Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет71/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
– 0,6 млн. теңге сомасында, 3 адам агроөнеркәсіптік кешен саласына 
– 0,8 млн. теңге сомасында.
Аудан тұрғындарына 25 төсекке аудандық орталық аурухана, 
3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория,
17 медициналық пункт, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен 
қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармасы, 2 жеке стоматологиялық 
кабинет, 5 жеке дәріхана, 5 коммерциялық дәріхана пункті, аурухана 
жанындағы дәріхана қоймасы медициналық көмек көрсетеді. 
Денсаулық сақтау саласында онкологиялық аурулар бойынша 
көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 236,05 құрады (2019 жылы 
346,9), туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға 
шаққанда 41,0 құрады (2019 жылы – 14,9).
2020 жылы Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратына жеке 
тұлғалардан және заңды тұлғалардан 296 өтініш түсті (2019 жылы-
248 өтініш). Келіп түскен өтініштердің негізгі бөлігі тұрғын үй 
қатынастары және коммуналдық шаруашылық – 90, жер қатынастары 
– 10, Еңбек және жұмыспен қамту – 33, кәсіпкерлік және ауыл 
шаруашылығы – 6, білім беру – 4 мәселелеріне қатысты. 
Сурет 2 – Аудан әкімі тұрғындарға есеп беру кездесуі
барысында азаматтардың өтініштері
2021 жылға арналған Аудан әкімшілігінің жоспарлары:
1 Қызылтаң ауылында су құбыры және су құбыры құрылыстарын 
салу және кіреберіс жолды күрделі жөндеу (1,3 км);
2 8 ауылға арналған септик құрылғысы бар шағын КБМ 
(кешенді блок-модуль) сатып алу және орнату: (Ынталы, 
Первомайское, Тегістік, Жаңақұрылыс, Қызылдау, Жасқайрат
Тілеубай, Покровка);
3 Федоровка ауылындағы Жұлдыз, Урожайная, Максим 
Горький, Мир көшесін орташа жөндеуге және мәдениет үйінің 
ғимаратын күрделі жөндеуге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 
қаражат бөлінді;
4 Қызылтаң ауылында демалыс орталығының құрылысы;
5 Ивановка ауылының су құбыры және су құбыры желілерін 
қайта жаңарту;
6 Тереңкөл ауылында 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы;
7 Тереңкөл ауылының Школьная көшесі қиылысында 
Бағдаршам орнату жоспарланған.
Қорыта келе, Ата-баба тілі мен мәдениетін сақтауға ниет 
білдіріп, олардың жер құпиясын зерттеуге ниет еткендері белгілі. 
Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы туралы кітапхана, әкімшілік 
мекемеде, мұражай ақпараттарын, ғаламтор материалдарын 
жинақтап, жалпы шолу жасалды. Біздің өңірде басты мәселе 
аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ауыл 
жолдарын жөндеу болып келеді. Аудан дамуының есептеп, жақын 
арада бұл мәселелер шешілетіне сенімдімін. Менің ойымша, 
Тереңкөл ауданы жайлы көптеген мәліметтер, өлкетану сияқты 
сабақтарда қолдануға да болады. Мен бірінші уақыттан бастап, 
олардың үстінен ой жүгірткен жоқпын, кейде жалпы мәлімет атап 
қойдым. Ал менің басты міндетім – Тереңкөл өлкесі, Отаным 
болғалы, ата-бабаларымыздың рухани мұрасына қамқорлық жасап, 
сақтауға тиіспін. Бұл біздің жер, біздің тарих!
ӘДЕБИЕТТЕР
1 «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. 
Нысанбаев – Алматы « Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-
9, ЫЫ том;
2 Сапаров Қ. Т. Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық 
бірліктері мен физикалық-географиялық атауларының көрсеткіш 
анықтамалығы.-2 бас. – Павлодар: «Pronto.KZ» :ЖШС, 2014. – 352 б.
3 https://kk.wikipedia.org
4 http://map.pavlodarlibrary.kz


138
139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет