Жарылыс өрт қауіпті өндірістерге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары



бет5/5
Дата09.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#187108
1   2   3   4   5

8 - тарау. Су құбыры мен кәріз
290. Су құбыры мен жарылыс өрт қауіпті өндірістер кәрізін жобалау, осы Талап талаптарына сәйкес орындалады.

Жалпы зауыттық тазалау құрылыстарынан лақтырылатын ағындар құрамы санитарлық нормалар талаптарына сәйкес, ал олар болмаған кезде салалық нормативтерге сәйкес регламенттеледі.

291. Әрбір технологиялық объект бойынша кәрізге бағытталған өндірістік ағындар құрамы, температурасы және мөлшері анықталады. Әр түрлі объектілерден ағындарды ағызуды ұйымдастыру кәріздің бітелуі мен шөгінділердің пайда болуын, ал араласқан кезде жарылыс қауіпті өнімдер мен қатты бөліктердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

292. Газ қауіптіге жататын су құбыры мен кәріз жүйелерінде қызмет көрсету, жөндеу және басқа жұмыстар технологиялық регламент талаптарына сәйкес орындалады.

293. Технологиялық объектілердің кәріз жүйелері химиялық ластанған технологиялық, ағызылған және өндірістің регламенттелген жұмыс тәртібі кезінде де, авариялық лақтырулар жағдайында да пайда болған басқа ағындарды тазалау мен жоюды қамтамасыз етеді.

Бұл ағындардың алдын ала тазалаусыз кәріздің магистральды желісіне лақтырылуына, тек магистральды желі осындай ағындарды қабылдауға арналған жағдайларды қоспағанда рұқсат берілмейді.

294. Ағындарды тазалау және жарылыс өрт қауіпті өнімдерді жою бойынша шаралар кәрізде булар мен газдардың жарылыс қауіпті шоғырлануының пайда болуын болдырмайды.

295. Технологиялық объектілер үшін желілі тазалау құрылыстары қарастырылады.

296. Лақтыру лектерінің кіруі мен шығуында желілі тазалау құрылыстары жарылыс қауіпті өнімдердің болуына бақылау құралдарымен және рұқсат берілген мәннен асу дабылдамасымен жарақталады.

297. Жарылыс қауіптіліктің кез келген санатты технологиялық блокты объектілердің тазалау құрылыстары үшін жарылыс өрт қауіпті өнімдердің кәрізге дүркін лақтырылу мүмкіндігі кезінде бақылау және дабылдаманың автоматты жүйесі қарастырылады. Бақылау тәсілдері, олардың кезеңділігі өндірістің нақты шарттарын есепке алумен таңдалады, бұл бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етумен регламенттеледі.

298. Кәріз желісіндегі құдықтарды технологиялық құбыр өткізгіштер эстакадасы астына және жарылыс қауіпті өнімдері бар сыртқы қондырғы жабдықтарының жайылу ернеуі шамасында орналастыруға болмайды.

299. Технологиялық объектілерді сумен жабдықтау әрбір нақты жағдайда технологиялық процесс ерекшеліктерін және жарылыс өрт қауіпті өнімнің қоршаған ортаға лақтырылуы мен аварияның болмауын есепке алумен қарастырылады.

Жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блокты объектілері үшін процессті жүргізудің нақты шарттарына байланысты сумен жабдықтаудың оларды автоматты іске қосу жүйесімен резервті көздері қарастырылады.

300. Технологиялық жүйелерді сумен жабдықтау су айналысының жабық жүйесін пайдаланумен қарастырылады.

Су айналысы жүйесін электрмен жабдықтау кері суды тұтынуда анағұрлым жауапты секілді сенімділік санатымен қамтамасыз етіледі.

Жарылыс қауіптіліктің барлық санатты блоктары бар технологиялық объектілер және жылу түсіру (экзотермиялық процессті аппараттар және басқалар) бойынша жоғары талапты технологиялық объектілер үшін кері сумен жабдықтау жылу алмасу тиімділігін төмендету мен жылу алмасу аппаратурасының бекітілуін болдырмайтын сумен дайындау жүйесін пайдаланумен қарастырылады.

301. Технологиялық объектілердің кері сумен жабдықтау жүйесі үшін суға жарылыс өрт қауіпті және улы заттардың түсу мүмкіндігі кезінде олардың технологиялық аппараттардан (коллекторда) шығуында болуын бақылау және дабылдама құралы, сондай-ақ бұл заттардың су айналысы жүйесіне түсуін болдырмайтын шаралар қарастырылады.

302. Химиялық ластанған ағындар кәрізінің шаруашылық-тұрмыстық кәрізбен тура жалғануына гидробекіткішсіз рұқсат берілмейді. Ағынға жарылыс өрт қауіпті және улы заттардың түсу мүмкіндігінде олардың қондырғыдан (коллектордан) шығарында болуын бақылау құралы және дабылдама, сондай-ақ бұл заттардың шаруашылық-тұрмыстық кәрізге түсуін болдырмайтын шаралар қарастырылады.



9 - тарау. Персоналды жарақаттанудан қорғау
303. Құрамында жарылыс қауіпті технологиялық объектілері бар кәсіпорындарды орналастыру, оның аумағының жоспары, құрылыс объектілерінің көлемді-жоспарлы шешімдері құрылыс нормалары мен ережелері, технологиялық жобалау нормалары, салалық нормалар мен осы Талап талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

304. Құрамында жарылыс өрт қауіпті технологиялық өндірістері бар кәсіпорын аумағында жарылыс өрт қауіпті булар мен газдардың жинақталуы мүмкін табиғи қоршаулардың, шұңқырлардың, ойпаттардың және ашық траншея құрылғысының, котловандардың, орлардың болуына, ЖТС, ЖС және сұйытылған жанатын газдармен құбыр өткізгіштер трассасын жасанды немесе табиғи ойларда траншеялы және жер үсті төсеуге рұқсат берілмейді.

305. Технологиялық объектілер, өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық тағайындаудағы үй-жайлар мен қауіпті аймақ шегінде авария кезінде болатын адамдардың үнемі немесе уақытша болу орындары персоналды технологиялық объектідегі авариялық жағдай туралы тиімді хабарлау жүйесімен жарақталады.

Аварияны жою жоспарында авариялық жағдайды таратумен тікелей байланысты емес адамдарды қауіпсіз орынға шығару бойынша шаралар қарастырылады.

306. Жарылыс өрт қауіпті объектілер үшін келесі талаптар қамтамасыз етіледі:

басқару (операторлық) үй-жайы орналасқан ғимараттар соққы толқыны әсеріне төзімді, оның ішінде болған персонал қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және технологиялық пррцессті авария болғанда қауіпсіз жағдайға ауыстыру үшін бақылау, басқару, аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйесінің қызметін қамтамасыз етудің автономды құралы болады;

әкімшілік және басқа үнемі адамдар болуы қарастырылған өндірістік емес ғимараттар технологиялық қондырғылардағы авариялық жарылыстар кезінде туындайтын соққылық толқын әсері кезінде тұрақтылығын сақтайды.

307. Жарылысқа қатысатын заттар салмағының есебі осы Талаптың 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.



10 - тарау. Технологиялық жабдық пен

құбыр өткізгіштерге қызмет көрсету мен жөндеу
308. Жабдыққа оны пайдаланудың нақты шарттарын есепке алумен техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

309. Техникалық қызмет көрсету жабдықтың жөндеу аралығында, сонымен қатар, өндірісті тоқтатуды қажет етпейтін ақауларды түзету кезінде жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жиынтығын қарастырады, жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес қызмет көрсетуші және технологиялық персоналмен жүзеге асырылады.

310. Технологиялық жабдықты жөндеу толық тоқтатылған объектілерде (қондырғыларда), сондай-ақ оларды пайдалану кезінде жабдық түріне, резерв болғанда, жұмыс аралық жүріс ұзақтығына, жөндеу түрі мен көлеміне (сонымен қатар, табылған ақауларды түзету кезінде) байланысты жүргізіледі.

311. Жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блокты объектілерінде жабдықтың жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу пайдаланудағы өндіріс шартында технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

312. Жабдықты жөндеуге технологиялық персонал дайындайды және жөндеу жұмыстары жетекшісіне журналда жазба жазумен немесе жабдықты жөндеуге тапсыру актісінде орындалған дайындық жұмыстары мен шаралар туралы наряд-рұқсат ресімдеумен тапсырылады.

313. Жабдықты жөндеуге дайындау, наряд-рұқсат ресімдеу, жөндеуге тапсыру және жөндеуден қабылдау тәртібі технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

314. Жөндеуде пайдаланылатын барлық материалдар кіріс тексерісіне тартылады және оларда талап етілетін сапаны растайтын құжаттар болады.

315. Жабдықты жөндеуге дайындаумен және жөндеу жүргізумен байланысты газ қауіпті жұмыстар технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.

316. Ашық отты пайдаланумен жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.

317. Жарылыс қауіптіліктің барлық санатты технологиялық блоктары жабдықтарын жөндеу процессінде диагностиканың анағұрлым тиімді құралдарын пайдаланумен бақылаудың сәйкес түрлері, аралық және жеке сынаулар жүргізіледі. Бақылау және сынау нәтижесі сәйкес атқару құжаттамасында көрсетіледі.

Жабдықты жеке сынау (байқау) нәтижесінің оң қорытындысы кезінде және атқару құжаттамасының нормативтік талаптарға сәйкестігі кезінде жабдықтың әр бірлігі бойынша жөндеу және оны пайдалануға қабылдау сапасына бағалау жүргізіледі.

318. Жабдықты жөндеу сапасын бағалау (техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуден басқа) тапсырыс беруші мен қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның техникалық жетекшісінің қатысуымен жөндеуді орындаушы анықтайды және жабдықты жөндеуден тапсыру актісінде көрсетіледі.

319. Жөнделген жабдықтарды егер жөндеу процессінде нормативтік-техникалық құжаттардың барлық талаптары, техникалық параметрлердің көрсеткіштері (аппараттағы рұқсат берілген қысым, компрессордың немесе сорғының ағыны мен өнімділігі және басқа) сақталған болса және сенімділік көрсеткіштері паспорттық деректерге сәйкес болса және осы жабдық үшін белгіленген жұмыс тәртібі қамтамасыз етілсе пайдалануға рұқсат беріледі.

320. Жөндеуі аяқталған объект (блок, қондырғы) комиссия актісі бойынша қабылданады және технологиялық схема жиынтығы тексерілгеннен, бітеуіштерді алғаннан, жүйені герметикалыққа сынағаннан, дабылдама, басқару және АҚАҚ жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексергеннен кейін, блокаралық ажырату (сөндіру) құрылғыларының іске қосылу уақыты мен тиімділігінде, жалынды жайылтпау құралы мен сақтандыру құрылғысының болуы мен ақаусыз жағдайында, орнатылған электр жабдықтың электр қондырғылар құрылғысы бойынша нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігінде, желдету жүйесі жұмысының ақаусыз жағдайы мен талап етілетін тиімділігінде пайдалануға жіберіледі. Комиссия сондай-ақ атқару жөндеу жұмысының толықтығы мен сапасын, объект аумағы мен жұмыс орындары жағдайын, қызмет көрсету персоналының өзінің негізгі қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға дайындығын және нормативтік-техникалық құжаттамамен қарастырылған басқа талаптарды тексереді.

Объектіні жөндеуден қабылдау оны пайдалануға рұқсат беретін актіні ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.

321. Пайдаланудағы өндірістерде аппаратураны, жабдықты жөндеу жөндеу персоналының барынша аз санын тартумен және жұмысты бақылау, қауіпсіздіктің арнайы шараларын өңдеу кезінде жүзеге асырылады.

322. Қондырғыларды пайдаланудан ұзақ уақытқа шығару және бұл қондырғыларды ұзақ тоқтаудан кейін пайдалануға енгізу бұл жұмыстарды регламенттейтін нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданылған қысқартулар
АҚАҚ – аварияға қарсы автоматты қорғаныс;

ЖЖ – жарылғыш зат;

СГ - сұйытылған газ;

ЖТС – жылдам тұтанатын сұйық;

ЖС – жанатын сұйық;

БӨАжА – бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика;

ЖТОЖТ – жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыш;

ТПБАЖ – технологиялық процессті басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

АӨЖ – ақпаратты - өлшеу жүйелері;

АҚ – азаматтық қорғаныс;

ӘГҚҚ - әскерилендірілген газдан құтқару қызметі;

ӘӨБ - әскерилендірілген өрт бөлімі;

АЖТ – автоматты жиілік түсіру;

БГФ – булы газ фазасы;

СФ - сұйық фаза;

БАГЖ – блоктың авариялық герметизациясын жою.

Өлшем-символды бір штрихпен белгілеу – ортаның булы газ жағдайына, екі штрихпен – сұйық ортаға, мысалы G' және G''сәйкесінше БГФ және СФ салмағына сәйкес келеді.

______________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет