Қабылданған шешім:
Қазан айында өткізілетін шаралардың сценариі құрылып, бекітілсін.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, меркелік шаралардың жақсы өтуіне ат салыссын.
«Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі: А.Б.Рамазан
«Жас Ұлан» ұйымының отырысының
хаттамасы №3
«Халықаралық Қазақстан Туркия лицейі» ЖММ-сі 5 қараша 2023жыл
Қатысқандар: «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы, ұйым мүшелері
Күн тәртібінде:
«Менің болашақ мамандығым» тәрбиелік шара өткізу
Бастауыш сынып және 5-7 сынып оқушылары арасында «Отбасы – бақыт мекені», «Мен және менің полициям» тақырыбында сурет көрмесі мен сурет, шығарма байқауларын өткізу туралы
«Интернеттің пайдасы мен зияны» дебат
Тыңдалды:
Мектептің түлекетері мен 9-10 сынып оқушылар арасында болашақ мамандықты таңдаудағы мақсаттары мен жоспарларымен бөлісіп, әрбір маман иелерінен кеңес алу мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен бірігіп тәрбиелік шараның жоспары құрылды – «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері.
Бастауыш сынып және 5-7 сынып оқушылары арасында «Отбасы – бақыт мекені», «Мен және менің полициям» тақырыбында сурет көрмесі мен сурет, шығарма байқауларын өткізуді жоспарлап, сынып жетекшілеріне тапсырмалар берілді.
8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Интернеттің пайдасы мен зияны» туралы дебаттың жоспары талқыланды – «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері
Қабылданған шешім:
Өткізілетін сурет көрмесі мен шығармалар байқауы бойынша сынып жетекшілеріне тапсырма берілсін.
Мектеп түлектері мен 9-10 сынып оқушыларына өткізілетін «Менің болашақ мамандығым» тәрбиелік шарасына әр түрлі маман иелерімен кездесулер өткізілсін.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері бекітілген бағыттар бойынша шараларды жандандыруға ат салысып, тиянақты орындалсын.
Достарыңызбен бөлісу: |