Жас қазақ. – 2015. №21. – 29 мамыр Тілеубай Т. Басқосу қазату қонағы



Дата26.02.2016
өлшемі9.81 Kb.
#26316
Жас қазақ. – 2015. - №21. – 29 мамыр

Тілеубай Т.


БАСҚОСУ

ҚазАТУ қонағы



VIII Астана экономикалық форумына келген БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының бас директоры Жозе Грациану да Сильва Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі» деген тақырыпта дәріс оқыды.

Онлайн-дәрісті Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыстан, Тәжікстанның ірі 11 аграрлық университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері тікелей эфирден көрді.



Сондай-ақ Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев пен Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева бастаған 700-ден астам оқытушы, ғалымдар ықыласпен тыңдады.

Дәріс соңынан мәртебелі мейманға ҚазАТУ-дың «құрметті профессоры» атағы берілді. Грациану да Сильва мырза аталған оқу ордасының ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу техникалық факультетінің жаңа оқу кешенін аралады. Экскурсия барысында ол ҚазАТУ-дың кітапханасына БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы шығарған ашаршылық және кедейлікпен күрес туралы бірнеше кітап табыс етті. Оның ішінде бас директордың өз туындысы да бар екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет