Жарма ауданының ауылдық аймақтары бойынша 2011жылдың 1-ші жартыжылдығының 2010 жылғы 1-ші жартыжылдығымен салыстырғандағы қылмыстық жай-күйін талдауы



Дата01.07.2016
өлшемі30.99 Kb.
#171219
Жарма ауданының ауылдық аймақтары бойынша 2011жылдың

1-ші жартыжылдығының 2010 жылғы 1-ші жартыжылдығымен

салыстырғандағы қылмыстық жай-күйін талдауы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ШҚО бойынша Жарма аудандық бөлімімен ауылдық аймақтары бойынша 2011ж. 1-ші жартыжылдығының 2010ж. 1-ші жартыжылдығымен салыстырғандағы қылмыстық жай-күйін талдау жүргізілді.

2011ж. 1-ші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ШҚО бойынша Жарма аудандық бөлімімен барлығы 194 қылмыс тіркелді, бұл көрсеткіш 2010ж. 1-ші жартыжылдығының (204 қылмыс) көрсеткішімен салыстырғанда 4,9%-ға азайды. Сонымен қатар ақтамаған негіздер бойынша 41 қылмыстық істер тіркелсе, 2010ж. 1-ші жартыжылдығында ақтамаған негіздер бойынша 29 қылмыстық істер тіркелді.


2011ж. 1-ші жартыжылдығында тіркелген қылмыстардың жалпы санының 160 қылмысына ашылу формуласы қолданылды, бұл көрсеткіш 2010ж. 1-ші жартыжылдығының көрсеткішімен салыстырғанда 7,0%-ға төмендеді. Аталған кезен аралығында 2011 жылы 72 жалпы қылмыстар өндіріспен аяқталса, 2010 жылы өндіріспен аяқталған жалпы қылмыстар саны 86-ны құраған.

2011ж. 1-ші жартыжылдығында қылмыс ашу пайызы (80,1%) 2010ж. 1-ші жартыжылдығымен (85,8%) салыстырғанда 5,7 %-ға төмендеген.

10 000 халық санына шапқандағы қылмыс деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 3,7 %-ға азайған, 2011ж. 1-ші жартыжылдығында 88,3 % құраса, 2010ж. 1-ші жартыжылдығында 92,0 %-ды құраған.

Талдау барысында жасалған ауыр және өте ауыр қылмыстар саны 3 қылмысқа төмендеген (2011 жылы – 17 қылмыс, 2010 жылы – 20 қылмыс) анықталды.

Талдау қорытындысы бойынша әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар саны өскені анықталды 58-ден 61-ге, ал кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны 1 қылмысқа азайғаны (6-дан 5-ке) анықталды.

Қылмыстардың жалпы санының басым көпшілігін құрайтын бөтен мүлкін ұрлау қылмысының 11,5 %-ға көбейгені байқалып отыр (113-тен 126-ға), алайда қылмыс ашу пайызы 81,4 %-ды құраған (2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында – 80,8 %).

Биылғы жылдың 1-ші жартыжылдығында тіркелген топ құрып жасалған қылмыстар саны 22-ден 11-ге, бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен 19-дан 11-ге және қоғамдық жерде 10-нан 8-ге азайғандығын атап өту қажет.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 257 бабымен (бұзақылық) көзделген қылмыстар саны 10 қылмысқа азайды. Талданған кезендегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің аталған бабы бойынша 2011 жылы – 7 қылмыс, 2010 жылы – 17 қылмыс тіркелген. Бұл дәрежедегі қылмыстың үлес салмағы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 3,6 %-ын құрайды, ал 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында үлес салмағы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 8,3 %-ын құраған.

2011ж. 1-ші жартыжылдығында кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалармен жасалған қылмыс саны, 2010ж. 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 4 қылмысқа төмендеген (5-тен 1-ге).

Атап өтетін жайт, қылмыс жасаған тұлғалардың анықталғандарының ішіндегі 70,7 %-ын жұмыссыздар құрайды (94).

Жасалған қылмыстар ішіндегі басым бөлігі Қалбатау ауылдық аймағында – 85(79) қылмыс жасалған, сонымен қатар Шар қалалық аймағында – 38(45) қылмыс, Бірлікшіл ауылдық аймағында – 8(2), Суықбұлақ ауылдық аймағында – 7(9), Жаңғыз-Төбе ауылдық аймақтарына – 5(8) қылмыстар тіркелген.



Аудандық прокуратура, құқық қорғау және атқару органдарының тарапынан құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесі Белтерек, Терістаңбалы, Жарма және Қапанбұлақ ауылдық аймақтарындағы қылмыстың жалпы санының азаюына себеп болып отыр.



2011 жылдың 1-ші жартыжылдығына жүргізілген талдау қорытындысы келесідей бейнеленеді:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103 бабымен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) көзделген тұлғаға қарсы жасалған қылмыс санының 3 қылмысқа өскендігі (1,5 %-ға),

  • меншікке қарсы ұрлық арқылы жасалған қылмыс саны – 126 (64,9 %) өскендігі;

  • Әйел адамдарға қатысты жасалған қылмыс санының өсуі.

Қылмыспен күресу шараларын жоспарлау барысында, аудандық құқық қорғау органдары осы талдаудың мәліметтерін ескеріп, назарға алу қажет. Сонымен қатар, ауданның құқық қорғау органдарына қылмыстың алдын алу профилактикасына назар аударып, қылмыспен күресудегі және құқықтық тәртіпті нығайтудағы іс-шаралар жүргізуде, қылмыстың қарсы іс-қимылын және әлуметтік-экономикалық теріс-әсер факторларды еңсерудегі жергілікті атқару органдарымен және қоғам өкілдерімен өзара қатынасын нығайтуға көңіл бөлу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет