4.Платонның объективтік идеализмі
Платонның объективтік идеализмі ойлаудың диалектикалық тәсілімен ұштасып жатты: жеке мен көптік, тепе – теңдік пен өзгешеліктің қозғалыспен тыныштықтың дибалектикасын байқауға болады. Платон зерттеген ұғымдар диалектикасының идеалистік сипатта екендігіне қарамастан, кейіннен диалектикалық логиканың дамуында үлкен роль атқарады.
Аристотельдің (б.э. дейінгі 384 – 322 жж) философиялық шығармалары ертедегі Грециядағы философиялық ой – пікірдің даму шыңы болып саналады. Антика дүниесі ғылымның барлық жетістіктерін бойына сіңіре білген. Аристотельдің дүниеге көзқарасынан терең мазмұнды материалистік және диалектикалық идеялармен қатар идеализмнің де элементтерін кездестіруге болады. Материаяның объективті түрде өмір сүретін негізін ала отырып, Аристотель оны мәңгі, жоғалып кетпейді және ешкім жаратпаған деп санады. Материя жоқтан пайда бола алмайды, деді ол, сондай – ақ ол саны жағынан көбие немесе азая алмайды. Бұл оның алғашқы кезде Плотон идеализімі сынағандығынан еңбектерінде бол жазылған пікірі. Алайда, кейініректегі еңбектерінде сол Плотонның идеялар негіз ретінде аздап болса да мойындайтын болды.
Материя өздігінен әрекетсіз деді Аристотель, шындықтағы көп түрлі заттардың одан тек пайда болу мүмкіншіліктері ғана бар.
Бұл мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін материяға тиісті түр (форма) беру қажет. Түр деп Аристотель заттан бұрын болатын пәрменді жасампаз мүмкіндікті шындыққа айналдыратын факторды түсінді. Түр бір тектес материалдан алуан түрді заттардың пайда болу себебі құлшынысы мен мақсаты, идеялық бейнесі ал материя - өздігінше илеуе көнетін қара балшық одан алуан түрде заттар пайда болуы үшін мүсінше құдай (немесе ақыл ой – бастапқы қозғаушы) қажет.
Алайда гносологияда Аристотель дәйекті материалистік позициясын қорғауды Дүниетану мақсаты формаларды ашу бірақ оларды ашу үшін сезім мүшелері арқылы алынған шындықты негізге алуды керек. Жеке – дара заттар өзгергіш, ал олардың жеке түрі (формасы) қзгермейді. Қрытында айтқанда антика фйилософиясының кейінегі ғасырларда тұжырымдаған дүние көзқарастың барлық негізгі түрлерінің бастапқы тегін байқауға болады. Сондықьан ол адамзаттың философиялық ой – пікірінің дамуындағы орасан зор маңызын ешқашан жоғалтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |