Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын



бет1/2
Дата04.04.2024
өлшемі77.48 Kb.
#497672
түріКонкурс
  1   2
Баяндама


Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7547 тіркелді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша
республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына 3-қосымша
8. Ғылыми конкурсқа:
1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) жарысқа қатысуға жіберілмейді;
2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
9. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
титул парағы;
мазмұны;
абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;
кiрiспе;
зерттеу бөлiмi;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
2) титул парағында мыналар көрсетiледi:
жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
жұмыстың атауы;
жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
зерттеудің мақсаты;
гипотезасы;
кезеңдерi, зерттеудiң реті;
тәжірибенің әдiстемесi;
зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
нәтижелерді практикада қолдану салалары;
4) кiрiспеде (2 беттен артық емес) мыналарар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет