«Жас қанат» облыстық жас орындаушылар байқауының ережесі мақсаты



жүктеу 27.76 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі27.76 Kb.
«Жас қанат» облыстық жас орындаушылар байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты:
Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, жастардың орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында, 2016 жылдың сәуір айында, Астана қаласында өтетін ХХV-ші республикалық «Жас қанат» байқауында Шығыс Қазақстан облысы абыройын асқақтататын талантты жастарды іздеу, іріктеу, сонымен қатар музыкалық өнер саласында облыс имиджін көтеру, қолдау.
Байқау шарты:


  • Байқауға жеке орындаушы және вокалды топтар қатысады;

  • Байқауда екі ән орындалады. Репертуарға шектеу қойылмайды.Әннің ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек;

  • Жас ерекшелігі 30 жасқа дейін;

  • Қатысушының іссапарға шығыны (жатын орны, жол ақысын, тәулік шығыны) жіберуші жақтан.


Байқаудың өту кезеңі:


  • Өтініш 2016 жылдың 27 қаңтарына дейін, келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 68, «ШҚО мемлекеттік филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, байланыс телефондары: 8-777-300-41-91 электрондық адрес: elmira_aea84@mail.ru.

  • 2016 жылдың 8-9 ақпанында, Өскемен қаласы, Металлургтер мәдениет сарайында (мекен-жайы: Тәуелсіздік даңғылы 68) өтеді.


Қазылар алқасы:
Жоғары санатты, білікті өнер шеберлерімен құрылатын қазылар алқасының құрамы ШҚО мемлекеттік филармонияның ұсынысымен талқыланып, ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысымен бекітіледі. Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.


Байқау бағдарламасы:


  • 8 ақпан сағат 9.00 қатысушылардың тіркелуі;

  • 8 ақпан сағат 14.00 байқаудың ашылуы және іріктеу кезеңі;

  • 9 ақпан сағат 11.00 байқаудың 2 кезеңі;

  • 9 ақпан сағат 17.00 байқаудың гала-концерті және жеңімпаздарды марапаттау.


Жеңімпазды марапаттау:
1 кезең: Облыстық «Жас қанат» байқауынан жүлделі орындарға іліккен жас орындаушыларға ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы тарапынан сыйлықтар, диплом грамоталармен марапатталады.

Қосымша фонограмма (-, +) үн таспасына жаздыруға, кәсіби шығармашылық фото түсірілім ұсынылады. Жиналған материал Алматы қаласына жіберіліп, одан республикалық «Жас қанат» байқау комиссиясы іріктеу жұмыстарын жүргізеді.


2 кезең: 2016 жылдың сәуір айында өтетін XXV-ші республикалық «Жас қанат» байқауына өткен үміткерлерге ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы сахналық киіміне, фонограмма (-) және (+) өңдеулерін жазуға, іссапар шығындарына қолдау көрсетеді.

Өтініш
Аты, жөні, әкесінің аты_________________________________________

Туған күні____________________________________________________

Туған жері____________________________________________________

Электрондық адресі____________________________________________

Жұмысның немесе оқу орнының мекен жайы (жұмыс, үй, ұялы

телефондары)_________________________________________________

Қысқаша өмірбаяны ___________________________________________
Ансамбль болса атауы, жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

_____________________________________________________________


Жеке куәлік көшірмесі

Орындайтын репертуары (әні мен сөзінің авторлары)



  1. Әннің атауы ______________________

  2. Сөзін жазған (толық) ______________________

  3. Әнін жазған (толық) ______________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет