Жас ерекшелік туралы ұғым


Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі



бет3/3
Дата20.05.2022
өлшемі20.21 Kb.
#458465
1   2   3
Жас ерекшелік туралы ұғым

Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
— қыздарда — 11-13 жас;
— ер балаларда — 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек [5].
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл — ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді [15].
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін » — деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті — оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Жеткіншектік шақ — болашақ туралы балалық армандардық орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады.
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені — адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идеал — баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет