Жарық ауылы әкімінің 2015 жыл бойынша есебінің тезистері Тұрғындар



Дата24.02.2016
өлшемі53.61 Kb.
Жарық ауылы әкімінің 2015 жыл бойынша есебінің тезистері

Тұрғындар: Жарық ауылдық округінде 2016 жылдың 1 қаңтарына 927 адам тұрады, оның ішінде зейнеткерлер саны 113 адам. Ұлт құрамын қазақтар (96,7 пайыз), орыстар (1,62%), , немістер (0,76 %), татарлар (0,86%) құрайды. «Алтын алқа» иегері – 15 ана, 10-ы «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер саны – 27 адам, 12 тыл еңбеккерлері , 2 ауған соғысына қатысқан азаматтар бар.


Білім: Округте 2 мектеп Жамбыл атындағы орта мектеп және Малай негізгі мектебі жұмыс істейді. Барлық оқушы саны Жамбыл ОМ-де 139, мектепалды даярлық тобында 18 бала, кіші орталық 3 топ-61 бала оқытылады. Мектептің педагогикалық ұжымын 29 мұғалім, 3 тәрбиеші құрайды. Жабдықталған физика, биология, мультимедия кабинеттері бар, компьютерлік класс – 1, мектепте 1 интерактивтік тақта бар. Малай НМ-де барлық оқушы саны 40 бала, мектепалды даярлық тобында7 бала оқытылады. Мектептің педагогикалық ұжымын 13 мұғалім, 1 тәрбиеші құрайды. Компьютерлік класс – 1, мектепте 1 интерактивтік тақта бар.

Округ бойынша оқуға тиісті бала толықтай мектепке тартылған.


Оқушылардың білім сапасы көрсеткіштері де жылдан жылға жақсарып келеді. Мектептің техникалық базасы жақсы жабдықталған. Жаңа буын компьютерлік құралдармен, ішінара қажетті спорттық инвентарлармен, саз аспап-тарымен жабдықталып, интернет желісіне қосылған.

Денсаулық сақтау: Жарық ауылында фельдшерлік акушерлік пункт бар. Медицина құрамында 4 медбике және 1 санитар, жедел жәрдем көліктері бар, 1 жүргізуші жұмыс істейді. Медициналық пунктің арнайы ғимараты бар, оның ішінде егу және қабылдау кабинеттері бар. Малай ауылында ФП жұмыс істеп тұр, арнайы 1 медбике тағайындалған,
Әлеуметтік қорғау: 2015 жылы 1 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 13 отбасына 18 жасқа дейінгі жәрдемақы, төртінші балаға босанған анаға жәрдемақы төленді. «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гінің ұйымдастыруымен 9 мамырда тыл еңбеккерлеріне заттай сыйлық таратты. Қарттар күніне «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гінің басшысы Қ.Ешмуратов ауылымыздың қарттарына дастархан жайып, 1 центнерден жем таратты.
Мәдениет, спорт; Ауылда мәдениеттің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Кітапханашы оқырмандар арасында жеке жұмыстармен қатар арнаулы күндерге байланысты көпшілік шараларды өткізеді: хабарламалар, сағаттар, кештер, сайыстар, шолулар, викториналар, тақырыптық топтамалар және т.б . Кітапханалық қоры 13187 дананы құрайды, оқырмандар саны 850 адам. 1 компьютер, 2 ноутбукпен жабдықталған және заман талабына сай интернет желісіне қосылған. Кітапханашы қызметін 1 адам атқарады. Әр түрлі мәдени іс шаралар өтететін ауылдық клуб, онда 1 мәдени қызметкер жұмыс істейді. Ауылдық клубта мәдениет ошағының жұмысы қазіргі күн талабына сай құрылған, балғын таланттар мен өнерлі жастардың өнерін тамашалауға толықтай негіз қаланды. Ауыл жастарының көңілді демалатын орнына айналды. Ауыл, мектеп көркемөнерпаздар күшімен атаулы мерекелер тұрақты аталып отырылады.

Жұмыспен қамту: «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гінде 154 ауыл тұрғыны жұмыс істейді. 21 жеке кәсіпкер, оларда 21 адам жұмыспен қамтылған. оның ішінде 6-уы ауыл тұрғындарын тұрмысқа қажетті азық-түлікпен, заттармен қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылығы бойынша;

Округ бойынша 1 ЖШС және 11 шаруа қожалығы бар.

«Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гі қазақтың асыл тұқымды ақбас қызыл қасқа малын өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады. Округімізге қарасты шаруа қожалықтары да қарқынды дамуда. Жылқы, түйе, ұсақ қара мал тұқымдарын өсіріп, өркендеп келе жатқан шаруа қожалығының бірі - «Даяна» ШҚ, басшысы Тектенова Камшат.

Округ тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы. 2016 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал–3942 бас, оның ішінде аналық сиыр- 1535 бас, Жылқы -1208 бас, Қой-ешкі- 6445 бас, түйе -29 бас, құстар – 1765 бас.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша әр үй өз мекені жанына гүл отырғызып, іші-сыртын тазалап, қашаларын бояды. Әкімшілік, мектеп, дәрігерлік амбулатория жанына 30 түп ағаш отырғызылды.
Биылғы жылы бұзылған ғимарат, қоқыстар жинақталып, белгіленген арнайы орынға апарып төгу іске асырылды. Тазалық жұмысына ақылы қоғамдық қызмет адамдары мен мекеме ұйымдары мүшелерінің күші жұмылдырылды. Апта сайын ауыл көлемінде тазалық сенбіліктері ұйымдастырылды.

Салық.

2015 жылдың салық жинау жоспары округ бойынша толық 96 пайызға орындалды, яғни жоспарланған 1347500 теңгенің 1156943 теңге салық жиналып тапсырылды.



Почта, АТС.

Бүгінгі таңда почтадан зейнетақы, жәрдемақылар, мұғалімдердің және ДА «Жарық» еңбек ақыларын алады. Жылда почта арқылы, тікелей почта меңгерушісінің көмегімен мерзімді басылымдарға жазылу өткізіледі және уақытында аудан орталығынан әкелініп, тұрғындарға таратылады. 2015 жылдың І жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылу округ бойынша толық орындалды.

АТС жұмысына келетін болсақ , Жарық ауылында 130 номерлі сандық телефон жұмыс істеп тұр, Малай ауылында 41 ауладан 40 аулада телефон бар.

Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы

Жарық ауылдық округі әкімінің аппаратында штаттық кесте бойынша 10 қызмет бірлігі қаралған, есепті мерзімге 2 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылықтар орын алған жоқ. Келеңсіз жайыттардың алдын алу мақсатында ай сайын ауыл әкімшілігіне 1 рет семинар-кеңестер өткізіліп отырылады.

Жастар қоғамның белсенді өзегіне айналып, реформаның шешуші күші болуға ұмтылуы керек деген сөздермен жастарды да қолға алу жұмыстары жандана түсті. Ауылымызда Ауылымызда жас кәсіпкер Мухаев Бекзат «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты шеңберінде несие алып, мал санын көбейтіп өсіріп, жастарға үлгі көрсетіп отырған азаматтың бірі. Онымен қатар, ауылымызға өз қаражатымен дүкен ашып, азық түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Бекзаттың бұл еңбегін жастарға үлгі ретінде айтып, осындай шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлестерін қосуға шақырдық. Биылғы жылы ауылымызға «Диплопмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандар жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, Жамбыл орта мектебіне 2 жас маман бірі математик Қизатолла Серікбек, физик Қожахметов Нұрлыбек, хореограф Мухаева Назым, Жастарға тапсырма ретінде «Дипломмен — ауылға!» атты бағдарлама аясында студенттермен жұмыс жүргізіп, ауылымызға қызмет етуге шақырайық деген ұсыныстар айтылды.

Қоғамдық ұйымдар туралы.

Жарық ауылдық округінде бүгінгі күнде «Ақсақалдар алқасы» , «Әйелдер кеңесі» ,«Көше комитеттері» , «Ақпарат-насихаттау топтары» , «Жастар кеңесі» , «Спорт комитеті» , «Тәртіп сақшылары» тобы жұмыс істейді. Олар әкімшілікпен бірге бар жұмыстарды бірігіп атқаруда. Бұл қоғамдық құрылымдар – жастарға тәрбие беруге, маскүнемдермен күресуге, бұзақыларды дұрыс жолға салуға, көше тазалығы, жеке малдардың бақташыларына бақылау жасауға, шабындық жерлерді бөлуге, мерекелерді өткізуге ат салысып, белсенді қатысады.


Көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері. 2015 жылы ауыл аумағын дамыту бағдарламалары бойынша бөлінген және игерілген қаражаттарға келесі жұмыстар жасалды:

- «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - Көшелердегі қоқыстар жойылды

2015 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің өткізген есептік кездесулерінде айтылған ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуы туралы.

2015 жылы тұрғындардың алдында есеп беруі кезінде – 2 ұсыныс, соның ішінде аудан әкімінің есебінде – 1, округ әкімінің есебінде– 1 айтылған, ұсыныстарды орындалуға іс-шаралар бекітіліп, орындалды. Атап айтқанда, Малай ауылындағы негізгі мектебіне интерактивтік тақта, Жарық ауылынан Жаңғызтөбе арасындағы жол мәселесін шешу туралы.



Жалпы мәселелер: Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Тұрғындар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіп сұрақтары бойынша ауыл әкімшілігімен бірге полиция учаскелік инспекторы айналысады. Учаскелік инспектордың қалыпты жұмысына жағдай туғызу мақсатында бұған қызметтік бөлме қамтамасыз етілді. Округтің жалпы тәртіп жағдайы жақсы: ауыр қылмыстар жоқ.



Жолаушыларды тасымалдаумен УАЗ автокөлігімен Торехан шаруа қожалығының басшысы Ж.Нуртазина айналысады.

Жарық ауылдық округінің әкімі Б.Наурызбаев
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет