғаңда, тотығу тотықсыздану реакцияларының жалпы схемасы төмендегідей болмақ: RН2+А = R+АН2.

Мұндағы RН2 - донатор, А - акцептор.

Тотығу-тотықсыздану процестері әртүрлі уақытша түзілетін, аралық өнімдердің қатысуында жүреді. Мұндай өнімдер бір емес, бірнеше ферменттермен қосылысқа түседі.

Тасымалдау рекциясы. Бұларда атомдар немесе атомдардыц топтары бір қосылыстан екшші қосылысқа етіп отырады. Мысалы, фосфофераза ферменттерінің қатысуыңда жүретін реакцияларды алсақ. Бұл ферменттер фосфор қышқылы қалдықтарын тасиды. Фосфоферазаның актив тобы ретіңде аденозинфосфат қызмет етеді. Ол өзінен фосфор қышқылының бірден үшке дейін молекулаларын бөліп шығарады және сондай молекулаларды өзіне қосып та ала алады. Осыған байланысты ол аденозиндифосфор, аденозинтрифосфор, аденозинмонофосфор, аденил қышқылдарына айналады. Қышқыл қалдықтары бөлінгенде организм қажетіне керек жылу бөлініп шығады. Әсіресе, аденозинтрифосфор қышқылы /АТФ/ аденозинди-фосфор қышқылына /АДФ/ айналғанда өте көп, өрбір босаған фосфор қышқылының грамм-молекуласына 12000 калория жылу бөлінеді. Осы жылу нәтижесіндс қаңқа еттерінің қызметі іске асады. Фосфор қышқыл қалдықтары тасылу үшін де оның донаторы жөне акцепторы болуы шарт. Мысалы, углеводтардың күрделі ыдырау процесінде фосфор қышқылының донаторы қызметін фосфоэнолпировиноград қышқылы атқарады. Бұдан бөлініп шыққан фосфор қышқылының қалдыгын аденозиндифосфор қышқылы қосып алып, АТФ-ке айналады, одан соң акцептор рөлін атқаратын глюкозаға өлгі қаддықты беріп жіберіп, АТФ қайтадан АДФ-ке айналады. Осындай күрделі процестерінің барысыңца жоғарыда айтқаңдай организмдегі энергия балансына керекті энергия босап, белгілі бір қызметтің іске асуын қамтамасыз етсе, екінші бір жағдайда ол, күрделі зат бойындағы потенциялық энергияға айналады. Бұл өзгерістер барлық органикалық заттар алмасқанда болып тұрады.



Бақылау сұрақтары:

1.Зат және энергия алмасу

2.Заттар және энергияның алмасуы түралы жалпы түсінік.

3.Метаболизм.

4. Анаболизм және катаболизм түралы түсінік.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Анаболизм және катаболизм түралы түсінік
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
24 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Су және минерал заттар алмасуы
Лекцияның жоспары:
Лекцияның мақсаты: Су және минерал заттар алмасуымен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Кез келген торша қүрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Оның үлесі организм ерекшелігі мен оньщ мекендеу ортасына, торшаның сипаты мен оның функционаддық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, сүйек үлпасының торшаларында оның үлесі 20%, май үлпасында - 30%, бүлшық етте - 75%, мидың сүр затында, бүйректе, өкпеде, бауырда, дәнекер үлпада - 80-85%, даму үстіндегі үрық торшаларында - 90%-дан астам, тіпті тіс кіреукесінің қүрамыңда - 0,2% қүрайды. Торша мен организмнің функционалдық белсенділігі неғүрлым зор болса, соғырлым оның қүрамында су мол болады, сондықтан жас үлғая келе организмдегі су мөлшері азая түседі.

Су торшаның тіршілік етуі үшін қажет загтың бірі. Ол цитоплаз-маның негізін қүрайды, оның қүрылымының сақталуына, қүрамын-дағы коллоидтардың түрақтылығының сақталуына жағдай туғызады.

Денеде химиялық таза су болмайды. Ол не минералды заттармен, не коллоидтармен байланыста болады. Денеде су не торша қүрамын-да, не одан тыс орналасады. Қан плазмасы, үлпалық сүйық және лимфа қүрамындағы су торшадан тыс орналасқан су фракциясын түзеді. Денедегі судың жалпы мөлшерінің шамамен 70 пайызы тор-ша ішінде, 30 пайызы одан тыс орналасады.

Торшадағы судың маңызы оның химиялық және қүрылымдық қасиеттеріне, атап айтқаңда, молекулалық мөлшерінің ықшамдығы-на, зарядталғыштығына жөне бір-бірімен сутектік байланыстармен біріге алатын қабілетіне байланысты.

Су молекуласының зарядталғыш және сутектік байланыс түзгіш қабілетімен байланысты ол зарядты заттар үшін жақсы еріткіш бо-лып табылады. Ионды қосылыстардың зарядталған бөлшектері (ион-дары) суда бір-бірінен ажырайды да, ериді. Кейбір иондалмаған, бірақ молекуласында зарядталған топтары бар қосылыстар да (қант-тар, амин қышқылдары), қарапайым спирттер де (ОН" тобының болуына байланысты) жақсы ериді. Су барлық химиялық реакция-лар жүретін әмбебап орта болып табылады. Сонымен қатар барлық ыдырау (гидролиз) және тотығу-тотықсыздану реакциялары судың қатысуымен жүреді.

Судың жылу сіңіргіштік қасиеті зор болады. Денеде жиналған жылу судың температурасын онша көтере қоймайды, себебі жылу энергиясының көп мөлшері су молекуласының қозғалыстарын шек-теп түратын сугекті байланыстарды үзуге жұмсалады. Судың жылу сыйым-дылығының зор болуы үлпаларды қатты қызып кетуден сақтайды.

Суға жақсы жьшу өткізгіштік қасиет төн. Бүл жьшудың дененің әртүрлі боліктерінде бірдей таралуына мүмкіндік береді. Судың беттік керіліс күші де үлкен болады. Оның бүл қасиеті түту процесі-нің атқарылуы, ерітіңділердің үлпалармен жьшжуы үшін (мысалы, қан айналым) қажет.

Организмде судың үш түрі болады: 1) еркін, байланыспаған су. Ол торша мен торшааральгқ қуыстағы органикальгқ және бейоргани-калық заттарды.ерітеді; 2) байланысқан су, ол коллоидтар қүрамына еніп, олардың ісінуін қамтамасыз етеді; 3) гидраттық су, ол органи-калық заттар қүрамына еніп, солар тотыққанда болінеді.

Организмде су бірде кобейіп, бірде азайып отырады. Соған қарамастан қанның осмостық қысымы әркез түрақты деңгейде сақталады, себебі денедегі су үздіксіз алмасып, оның молшері реттеліп отырады. Ас қорыту жолынан су қанға сіңеді, сондықтан сүйық коп қабылданған жағдайда қан қысымы котерілу керек. Қалыпты жағдайда мүндай ауытқу болмайды, өйткені судың ар-тық молшері қаннан организмдегі су мен минералды заттар қой-масы болып табылатын тері шеліне отіп кетеді де, тым артық мөлшері тер мен зәр қүрамында сыртқа шығарылады. Су тапшы болған жағдайда су қоймаларындағы судың есебінен оның қан-дағы қалыпты деңгейі сақталады.

Организм қабылдаған су қанға оңай сіңеді. Ол бауырдан отіп, бүкіл денеге тарайды да, алдымен торшааралық қуысқа, одан әрі торшаға отеді. Торшаның суды сіңіруі осмос ықпалымен су концентра-циясының градиентіне байланысты жүреді. Торшалардан шыққан су үлпалық сүйық пен лимфа арқылы қанға өтіп, бөлу ағзалары әрекетімен сыртқа шығарьшады. Организмде су осмостық және он-костық қысым деңгейіне байланысты алмасып отырады.

Организмге су ауыз су түрінде жөне қорек күрамында келеді. Қорек қүрамындағы су белоктар, кемірсулар, майлар тотыққан кезде белініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы дейді. Денеде 100 г белок тотыққанда - 41 г, дәл осындай мөлшерде көмірсулар мен майлар тотыққанда тиісінше 55 және 107 г су белінеді. Ал, организм қабылдайтын ауыз су молшері ауа райының жағдайына, қорек сипа-тына, жасқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отыра-ды. Мысалы, жас организм толысқан организммен салыстырғанда суды 3 - 4 есе көп қабьшдайды. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды да, шамамен зәр қүрамында 1,5 л, нәжіспен - 0,1-0,2 л, термен - 0,5 л, екпе арқылы - 0,3-0,4 л су беледі. Желінген азықтың өрбір килограмына шаққанда жылқы мен қой - 2-3 л, сиыр -4-5 л, шошқа - 7-8 л су ішеді.

Су мен электролиттердің торша мен торшааралық кеңістікте және организм мен қоршаған орта арасында таралуын қамтамасыз ететін процестер жиынтығын су мен түздар алмасуы дейді. Су мен түздар алмасуы бір-бірімен тығыз байланысты. Бүл процесс ішкі ортаның осмостық қысым мен сутектік керсеткіші деңгейінің түрақтылығын, диффузия жөне осмос қүбылыстарын қамтамасыз етеді, қорекгік зат-тарды сіңіру, қажетсіз өнімдерді белуде маңызды рөл атқарады. Сон-дықтан бүл процестің реттелуінің маңызы зор.

Су мен түздардың алмасуын реттейтін орталық аралық мидың гипоталамустық бөлігінде орналасқан. Орталықта денедегі электро-литтер концентрациясьшың өзгерістерін сезінетін ерекше осморецеп-циялық торшалар болады. Осы торшалардьщ қозуы салдарьшан нервті-рефлекстік немесе гуморальды жолмен бөлу мүшелерінің әрекеті езгеріп, ауытқыған қысым қалпына келтіріледі.

Орталыққа денедегі су мөлшерінің ауытқуларьш торт түрлі рецеп-торлар хабарлап отырады. Олар ауыз қуысының кілегейлі қабығын-дағы рецепторлар (кебірсіну салдарынан тітіркеніп, шолдеу түйсігін тудырады), қарьшньщ кілегейлі қабығьшдағы барорецепторлар (қарьш қабырғасының ісінуі немесе семуі салдарынан тітіркеніп, шолдеу түйсігін тудырады), үлпалар осморецепторлары (үлпадағы осмостық қысым деңгейінің өзгерістерін хабарлайды), тамырлар қабырғасын-дағы толым (волюм) рецепторлар (тамыр арнасындағы қан мөлшерінің езгерістерін сезінеді).

Организмдегі су мен минералды түздардың алмасуын реттеуде ва-зопрессин қүрамына енетін антидиурездік гормон (АДГ) маңызды рол атқарады. Бүл гормон гипоталамустың паравентрикулярльгқ және супраоптикалық ядроларында түзіледі де, гипофиздің артқы бөлігінде жинақталады. АДГ бүйрек түтікшелерінің қабырғасыңдағы гиалуро-нидаза ферментін белсендіреді. Осыдан түтікшелер қабырғасы эпителийінің торшаларын біріктіріп бекітетін гиалурон қышқьшы үйексізденеді (деполяризацияланады) да, түтікше қабырғасының әткізгіштік қабілеті жоғарылап, кері сіңіру (реабсорбция) күшейеді, сондықтан судың болінуі азаяды. Су мен минералды заттардьщ алмасуьш реттеуде бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін альдостерон гормонының да маңызы зор. Ол бүйрек түтікшелерінің эпителийіндегі янтарь қышқылының дегидрогеназасын белсендіріп, натрийдің кері сіңірілуін күшейтеді. Бүйрек үлпасыңда натрий концентрациясының жоғарылауынан он-дағы осморецепторлар тітіркенеді де, вазопрессиннің (АДГ) синтезделуін күшейтіп, судың денеде сақталуын жақсартады. Ал, альдостеронның бөлінуін реттейтін бірнеше механизм бар. Оның болінуін гипофиздің адренокортикотропты гормоны (АКТГ), гипо-таламуста түзілетін адреногломерулотропин, бүйректе синтезделетін ренин күшейтеді. Минералды кортикоидтар организмдегі үлпалық сүйықты кобейтіп, сыртқа натрийдің болінуін азайтады, калийдің бөлінуін арттырады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Судың организм үшін биологиялық маңызы қандай?

2. Су мен тщздар алмасуы қалай регптеледі?

3. Су және минерал заттар алмасуы қандай.


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Су мен түздардың алмасуын реттейтін не.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

25 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Белоктар.Көмірсулар.
Лекцияның жоспары:

1.Белоктар, көмірсулар, және майлар алмасуындағы эндогендік судың пайда болуы.

2.Терідегі және еттердегі судың депосы.

3.Су мен минералдардың алмасуы.



Лекцияның мақсаты: Белоктар алмасуы мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Белоктар - басқа органикалық заттармен салыстырғаңда организм үшін ең маңыздылары, өрі құрамы жағынан ең күрделі зат. Белоксыз тіршілік жоқ. Жоғарыда ғана айтып кеттік, алмасу процестері ферменттерсіз-жүрмейді, ал ферменттер - белокты заттар. Еттің жиырылуын қамтамасыз ететін элементтер актин мен миозин деп аталатын заттар болса, бұлар да белок табиғатты. Қанның тыныс алу қызметі гемоглобинмен байланысты болса, ол да - күрделі белок. Қанның ұюында фибриноген деген белок заты зор рөл атқарады организмнің қорғағыштық қызметі белокты денелер - антиденелерге байланысты Физиологиялық функцияларды реттеуге қатысатын гормондардың көбі белок табиғаттас. Осылай тізе берсе, белоксыз орындалатын тіршілік процестерінің жоқ екеңдігіне күмән қалмайды. Егер аралық алмасудың барысында белоктар майға және углеводтарға айнала алатын болса, ал май мен углеводтан белок синтезделмейді. Белок жасалу үшін әдейі арналған амин қышқылдары және бұлардан күрделірек төменгі молекулалы полипептидтер керек. Ендеше денедегі ыдыраған белоктардың орнын толықтыру үшін, бұзылған клеткалардың орнына жаңа жас клеткалар түзілу үшін т.б. организм өр уақытта тамақпен бірге жеткілікті мөлшерде белокты заттарды қабылдап отыруы тиіс. Бірақ осы белоктарды құрайтын барлық амин қышқылдарының организм үшін маңыздары бірдей болмайды. Кейбір амин қышқылдары тамақ құрамында болмаса да одан организмге қажет белоктың синтезделу процесі бұзылмайды; себебі, ол амин қышқылын организм өзі-ақ синтездей алады немесе оның орнына басқа амин қышқылын пайдаланады. Мұндай амин қышқылдарын ауыстыруға болатын амин қышқылдары деп атайды тирозин т.б. Ал керісінше, кейбір амин қышқылдары жоқ болса, олардың орнына басқа амин қышқылдары жүре алмайды жөне оларды организм синтездей алмайды. Мұндай амин қышқылдарын ауыстыруга болмайтын амин қышқылдары деп атайды. Соңғылардың ең негізгілеріне лизин, триптофан, лейцин, гистидин, аргинин, валин, метионин т.б. жатады.

Белоктардың құрамыңдағы амин қышқылдарының саны, бір-біріне қатынасы, түрлері әр қилы болады. Кейбір белоктардың құрамында организмгс ең қажетті барлық амин қышқылдары түгел кездеседі. Сол себептен мұндай белоктарды биологиялық толық бағалы белоктар деп атайды. Көбінесе бұларға жануар белоктары жатады. Белоктардың басқа бір тобының құрамында организмге қажетті ең маңызды амин қышқылдары түгел болмайды. Мұндай белоктарды биологиялық толық багалы емес белоктар деп атайды. Бұларда ең болмағанда, бір ауыстырылмайтын амин қышқылы жетіспей тұрады. Өсімдік белоктары бұршақ тұқымдас өсімдіктердікінен басқалары осындай белоктарға жатады. Кейде екі немесе үш толық бағалы емес белоктар бір толық бағалы белоктың орнына жүре алады. Ссбебі, бірінде жоқ қажетті амин қышқылы екіншісінде, онда жоғы үшіншісінде болуы мүмкін. Әдетте толық бағалы белоктар организмге сіңімді келеді /70-95%/. Ал толық бағалы емес бедоктар оңдай дәрежеде сіңе алмайды /60-70%/.

Белок органимзге сіңу үшін міңдетті түрде ауыз арқылы ас қорыту каналына түсіпу ондағы белокқа өсер ететін ферменттердің әрекетімен өзінің құрамды қайда бөлшектеріне дейін ыдырауы тиіс. Осы ыдырау өнімдері амин қышқылдары мен полипептидтер. ішектен қанға өтеді, одан әрі дене клеткаларыңда әрбір органның, организмнің өзіне тән сырттан түскен белокқа ұқсамайтын белоктар синтезделеді. (Егер белок ауыз арқылы емес, тікелей қанға жіберілсе оның организмге пайда келтіруі былай тұрсын адамның температурасы көтеріліп, жүрек соғуы өзгереді және организмде басқа да қорғану реакциялары байқадады.

Азот балансы. Организмдегі белок алмасуының дәрежесін зерттеу үшін, денеге түсетін және сыртқа немесе, тер арқылы шығарылатын азот мөлшерін анықтайды. Өйткені майлар мен углеводтардан өзгеше белоктың құрамында орташа есеппен 16% азот болады.

Осымен бірге, негізінен ыдыраған белок құрамынан және басқа да жолдармен пайда болған азот денеден несеп және тер арқылы сыртқа шығарылады. Ендеше, денеге түскен азоттың одан шығатын азотқа қатынасы - азот балансы - белок алмасуына көрсеткіш болады. Тамақ құрамындағы азот денеге түгел сіңбейді біразы нәжіспен араласып сыртқа шығады. Сондықтан организмге сіңген азоттың мөлшерін анықтау үшін, тамақтағы барлық азот мөлшерінен нежіспен араласып сыртқа шыққан азот мөлшерін алып тастау керек. Сіңген азоттың мөлшері арқылы денеге пайдаға асқан белок мөлшерін табу оңай. Өйткені 100 г белокта 16 г N2 болса, 1г N2 - 6,25 г белокқа сай келеді. Сондай-ақ несеп құрамындағы азотгың мөлшерін тауып, оны 6,25-ке көбсйтсе, денедегі ыдыраған белоктың мөлшері табылады. Егер организмге түсетін азот одан шығарылатын азоттан артық болса, онда оң азот балансы делінегі. Мұндайда белоктың синтезі оның ыдырауынан басым болады. Көбінесе бұл жағдай - жас өспірім организмдерге тән. Ал кейде организм ашыққанда немесе түрлі инфекциялық аурулармен ауырғанда керісінше, денсге түскен азоттан оның сыртқа шығарылуы көбейеді. Мұны теріс азот балансы деп атайды. Әдетте, қалыптағы дені сау организмде азот теңдігі сақталады, яғни денеге түскен азот одан шығарылатын азотпен бірдей мөлшерде болады.

Денеден сыртқа шығарылатын азот мөлшері, яғни ыдырайтын ткань белогы тамақтану сипатына тікелей байланысты. Углеводы көп тағамдармен тамақтанғанда жөне белок жетіспегенде белоктар ең аз мөлшерде ыдырайды. Бұл жағдайда денедегі углеводтар белок сақтағыш рол атқарады. Тамақпен бірге түсетін белоктың мөлшері көбейсе, организмнен шығарылатын азоттың мөлшері көбейеді. Сөйтіп, дені сау организм өр уақытта азот теңдігін сақтап тұрады. Ересек, салмағы 70 кг адамға бір тәулікте, жеткілікті май және углеводты тағамдар қабылдал отырганда, 100-105 г белок керек. Организмнің қалыпты өсуі меңі басқа тіршілік әрекеттерін толық қамтамасыз ете алатын белоктың мөлшерін белок оптимумы деп атайды. Ал азот теңдігі сақтала алатын белоктың ең аз мөлшері белок минимумы деп аталады. Балалардың өсуі үшін белок оптимумы керек. Бірақ организмнің қабыддайтын белогының молшері тиісті шамадан асып кетпеу керек, асып кете қалған жағдайда нерв жүйесіне, бауыр, бүйрек қызметтеріне зиян келеді.

Салмағы мен жасына қарай 1 мен 4 жастың арасындағы балалардың бір тәулікте 30-50 г, 4 пен 7 жастың арасыңда 70 грамдай, 7 жастан бастап - 75-80 г белок қабылдағаны дұрыс.

Белоктың өте күрделі қосылыс екендігіне дәлел ретіңде нуклеопротейдтсрді еске алу керек. Нуклеопротеидтер белоктардың нуклсин қышқылдарымен комплекс түзген қосылыстары. Бұлар организмнің көптеген маңызды тіршілік әрекеттерінің іске асуында, дәлірек айтқанда, белоктар синтезделуде, түқым қуалайтын қасиеттердің берілуінде, ете үлкен рол атқарады. Нуклеин қышқылдары - көп бір типті молекулалар - нуклсотидтерден тұратын жоғарғы молекулалы полимерлі қосылыстар немссс полинуклеотидтер. Нуклеотидтің құрамында пурин немесе пиримидин негіздері, углевод /пентоза/ және фосфор қышқылы болады.

Нуклеин қышқылдары ішіңде, қазіргі кезде, оның екі түріне көп көңіл аударылады. 1. Рибонуклсин қышқылы /РНК/ - бұлар барлық клеткаларда кездеседі және белок синтездеуге тікелей қатысады. 2. Дезоксирибонуклеин қышқылы /ДНК/ - клетканың ядросыңда болады. Еңдеше тұқым қуалайтын белгілерді сақтайтын белокты структуралардың тұрақтылығы, РНК-ның синтезін басқару осы ДНК-молекулаларына байланысты деп түсінуіміз кере.

Клеткаларда үнемі белокты қосылыстардың синтезі жүріп жатады. Қазіргі кездегі мәліметтер бойынша осы белок синтезінің төрт түрін айырады. 1. "өсу" синтезі яғни тұтас алғандағы организмнің өсуімен байланысты белоктардың синтезі; 2. "тұрақтандырушы" синтез, яғни диссимиляция процесі кезінде жоғалған белокты қайта қалпына келтірумен байланысты синтез, организмнің бүкіл өмірінің барысында оңдағы тканьдық белоктардың өзін-өзі жаңартып отыруының негізі болатын синтез;



КӨМІРСУЛАР

Көмірсулар табиғатта кен таралған органикалық қосылыстар. Оларға құрамында көміртек, оттек және сутек бар органикалық қосылыстарға жатады. Көмірсулардың жалпы формуласы Сm Н2n Оn

Көмірсулар: моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер болып бөлінеді. Көмірсуларды кейінгі кезде глицидтер деп атайды. Көмірсулар қасиеті жағынан әр түрлі және түрлі құрылымдық формада болады. Олардың ішінде үлкен, кіші молекулалы, кристалды және борпылдақ, суда жақсы еритін, ерімейтін, гидролизденетін, оңай тотығу процесі жүретін қосылыстар көптеп кездеседі. Әр түрлі химиялық қасиеттері бар көмірсулардың жалпы организмде тіршілік процесі үшін, әсіресе жануарлар мен өсімдіктердің тканін құруда ролі өте күшті. Көмірсулар көптеген органикалық қосылыстардың құрамды бөлігі болумен қатар, организмдегі заттардын алмасуына активті түрде қатысады.

Көмірсулардың биологиялыҚ маңызы

Көмірсулар деп молекуласы кэбінесе химиялың элемент-терден - көмтртек, сутек және оттегінен түратын органика-лык коспаларды айтады.. Көмірсулар деп аталуы, олардың ал-ғашкы зерттелген өкілдері /С6 Н 12 О6 мен көміртек атомы-нан құралған тәрізді. Жалпы формуласы: Сn Н2 Оn . Тарихи аты сол уақыттардан бері сақталып отыр.

К.А.Тимирязев есімдіктердің жасыл жапырағында ауадан алынатын көміркышқыл газы мен тамыр арқылы келетін судан күрделі органикалық заттардың құралатынын, осы процесс кезінде ауаға өсімдіктерден оттегінің бөлініп шығатынын дәлелдеді. Бұл процесті фотосинтеэ /"фото"-сәуле, "синтез" - жинау деген грек сөздерінен алынған/ дейді. Тұтас алғанда, фотосинтез процесінің мәні химиялық мынандай процестермен өрнектеледі:

6С02 + 6Н2 О + 2874 кДж → С6НІ206 + 602

Фотосинтез процесі күн сәулесімен хлорофилдің көмегі-нің аркасында жүреді. Фотосинтез - табиги лаборатория, жер бетіндегі теңдесі жок физиологиялык процесс. Күн сәулесі жыл сайын жер бетіне 5-10 ккал энергия береді. Күн сәулесі табиғаттың тыңайтқыш күші болып есептеледі. Ал өсімдік болса "заводтар" мен оның "цехтарында" органикалық заттардың /көмірсулардың/ мол корын жинақ тауға жағдай жасайды.

Көмірсулар табиғатта кен таралған, олардың үлесіне өсімдіктердің 80-90 °/с құрғақ заттары, ал жануарлардың 1-2 70 құрғақ заттары жатады.

Көмірсулардың маңызы көп қырлы. Олар өсімдік клеткаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры /крахмал/ түрінде жиналады. Жануар мен адам организмінде көмірсулар химиялық энергияның ең басты көзі болып табылады. Жануар организмінің тканьдертнде гликоген түрінде қор болып жиналады.

Көмірсулар химиялық құрамы жөнінен 3 класқа бөлінеді: Т. Моносахаридтер - қарапайым қанттар /глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза/.



  1. Дисахаридтер - әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады /сахароза, мальтоэа, лактоза/.

  2. Полисахаридтер - өте күрделі заттар /крахмал, клетчатка, гликоген/.

Биологиялық жағынан пентозалар мен гексозалар үлкен маңызга ие.
Бақылау сұрақтары:

1.Организмде белок пен көмірсулардың алмасуы.

2.Су мен минералдық алмасуының байланысы.

3.Организмдегі тері,ішек және бүйректер арқылы судың шығуы.


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Көмірсулардың биологиялыҚ маңызы
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

26 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Сыртқа шығару ағзалары
Лекцияның жоспары:
Лекцияның мақсаты:
Лекцияның мазмұны:
Бақылау сұрақтары:
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет