Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет182/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Д. Амантай өзінің кейбір туындыларына эпиграфтарды 
(дәйексөз) басқа тілдегі шығармалардан алады. «Мен сізді сағынып 
жүрмін» повесіне лайықтап алғаны – Олжас Сүлейменовтің «Кто-
то медленно скачет и скачет во сне, издалека, на светлом усталом 
коне» өлең жолдары. Жазушы оқиғаны осы өлең жолдарының 
аясында өрбітеді.
Повесть «Мұқтар жұма күні атылып өлді» [6, 112 б.], – деп 
басталады да, «Құдайды іздеген ол жазғытұрым көкек айында 
Медеу шатқалы аңғарында жұма күні атылып өлді» [6, 122 б.], – деп 
аяқталады. Бас кейіпкер рухани дағдарысқа ұшырап, өзін өзі атып 
өлтіреді. Ол осылайша Ислам іліміне қайшы әрекет жасайды. Өзіне 
қол жұмсау мұсылман қауымға тән қасиет емес, ең ауыр күнәнің 
бірі саналады. Мына диалогқа назар аударыңыз:
– Дүние сыртында не бар? – деп кері бұрылды.
– Ештеңе.
Автор бұл диалог арқылы «нигилизм» түсінігіне сілтеме 
жасайды. Оған анықтама берсек: нигилизм (лат. nihil – ештеңе деген 
мағынаны береді) – қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар 
мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта 
қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым. Бұл ұғымды повестің 
басқа да жерлерінде байқауға болады: «Ұйқы дегеніміз өмірдің 
жалғасы. Ғұмырдан кейін ұйқы жоқ, қаза – жарық сәуледен көз 
жазып қалатын су қараңғы өткел. Өлім артынан із басатын – топырақ 
иісті ештеңе. Ештеңеде ұйқы болмайды.
Ажал кірпік ілмейді. Тіршілікке қарсы, қара жерге туыс
бірақ ойы – сор, сорлының ойы - ештеңе» [6, 119 б.]. «Ештеңе» 
теориясы автордың «Гүлдер мен кітаптар» романында да кездеседі:
«...кім біледі, ажалдан соң ештеңе жоқ шығар» [2, 81 б.]. Сонымен 
қатар, шығармада «Ұят өлімнен күшті» деген дәйексөзге жасалған 
сілтемені көруге болады. Ол бұрмаланып, теріс мағынада берілген: 
«Тіршілік ұяттан дербес, сондықтан ұят өлімнен күшті де, әлсіз де 
емес» [6, 118 б.]. 
Осылайша шығармада, діни нигилизм мәселесі бой көтереді. 
Құдай мен ақылдан теріс айналған рухани құлдырауға бастайтын 
интелектуалды сарын қазақ прозасында жиі кездесе бермегенмен, 
тәңіршілдік, ежелгі рухани тамырларға бастайтын наным-
сенімге негізделген тақырыптарды ұшырастыруға болады. 
постмодернизмнің «әркімнің не жасаса еркі бар» деген моральдік-
этикалық ұстанымдардың әр тараптылығын қолдайтын ерекшелігі 
діндерге де қатысты болып отыр.
Д. Амантайдың тағы бір көркем прозасы – «Ібіліспен сүйісу» 
повесі. Мұнда автордың алып отырған дәйексөздері ерекше. Шетел 
әдебиетінің көркем туындыларынан таңдап алғаны мынау: Талмуд, 
Сангедрин, IV, 5 «...ибо человек чеканит много монет, и все они 
схожи между собой, а Святой чеканит всех людей печатью Адама 
Первого, но все они отличаются друг от друга.
Поэтому каждый человек обязан сказать: ради меня создан 
мир» және Элиас Канеттидің «Как долго еще будет прятаться Бог». 
Осы сілтемелер арқылы жазушы оқырман қауымға шығарманың 
негізгі идеясы жайлы ой тастайды, оқиға осы дәйексөздердің 
мағынасы шеңберінде дамиды. Бұл нағыз постмодернисттік белгі. 
Тіпті повесть атауының өзі көңілге үрей ұялатады, оқырманды 
өзіне баурап алады.
Қазіргі таңда кітап оқылмай, қоғамның рухани дағдарысқа 
ұшырауына телевидениенің әсері зор. Дегенмен, бейнеклиптік 
нұсқадағы оқиға қызықты болғанмен, оқырманға кітап беретін 
рухани нәрді бере алмайды. Сол үшін де қаламгерлер мәселені 
бейнеклиптік элементтерді кітапқа енгізу арқылы шешуге тырысты. 
Ол аз көлемді шығармаға бірнеше қабат оқиға, ойды сыйдыра білу 
керек деген тұжырым. Нәтижеде, әлемдік әдеби шығармалармен, 
теориялық бағыт-бағдармен, әлемдік пәлсапашылардың 
еңбектерімен таныс жазушлар, Батыс әдебиетінде пайда болған 
бағыт постмодернизмнің қазақ әдебиетіндегі үлгісін жасады. 
Әлемдік мәдениетте күш алған постмодернизм құбылысы қазақ 
әдебиетінде біртіндеп көріне бастады. Трагедиялық сарын, қоғамды 
жатсыну, сөзге сараңдық, астарлап ишарамен сөйлеу, үкім айтудан, 
соңғы түйінді айтудан қашу – постмодернистік сипаттағы бүгінгі 
қазақ прозасына тән белгілердің бірі.
Қорыта айтқанда, интермәтінділік сипатымен ерекшеленетін 
Д. Амантай шығармаларының жазылуына посткеңестік кезеңде 
мемлекеттегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, рухани дағдарыс 
әсері болды. Шығармалары батыстық жазушы-философтар 
шығармаларынан үлгі алу әсерінен туындады. Жазушы 
туындыларында интермәтінділік теориясын қолданудың мақсаты 
ерекше болды. Өйткені тоқырай бастаған әдебиетке жаңа серпін 
беретін және оқырманды селт еткізетін бір күш керектігін 
сезді. Интермәтіннің түрлерін өз шығармаларында сауатты, әрі 
ұтымды пайдалана білді. Осылайша қаламгер қазақ прозасындағы 
постмодернистік бағытты интермәтінділік теориясы арқасында 
дамыта түсті. 


332
333


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет