Жаратылыстану-математика факультетінің деканы



жүктеу 2.12 Mb.
бет1/12
Дата17.06.2016
өлшемі2.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін»

Жаратылыстану-математика факультетінің деканы



Медешова А.Б. (қолы) (аты-жөні)

«__»__________ 2010 ж.

Жаратылыстану-математика факультеті

Биология және экология кафедрасы


5В011300 - Биология

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған
Ботаника

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – I

Семестр – I

Кредит саны - 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – I семестрде


Барлығы – 90 сағат




Орал 2010 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер анатомия және морфологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.


Құрастырушы(лар): Кайсагалиева Г.С., Кажиахметов С.А.

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)


Биология және экология кафедрасының отырысында талқыланды.
қыркүйек 200 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі: Қайсағалиева Г.С. _____________________

(аты-жөні) (қолы )


Жаратылыстану-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

қырқүйек 200 ж. № 1 хаттама


Жаратылыстану-математика факультетінің

оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы: ___________ Терещенко Т.А.

(қолы ) (аты-жөні)

1.“Ботаника”

2. КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


200--- - 200--- оқу жылының … оқу тоқсанында … кредит.


    1. Оқытушы туралы мәлімет


Оқытушы: Биология және экология кафедрасының оқытушылары Кайсагалиева Г.С., Кажиахметов С.А.

Оқытушының кафедрада болатын уақыты: Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері.

Курстың аты, номері және кредит саны:

3-кредит


Курстың өткізілетін орны және уақыты: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жаратылыстану математика факультеті, Достық даңғылы 12 , тел. 50-35-49.
2.2. Пән туралы мәлімет
Сабақ кестесі:

Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.

Аптасына 3 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)


Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты 1

( дәріс )



50 мин.

СМЖӨЖ

(дәріс), СӨЖ



50 мин.

Байланыс сағаты 2

(практикалық сабақ 1)



50 мин.

СМЖӨЖ

(практикалық сабақ), СӨЖ



50 мин.

Кредит саны – 90 сағат

Өту орны: Жаратылыстану факультеті, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Лаборатория

лық сабақ



СОЖӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


1

1

2

15

15

30

30

90

емтихан


2.3. Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ботаника- өсімдік, оның пішіні, құрылысы, дамуы, тіршілік әрекеті, таралуы,қасиеттері және т.б. туралы ғылым.

Өсімдік –бұл тірі ағзалардың ерекше формасы. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі тіршілік ортасындла тіршілік етуге бейімделген басқа тірі ағзалар секілді тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жөнінен алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде,ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы бар белдеулерінде де тіршілік ете алады.

Өсімдік және жануар ағзалары алғашқы қарапайым тіршілік формаларынан қалыптасқан, сондықтан олардың барлық тіріге тән ортақ қасиеттері бар. Өсімдіктердің жануарлардан ерекшелігі - оларда фотосинтез процесінің жүруі және олардың құрамында осы процестің жүруіне негіз болып табылатын, өсімдіктерге жасыл түс беретін, бояғыш зат- хлорофиллдің болуы.

Өсімдіктердің табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңыздылығына орай оларды зерттеу өте маңызды болып табылады. Өсімдік туралы ілім, өсімдік тіршілігіндегі заңдылықтарды зерттей отырып, оларды пайдаланудағы және басқарудағы жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Курстың мақсаты:

Студент санасында біртұтас өсімдік ағзасы, оның ішкі және сыртқы құрылысы, макро және микроқұрлымы, бейімделу ерекшелігі, онтогенез барысындағы өзгерістері, көбею жолдары туралы нақты білім жүйелерін құру. Олардың тіршілік ету формалары және биосферадағы маңызы туралы ұғым қалыптастыру


Курстың міндеттері:

- өсімдіктің біртұтас ағза ретінде қарастыру;



  • өсімдік мүшелерінің ішкі және сыртқы құрылысының алуан түрлілігін жан-жақты талдау;

  • өсімдіктердің тіршілік әрекеті және жер шарындағы таралуы туралы ұғым қалыптастыру;

  • өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктері және қоршаған ортамен қарым –қатынасын анықтау;

  • өсімдіктердің көбею және таралу жолдарын талдау.


Курстың мазмұны:

  1. Кіріспе

  2. Өсімдік жасушасының жалпы сипаттамасы

  3. Жасуша органеллалары

  4. Ұлпалар

  5. Тұқым және өскін

  6. Тамыр және тамыр жүйелері

  7. Өркен және өркен жүйелері

  8. Сабақ

  9. Жапырақ - өркеннің бүйір мүшесі

  10. Гүлді өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі

  11. Гүл.

  12. Гүл шоғырлары

  13. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы

  14. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы

  15. Өсімдіктерідің экологиялық топтары және тіршілік формалары.



Оқыту әдістемесі:

Дәріс сабақтарында:



  • көрнекі құралдарды пайдалана отырып ауызша баяндау;

  • түсіндіру;

  • диалог;

  • пікірталас;

  • ойтолғау;

Практикалық сабақтарда:

  • сұрау

  • пікірталас;

  • көрнекі құралдармен жұмыс жасау (кестелермен жұмыстану, микроскоппен жұмыс, дайын микропрепараттарды қарастыру, микропрепараттарды дайындау)


Пререквизиттер:

Қарастырылып отырған пәнді тиімді игеру жолында студенттердің мектеп бағдарламасы бойынша оқытылған алғашқы фундаментальді білімдері болу қажет. Бұл алдымен: өсімдік жасушасы, ұлпасы, оның түрлері, өсімдік мүшелері, олардың атқаратын қызметтері, ерекшеліктері, өсімдіктердің көбею жолдары, олардың биосферадағы маңызы туралы алғашқы түсініктер.



Постреквизиттер:

Аталып отырған пәнді оқу нәтижесінде студенттерде “Ботаника экология негіздерімен” пәніне арналған типтік бағдарламада көрсетілген білім, білік, дағды қалыптасады. Студенттер өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылысы, өсімді және көбею мүшелері, олардың атқаратын қызметі және т.б. туралы толық және тиянақты білім алуы қажет. Сонымен бірге практикалық сабақ кезінде меңгерген, іс жүзінде қажет дағды мен білікті игеруі міндетті. Микроскоппен жұмыс, микропрепараттарды дайындау секілді практикалық дағдыларды калыптастыруы қажет.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет