1. Егер ТТ-сыз-у Р нәтижесінде тотығу дәрежесі Ме+1 Ме+2 Ме3+ болған металл катиондары пайда болса, ерітінді VpH<7 болғанда нормал (қалыпты) тұздар пайда болады.
Мысалы, К2 SO4,MnSO4,Cr2 (SO4)3
2. Егер ТТ-сыз-у Р нәтижесінде тотығу дәрежесі +4 (Э+4) пайда болса, ерітінді рН=7 (нейтрал орта) болғанда диоксидтер түзіледі. Мысалы: SO2, MnO2, РвО2…...
3. Егер ТТ-сыз-у Р нәтижесінде ТД Ме2+, Ме3+ болған амфотер катиондар пайда болса, ерітінді рН>7 болғанда гидроклокомплекстер түзіледі.
Мысалы: [Zn (OH) 4] 2-, [Cr (OH) 6]3-.
4. Егер ТТ-сыз-у Р нәтижесінде ТД Э +5 , Э+6, Э+7 болған иондар пайда болса, ерітінді рН-ы қандай болмасын олар оттегімен тартылысып қышқылдардың жоғары аниондарын пайда етеді. Мысалы N+5 NO –3, Cr +6 Cr O4-2
(pH>7), Cr2O7 2- (pH<7) S+6 SO4-2, Mn+7 MnO4-
5. Егер ТТ-сыз-у р 7> pH>7 (яғни жалғыз қышқылды немесе негізді) орталарда жүретін болса, міндетті түрде су пайда болады.Н2О. Егер ТТ-сыз-у Р рН=7 де жүретін болса, ОН- иондары пайда болады.
6. Егер О –2 және Н+ бойынша атомдар балансын орнату мүмкін болмаса,қосымша:
РН<7 болғанда суды енгізу
РН >7 болғанда сілтіні енгізу мүмкін
7. Берілген және қосып алынған электрондар сандарына қарап коэффициенттер жәрдемінде электрон балансын түзу керек, оның негізінде және массалар сақталу заңы негізінде атомдар балансын да орнату керек.
+ne
Тотыққан форма тотықсызданған форма
-ne
Мұндай әрбір жарым реакция стандарт тотығу-тотықсыздану потенциалы мен Е0, (в) характерленеді.Бастапқы есептеу нүктесі есебінде төмендегі жарым реакция қабылданған.
2Н + +2е Н2 осы жарым реакция үшін
Е0 = 0
Me n++ne Mе0 жарым реакциясы үшін Е0 стандартты электрод потенциалы (СЭП) есептелінеді.
Тақырып : Металдардың кернеулік қатары. Электролиз.
Li, Rв,К,Ва, Sr,Ca,Na,Mq,Al,Mn,Zn,Cr,Fe,Cd,Co,Ni,Sn,Pв,H,Sb,Вi,Cu,Hq,Aq,Pd,Pt,Au
Екілемші электр қабаты (ЕЭҚ). Электрод потенциалы сутекті жарым элемент.
Гальваникалық элемент деп химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айландыратын құрылманы айтамыз.
Zn0 /Zn2+ // Cи2+/ Cи0
Процесс химизмі:
Zn0 –2e =Zn2+, тотықсыздандырушы
Сu2+ +2e=Cu0, тотықтырушы
ЭҚК= (ЭДС) – Гальваникалық элементтің электр қозғатушы күші.
ЭҚК= Етотықтырушы - Е тотықсыздандырушы
ЕҚК= E0си –Е 0zn=+0,34 –(-0,76) =1,1 в
Электрод потенциалы Нэрнст теңдеуі жәрдемінде есептеледі.
ЕМе=E 0Мe + RT
nF .ln [ Me +n ]
Тұрақтылар R,Т,Ғ шамаларын қойып, натурал логарифмді ондық логарифимге
In = 2,303 Ig өткізіп:
Еме = Еме0 + 0,058
n . lg [ Me+n ]
n-металл валенттігі немесе электрон саны.
Электролиз: -Электр тогы жәрдемінде заттарды ыдырату процессі.
1. Металл кернеулік қатарында қаншалықты сол жақта орналасса бір түрлі жағдайларда оның иондары соншалық қиын разрядталады.
Оңай Аu3+ ,Aq + -иондары; қиынырақ Li + , Rв,+ К+ иондары.
2. Егер ерітіндіде бірнеше металлдар иондары болған жағдайда бірінші кезекте теріс потенциалы аз (немесе он потенциалы – көп) металл иондары разрядталады.Cu2+ және Zn2+ иондары бар ерітіндіден бірінші кезекте Cu2+ иондары ажыралады.
3. Концентрацияның көбейуі иондар разрядталуын оңайластырады, ал кемейуі қиындастырады.
4. Натрий,кальций тағы басқа металл тұздары (алюминиге дейін) сулы ерітінділердің электролизі кезінде ерітіндіден сутегі иондары разрядталып сутегі ажыралады.
5. Анодта қышқыл қалдығы иондары немесе судың гидроксил иондары разрядталады.Қышқыл қалдығы иондары құрамында оттегі болмаса (Сl-,S2-,CN- т.б) осы иондардың өзі разрядталады да анодта Cl2,S т.б ажыралады. Керісінше электролизге құрамында оттегі тұтқан қышқыл тұзы немесе қышқылдың өзі электролизге ұшыратылса анодта қышқыл қалдықтарының орнына гидроксил иондары разрядталады.Гидроксил ионы разрядталғанда пайда болатын нейтрал . ОН группалар тезде
4ОН 2Н 2О +О2
теңдеуі бойынша ыдырап кетеді.
Мыс сульфаты ерітіндісінің мысты анод қатысуындағы электролизі.
Катодта мыс ажыралып,анод жайлап еруі күзетіледі. Ерітіндіде CuSO4 мөлшері өзгермес болып қалады.
А) АuCl3 электролизі –бұйымдарды алтындау, әшекейлеу
AuCl3 диссоцияциясы AuCl3 =Au3+ +3Cl-
H2O диссоцияциясы H2O =H+ +OH-
(-) Аu3+ +3e =Au0 (+) 2 Сl- -2e =Cl02
Н+ OH-
Электролиз ыдысында:
Н+ +ОН- = H2 O
В) КВr электролизі –сілтілерді өнеркәсіптік алу әдісі
КВr диссоциациясы КВr = K+ +Вr –
H2O = H+ +OH –
(-) 2Н+ +2е = H0 2 (+) 2Вr - -2e =Вr 02
2H2O +2e =H2 +2 OH- OH-
Электролиз ыдысында
К+ +О Н- =KOH
С) Na2 SO4 ерітіндісі электролизі - сутегіні өнеркәсіптік алу әдісі
Na2 SO4 диссоциациясы Na2 SO4 = 2 Na+ +SO4 2-
H2O = H+ +OH –
(-) 2H++2e =H2 (+) 2Н2О – 4е О2 +4Н+
2H2 O +2e H2 +2OH- SO42- разрядталмайды
Na+ разрядталмайды
------------------------------------------------------------------------------------------------
Электролиз ыдысында
2Na+ +SO42- =Na2 SO 4
Электролиз заңдары (Фарадей).
1. Затты электролизге ұшырату кезіндегі ажыралған заттың салмақтық мөлшері ерітінді арқылы өткен электр мөлшеріне пропорционал болып практикалық тұрғыдан басқа ешқандай факторға байланысты болмайды.
2. Электролиз уақытында өзара тең болған электр мөлшері әртүрлі химиялық қосылыстардан заттың эквивалентіне сәйкес мөлшерлерін ажыратып береді.
3. Электролит ертіндісінен әр қандай заттың 1 грамм эквивалентін ажыратып алу үшін ертінді арқылы 96500 кулон электр мөлшерін өткізу керек.
m(x) = I x t M (x)
F x n
m(x) –тотыққан немесе тотықсызданған заттың мөлшері (г)
I -өткізілген ток күші (а)
t-электролиз уақыты (сек)
М (х) –моляр масса;
n - тотығу-тотықсыздану реакцияларында берілген немесе қабылдап алынған электрондар саны.
F-Фарадей тұрақтысы (96500 күл /моль)
Тақырып : Комплекс қосылыстар.
Өткінші металдар Sc,Ti,V,Cr,Mn,Fe,Cо,Ni,Cu,Zn көптеп күрделі иондар түзеді. Бұл күрделі иондарда орталық өткінші металл ионымен басқа лигандтар деп аталушы молекулалар немесе иондар байланысып күрделі болған бөлшек түзеді. Мұндай күрделі иондар комплекс иондар олар пайда еткен қосылыстар комплекс қосылыстар деп аталады.
Комплекс қосылыстарға басқаша анықтама: Өткінші металдардың өздерінің валенттігінен тыс қосымша аниондарды немесе нейтрал молекулаларды біріктіріп алып күрделірек болған қосылыстар түзуі мүмкін. - Мұндай қосылыстарды комплекс қосылыстар деп атаймыз.
Cr Cl3 x 6 NH3 [Cr (NH3) 6] Cl3
Cr Cl3 x 5 NH3 [Cr (NH3) 5 Cl] Cl2
Cr Cl3 x 4 NH3 [Cr (NH3) 4Сl2] Cl
Cr Cl3 x 3 NH3 [Cr (NH3)3 Cl3]
Тік жақша іші, комплекс қосылыстың ішкі сферасы, ал сырты сыртқы бөлігі сыртқы сферасы деп аталады.Ішкі сферада орталық металл атомы айналасында орналасқан атомдар немесе атомдық топтар саны - координациондық сан деп аталады.
Жоғарыдағы комплекстерде хромның координациондық саны алтыға тең.
Комплекс иондар катион [Cu (NH3) 4] 2+ немесе анион [Al F6]-3 көрінісінде болуы мүмкін. Мұндай бөліну лигандтарға байланысты.Егер лиганд нейтрал молекула болса, комплекс катион пайда болады, лиганд анион болса,комплекс анион пайда болады.
Өткінші элементтер Sc,Ti,V,Cr,Mn,Fe,Co,Ni түзетін комплекстер кеңістікте октаэдрикалық , тетраэдрикалық комплекстер түзеді.Бұлардан тысқары тегіс формалы және сызықты формалы комплекстерде жиі үшырайды.
[Ni (CN) 4 ]-2 тегіс комплекс
[Aq (NH3) 2]+ сызықты комплекс
[Aq (СN) 2]- сызықты комплекс
[Al F6] +3 октаэдрикалық комплекс
[Al Вr 4] – тетраэдрикалық комплекс
Қос тұздан комплекс иондар диссоциациялануымен ерекшеленеді.
КАl (SO4) 2 қос тұз диссоциаланғанда барлық құрамдық бөліктерге ыдырайды.
КАl (SO4)2 =K+ +Al 3+ +2 SO4 2-
Комплекс қосылыс KAq (CN)2 диссоциаланғанда комплекс ионға және сыртқы сферадағы анионға диссоциаланады.
К [Aq (CN) 2] = [Aq (CN) 2] - + K +
Органикалық лигандтардың металл иондарымен пайда еткен комплекстері ішкі комплекс қосылыстар деп аталады.
OH O Al /3
+Аl 3+
8-оксихимолин ішкі комплекс қосылыс
Глоссарий.
Сутектік көрсеткіш (А measure of acidity) – ерітіндідегі сутек иондары активтігінің ондық логарифмін теріс белгімен алған шамасы.
Тотықсыздандырғыш (Reducinq aqent) –химиялық реакция үрдісіне электрондарды беретін зат.
Тұз гидролизі (Salt hydrolysis) -тұз және су иондарының алмасып әрекеттесуі нәтижесінде әлсіз электролит пайда болып, ортаның рН шамасының өзгеруіне алып келуі.
Диссоциация константасы (Dissociation constant) - Ерітіндідегі иондар концентрациялары көбейтіндісінің электролит концентрациясына қатнасы.
Коррозия (Corrosion) - Металлдардың сыртқы ортамен өзара әсерлесуі нәтижесінде өзгеруі.
Тотығу (Oxidation) – Атомдардың тотығу дәрежесі асуымен заттардың электрон беру үрдісі.
Осмотикалық қысым (Оsmotic pressure) – Бет алаң бірлігіне тура келетін және ерітуші молекулаларын жарым өткізуші тосық арқылы өтуге мәжбүрлейтін күш.
Ерітінді (Solution) – Екі және одан көп компоненттерден тұратын гомоген жүйе.
Элетролит (Electrolytes) - Сулы ерітіндісі немесе балқытпасы иондарға ажыралып электр тогін өткізетін заттар.
Электролиз (Еlectrolysis) – Сыртқы көзден берілетін электр тогі әсерінде электродтарда жүретін үрдістер.
Комплекс (Cpmplex) - Өткінші металлдардың өздерінің валенттігінен тыс қосымша аниондарды немесе нейтрал молекулаларды біріктіріп түзген күрделі қосылыстары.
Лекция 13
Тақырып : Аналитикалық химия және оның предметі мақсаты міндеттері.
Сапалы анализ методтары : химиялық, физико – химиялық және физикалық анализ методтары. Макро -, жарым микро-, микро анализдер. Ашылу минимумы және шекті сұйылту. Ерітіндіден иондарда анықтаудың негізгі жағдайлары.
Лекция №14
Тақырып : Жалпы аналитикалық, топтық және меншікті ашу реакциялары.
Иондардың аналитикалық топтарға бөлінуі. Иондарда ажрату және анықтау реакциялары. Қышқылды негізді анализ жасау жүйесінде катиондардың сыныпталуы.
Лекция №15 Тақырып : Мөлшерлі анализ
Мөлшерлі анализ предметі. Мөлшерлі анализдің негізгі бөлімдері. Гравиметриялық, титриметриялық анализ методтары. Анализдің физико – химиялық және физикалық методтары. Анализ қателіктері және оларды жоғалту жолдары.
Қолданылатын әдебиеттер.
Негізгі.
1. К.Аханбаев Жалпы және анорганикалық химия
А. “Санат” 1999 ж. 602 б.
2. Н.С. Ахметов общая и неорганическая химия
М. В.Ш. 1988 639 б.
3. Угай Я. А. Неорганическая химия М. В. Ш. 1989 462 б.
4. Ф. Коттон, Дж. Уилкинсон современная неорганическая химия.
М. Мир 1969 т.1, 2 , 3.
5. Б.А Бірімжанов т.б. Жалпы және анорганикалық химияның теориялық кіріспесі.
6. В.Д.Пономарев Аналитикалық химия
Қосымша әдебиеттер:
1. Р. Насиров Жалпы және анорганикалық химия А, ғылым 2003 402 б.
2. И. Г. Хомченко. Общая химия М, Новая волна 2004 463 б.
3. Н.Н Павлов общая и неорганическая химия. М, Дрофа 2002 438 б.
4. С. Сегізбаев және т.б. Химия пәнінен семинарлық лабораториялық сабақтарға методикалық нұсқау. А. Қазақ университеті 2003 42 б.
-
М.М. Бүркітбаев және т.б. Апорганикалық химия бойынша тест сұрақтары.
Қазақ университеті 2002 92 б.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
“Сырдария” университеті.
7>7>
Достарыңызбен бөлісу: |