Жаратылыстану факультеті


Апариграха-дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау. Сатья



бет3/7
Дата08.04.2024
өлшемі43.07 Kb.
#497858
1   2   3   4   5   6   7
реферат философия[1]

Апариграха-дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау.
Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;
Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да, еш нәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу;
Ахимса - еш нәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тірші- ліктің жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, джайнизмнің адам алдына койған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жок.Уақытында Үнді елінің ХХ ғ. ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса қағидасына сүйене отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың бодандығынан алып шыққан болатын.Ал бүгінгі танда ахимсаның рөлі бұрынғыдан да жоғары болып отыр. Мысалы, бүгінгі таңдағы «аңшыларға» келетін болсак, олар күннен-күнге әлсіреп келе жатқан табиғатқа қаншалықты теріс әсерін тигізіп жатыр! Жануарды өлтірген бір қадам адам өлтіруге жакын, ал адам өлтірілген жағдайда соғыстың да бітпейтіні хақ. Сондыктан аң аулап, хайуандық инстинктерді оятқанша, табиғатка тек «фото аулауға» шығу бүгінгі таңның талабы.Нарықтық заманға өту жолында бүгін көп адамдар бірін-бірі алдау жолына түсіп, біреу мың теңгенің затын ұрлап түрмеге түссе, екіншісі миллиондаған теңге тұратын байлықты басып қалып, іскер деген атақ алып жүр. Егер джайнизм дүниеге байланба десе, біздің журналистер «Бай және бақытты болған жақсы» деген бағдар- ламаларды телеэкраннан көрсетеді. Сен бай болып, айнала қоршаған адамдар қайыршы болса, ондай өмірден кандай ләззат алуға болады?!Сонымен джайнизм философиясының гуманистік моральдық кұндылықтары - ұлы Үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі. Әсіресе бұл кұндылықтар бүгінгі барлық адамға керек материалдық қажет- тіктерді өтеп, күнбе-күн жалған қажеттіктерді жасап, жарнама арқылы солардың жолына миллиондаған адамдарды салып қойған Батыс қоғамына ауадай қажет. Мұның өзін кейбір Батыс ойшылдарының өздері де мойындап отыр.

1.2 Буддизм философиясы

Үнді елінде пайда болып, дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі - буддизм.


Буддизмнің негізін қалаған Үнді елінің шакья тайпасынан шыккан Гаутама Сидхартка (563-483 б.ғ.д.).
Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бактың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. үйленіп, балалы болыпты. Бірақ күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп, өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді. Бірақ одан еш нәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып, акырында ақиқатқа жетеді ол Буддаға яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды. Будданың ашқан «Төрт ақиқаты»:Бұл Дүниедегі өмір зардапка толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды,өйткені адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жораларынан айырылып кайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай, киналады. «Адам болу өте киын. Өтпелі пенденің өмірі қиын». Зардапты жену үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері: өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. «Құмарлықтан күшті от жок: жек көруден артық пәле жок; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жок». «Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды». Мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жек көруі тоқталмайды. «Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, айнала жүгіріп жүр».Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға бола- ды, «өйткені ешқашанда бұл дүниеде жек көру жек көрумен токта- тылмайды, тек қана жеккөруді жок кылу арқылы оны тоқтатуға болады. Міне, бұл мәңгілік шындық. Егер адам құмартудан құтылса, надандық пен жек көруден арылса, еш нәрсеге байланбаса гана әулиелік жолға түседі!»Зардапты тоқтатын жол бар, ол -сегіз қырлы. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет