Жаратылыстану факультеті



Дата09.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#486055
І. Кіріспе 1.1. Зат алмасу -Зат алмасу (метабализм)-тірі ағзада өтетін бар 20231209 214357 0000


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Клетканың зат алмасуы
Орындаған: Құрман Аяна
Тобы: ЖБИ-212
Қабылдаған: Абишова Г.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Зат алмасу
2.Зат алмасу процестері
3.Зат алмасудың реттелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
1.1. Зат алмасу
-Зат алмасу (метабализм)-тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді.
Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олардың ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын , клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Оны 2 процесс құрайды.
Зат алмасу процесстері:
1. Анабализм (ассимиляция)-жасушалар мен ұлпалардың құрамдық бөліктері және органикалық қосылыстар биосинтезі.
2. Катабализм(диссимиляция)-күрделі молекулалы құрылым бөлшектерінің ыдырауы.
Зат алмасудың 4 кезеңі
1. Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі - қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
2. Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
3. Қоректік заттар мен оттегі жасушаларға тасымалдануы- заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
4.Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
2.1. Зат алмасудың реттелуі
Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Негізгі 3 түрлі макронутриенттер: белоктар, май, көмірсулар организмде тотыққанда энергия бөледі. Ол организмнің әртүрлі қажеттілігіне жұмсалады.
Май
Белок
Көмірсулар
Көмірсудың қызметі
Көмірсу-энергия көзі,денеге диполисахаридтер түрінде түседі, қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді. Қанға сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, онда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Көмірсулар энергия көзі. Ауыр дене жұмысында
.
Көмірсулар алмасуы
эмоциялық қозу кезінде тез арада ыдырап, тотыға алатын, деподан тез жеткізілетін құрылым . Пластикалық құрылым. Жасуша мембранасының, РНҚ мен ДНҚ құрамына енеді. Негізгі гомеостаз көрсеткіші - глюкоза мөлшері 4,4 6,7 ммоль/л
1. Жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылады. 1 г глюкоза 17,1 кДж (4,2 ккал) энергия бөледі
2. Құрылымдық қызмет атқарады. Өсімдіктерде жасуша жарғақшасы құрамына целлюлоза кіреді.
3. Қор жинау қасиеттеріне ие. Крахмал мен гликоген глюкоза көзі. 4.ДНҚ, РНҚ және АТФ компоненттері.
Көмірсу алмасуының реттелуі
Көмірсу алмасуына ми қыртысы, гипоталамус, ішкі секреция бездер әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үдерісін активтеу арқылы. Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді (гликогенез үрдісін жоғарылатады).
Көмірсулардың аралық алмасуы бұзылыстары
•Қанда сүт және пирожүзім қышқылдарының көбеюі
•Анаэробтық гликолиз әсерленуі
•Бауыр жасушаларының бүліністері
•В1 витаминінің тапшылығы
•Дене сұйықтықтарында және қанда сүт қышқылы жиналып қалуынан метабализмдік ацидоз дамиды
•Ішкі ағзаларда энергия тапшылығы болып, олардың қызметтері бұзылады
Қорытынды:
Метаболизм - катаболизм мен анаболизмнің үздіксіз бірлігі. Жасудағы кандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі кұрылымдык заттардың түзілу реакциясы анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сары кыртысының) маңызы зор. Организмнің дамуы,Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруга шалдығады. Қорыта айтканда, заттардың алмасуы ағзаның өсуіне, дамуына және тіршілігін жалғастыруда маңызды роль атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет