«Жас Отан жастар қанаты Жастардың басты саяси үйлестірушісі» тақырыбында есеп беру баяндамасы Армысыздар Құрметті жастар! Ел азаматтары!



Дата24.07.2016
өлшемі87.1 Kb.
«Жас Отан жастар қанаты Жастардың басты саяси үйлестірушісі» тақырыбында есеп беру баяндамасы
Армысыздар Құрметті жастар! Ел азаматтары!

Құрметті конференция делегаттары!

Біз ҚАЗАҚСТАН деген тамаша мемлекетте тұрып жатырмыз. Біздің елде ынтымақ пен бірлік бар. Қанша ұлт өкілдерін қосқан біздің ел әлем елдеріне үлгі болатына сеніміміз мол. Елбасының басты ұстанымы жастар мәселесі. Осы бағытта елімізде, облысымызда, ауданымызда қанша игі істер атқарылып жатыр. Елбасы өз сөзінде еңбектен қашпауға, маңдай термен жинаған ырысты шашпауға шақырды, тәтті нанның ащы термен келетінің ұғындырды. Кез келген қоғамның көшбасшысы – жастар, жастар ел ертені, ел болашағы Елбасы әрдайым жастарға қамқорлық жасап келеді. Бұны біз сөзбен емес, тікелей елімізде, ауданымызда болып жатқан жағымды өзгерістермен көріп келеміз. Елбасы жастардың тың бастамаларын әрқашан қолдап келеді.

Елбасының ұтымды саясатының, жемісті реформаларының, батыл бастамаларының нәтижесінде Қазақ елі дами түсуде.

Осы жолда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанындағы “Жас Отан” ЖҚ- да атқарған жұмыстары зор. Елбасы өз сөзінде: “Жас Отан”- болашақ саясаткерлер үшін мектеп” және “Жас Отан” жастар қанаты – елді жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі –деп атап өтті.

Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Еліміздің алдында ауқымды жаңғырту міндеттері тұр. Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынуға және Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. Кезінде Елбасының өзі бүкіл елдегі жастар қозғалысының күшті ядросы ретінде «Жас Отан» Жастар қанатын құруға бастама жасаған болатын. Міне осыдан бері «Жас Отан» Жастар қанаты Елбасының жарқын да, салиқалы саясатын қолдаушы және іске асырушы болып табылады.

ҚР Президенті, “Нұр Отан” ХДП төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында ауданымызда көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда, саяси маңызы зор, ел бірлігін, ынтымақтастығын білдіретін акциялар өткізілуде. Бұл шаралардың ішінде ең маңыздысы-ол Ақтөбе жастарының «Нұр Отан» ХДП-сының облыстық филиалының қолдауымен өткен «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафон –эстафетасы.

Бұл іс-шараны елбасының өзі қолдап, барлық облыстарда да жалғасын табуын және Ақтөбелік жастардан үлгі алуын айтқан. Темір ауданы жастары осы акцияға қатысып, абыройлы еңбек етті. Міне осы акцияның жалғасы ретінде облыс әкімінің бастамасымен “Көркейе бер, туған жер” акциясын айтуға болады. “Жас Отандықтар” осы акцияға белсене қатысуда.

Шұбарқұдық кентінде «Болашақ жолы», Шұбарши кентінде “Жарқын болашақ” жастар ұйымы құрылып, жастармен тиісті жұмыстар жүргізіп келеді, “Жас Отан” ЖҚ осы жастар ұйымымен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыруда.

2010 жылы «Shubar.kz» ақпараттық порталы жұмыс жасауды бастады, онда «Темір» газетінің электрондық нұсқасы мен мақалалар жарияланып тұрады және жастардың пікірі, ұсыныстары, іс-шаралары аталған порталда жарық корді.

Алдағы уақытта Аудандық “Жас Отан” ЖҚ-ның электрондық сайты жарық кореді. Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жастарға электрондық ақпарат алмасуда үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін.

“Жас Отан” ЖҚ-ның қолдауымен ауданда өткен көнілді тапқырлар клубының ойындары, пікір-талас сайыстары өте жоғары денгейде өтті.

Жастар арасындағы осындай Пікір-талас ойындарын, флеш-мобтар, волонтерлық жұмыстарды, акцияларды, Дискуссиялық аландарын кенінен тарату бойынша Жас Отан жүйелі түрде жұмыстар жүргізетін болады. Бұл іс-шара жастардың өзара арласуына, саясатқа арласуға, елдің жанашыры болуға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Мәдениет, өнерді дамыту саласында Жас Отандықтар жастардың творчестволық қабілеттілігін дамытуға ерекше мән беруде. Атап айтсақ жастар арасындағы жыр мүшайрасы, көрмелер, сурет байқаулары, ән және би байқауларын өткізуге ықпал етуде. Алдағы уақытта аудандық жастар арасында жыр мүшайрасын, ән мен би байқауын, сондай-ақ сурет байқауын өткізу жоспарда тұр. Жас Отан ЖҚ мақсаты – жастардың өнер қабілеттіліктерін шындай түсу, талантты жастарды көтеру, ауданда мәдениет саласын дамыту басты мақсатының бірі болып табылады.

Жас Отан сондай-ақ жастар арасында патриоттық рухты көтеру мақсатында жұмыс атқарып келеді. «Темір жастарының маршы», “Қазақсатн Рәміздеріне 20 жыл”, “Бала тәрбиесі баршаға ортақ”, «Облыстық патриоттар форумы» және т.б. тақырыптарда кең көлемді патриоттық акцияларға ат салысты.


Жастардың еңбекпен қамтылуы бағытында. Республикалық деңгейде жастарды қолдау мақсатында «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жасыл ел» сияқты маңызды іс-шаралар қолға алынды. Осы бағдарламалардың арқасында қаншама жастар жұмыспен қамтылды. Бұл іс-шараны Жас Отандықтар қолдайтының және жастарды еңбектен қашпай, еңбек етуге, еңбекті бағалауға шақырады.

Ауданымызға көптеген жас мамандар жұмыс істеуге келіп жатыр осы бағдарлама аясында, бұл орайда оларға көтерме жәрдемақы, тұрғын үй алуға несиелер беріліп материалдық көмектер көрсетілуде.

Жастарға ешуақытта біреуге иек артып, мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес, жараспайды да. Мемлекет тек зейнеткерге, жұмыс істей алмайтын мүгедектерге, балалы болған аналарға көмектеседі, ал он екі мүшесі сау, ойлай алатын, еңбек ете алатын, қарыштай мықты жастар өз еңбектерімен нанын тауып, бала-шағаларын асырап, елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс. Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес, мен еліме, жұртыма не беремін, мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюлары тиіс. Сонда ғана біз еңбек етіп өркендейміз.
Жас Отан ЖҚ Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. Сол себепті дене шынықтыру мен спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Ауданда бүгінгі таңда 90-ға тарта спорт нысандары бар.

Аудан көлемінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Соңғы 2-жылдың ішінде қаншама спорт обьектілері ауданымызда бой көтерді. Бұл спорт нысандары тек қана аудан орталығында емес, ауылдық жерлерге де салынып, пайдалануға берілді.

Құрметті конференцияға қатысушылар ауданымызда жастар үшін, ел үшін істелген шаруалардың барлығы елағаларының күндіз-түнгі қажымас еңбегі деп білеміз. Бұл игі істер аудан әкімінің тікелей жастарға жасалып жатқан қамқорлығы. Құрметті Бауыржан Нұралыұлы жастарға осындай қамқорлық үшін Сізге Темір ауданы Жас Отан ЖҚ атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.



Нашақорлық және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу профилактика жұмыстары бойынша көптеген іс шаралар, акциялар өткізіліп келеді. Жас Отан ЖҚ есірткі заттарға қарсы екенің және салауатты өмірді қалайтының және жастарға кеңінен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізетінің жариялайды.

Арақ ішіп, темекі тартып, бұзақылыққа салыну кәзіргі заманға сай емес, қазіргі заманға сай жастар сапалы білім алып, спортпен шұғылданып, еңбек етіп ақша табулары тиіс.
Жас Отан ЖҚ аландататын мәселелерінің бірі бұл жастар арасындағы құқықбұзушылық, қылмыс мәселесі. Қылмыс жасаған жасқа кешірім жоқ! қылмысқа барған жас келешекте де қоғамда лайықты еңбек етуі екі талай! Сол себепті осы бағытта Жас Отанмен қанша жұмыстар жүргізіліп жатыр, дегенмен жастар арасында құқықбұзушылықтар орын алып жатыр. Біз құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті іс-шараларды ұйымдастыратын боламыз.

Жастар арасындағы дін мәселесіне де Жас Отан ЖҚ ерекше көңіл бөледі. Елбасы өз сөзінде біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір, дініміз бір, біз қазақтың салт-дәстүрін ұстауымыз қажет, өзіміздің дініміз бар, киіміміз бар. Өзге ұлттың бізге діні де, тілі де, киімі де керек емес біз-қазақпыз деп атап өткен. Казіргі таңда теріс діни ағымдардың таралуы, жастарды осы ағымдарға кіріп адасуы, отбасыларынан алыстауы, бұның бәрі жақсылыққа бармауы біздің көзімізді осыған жеткізіп отыр.

Біз Жас Отандықтар аудан жастарын қазақтың салт дәстүрін сақтауға, өзге ұлттың дініне, киіміне еліктемеуге шақырамыз. Біз – көшпенділердің ұрпағымыз, ата-бабамыз қазақ болған, өзге ұлтқа еш уақытта еліктемеген, жау шапқанда да, еш уақытта қазақи салт-дәстүрді жоғалтпаған.



Жас Отан ЖҚ жастар арасында отан сүйгіштік сезімді оятуға бар күш жігерін салатының айтады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда Жас Отандықтар әрдайым іс-шаралар, акциялар өткізіп жүр. Қызметке жаңадан тұрған жас мамандарға әдістемелік көмектер, заң кеңестерін беріп келеді. “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ”, “жемқорлықтың алдын алу” және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қоғамның, мемлекеттің қауіпті құбылысына айналған бұл дертке Жас Отандықтар қоғамдық қабылдаулар, тиісті іс-шаралар ұйымдастыратының және бақылауға алатының ескертеді.

Құрметті конференция жұмысына қатысушылар Елбасының тапсырмасына сәйкес Біз Жас Отандықтар жастар саясатын шалғай жатқан ауылдарда жүзеге асыратын боламыз. Бұл бағытта біздер ауданға қарасты 11 жергілікті округ бойынша бүгін жауапты өкілдерін сайлап, сол жауапты өкілдер арқылы байланыс жасайтын боламыз. Бұдан бөлек Жас Отандықтардың арнайы тобы құрылып алдағы уақытта жергілікті округтерге барып, 2020 жас отандықтардың стратегиясын талқылау, насихаттау жұмыстарын жүргізетін болады. Осы конференцияны пайдаланып жергілікті округ әкімдеріне ұсыныс тастағым келеді, жергілікті жерлердегі Жас Отандықтарға барынша қолдау көрсетіп отырса деген ұсынысым бар. Өйткені осы жастар жергілікті жердегі жастардың әрдайым мүддесін білдіріп жүреді.

Баршанызға мәлім 16 қараша күні әсем елордамыз Астанамызда өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезіне Темір ауданынан 5 делегат қатысты. 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» атты жастардың басты құжатын қабылдауға Елбасы ерекше көңіл бөлді, сондықтан-да осы шараға тікелей өзінің қатысуы осыған дәлел болып табылады, Сапалы білім – берекеліктің негізі, Еңбек: жастардың әлеуметтік бейімделуінің маңызды факторы, Қазақстан жастарының мәдени дамуы мен бірлігі, Жастар кәсіпкерлігін дамыту, Жастардың денсаулығы мен оларды қоршаған орта, Ғылымды дамыту, Ақпараттық технологиялар ғасырындағы жастар, Волонтерлік қозғалыс, Жастар патриотизмі, Жастар дауысы, Жас отбасы секілді өзекті мәселелер жастардың басты құжатына енгізілді. Аталған стратегияда барлық салалар қамтылған. Сондықтан да стратегияның қабылдануымен жастар үлкен нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Еліміздің өркендеуі жолында алға қойған барлық мақсаттарымызға жету үшін сапалы білім, халқымызға қалтықсыз қызмет ету, отан сүйгіштікті басты парызымыз деп есептейміз. Сондықтан да осы стратегияны жүзеге асуға біз Темір ауданының «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері күш қуатымызды, білімімізді саламыз. Біз Темір ауданының жастары арманымыз мол! Еңбек етуге дайынбыз! Жарқын болашаққа сенеміз!

Біз Елбасымен қай кезде де біргеміз және оны қолдаймыз, Біз Қазақстанның болашағына сенеміз және елімізге қызмет етуге уәде береміз. Өркендей бер, туған елім!

Жасасын Қазақстан! Жасасын Нұр Отан! Жасасын Жас Отан!




Жас Отан ЖҚ атқарушы хатшысы Төлегенов Жақсат Сәндібайұлы

БЕКІТЕМІН

Аудан әкімінің орынбасары

Н.Қалауов_______________

26 қараша 2012 жыл

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Темір аудандық филиалының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының аудандық

І конференциясына және осыған орай өткізілетін іс-шараларға

жауаптылар

Шұбарқұдық кенті 30 қараша 2012 жыл
1.10.00 ж.у. Конференцияның өткізілу барысына және өз деңгейінде өткізілуіне жауаптылар:

«Жас Отан» ЖҚ,Ж.Төлегенов, аудандық ішкі саясат бөлімі Ш.Есжанов.
2.Делегаттардың қатысуы, шақырылған тұлғалардың қатысуына жауаптылар:

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі Е.Сатаев

жергілікті округ әкімдері
3.Конференция өтетін орынның безендірлуіне, сахнаның дайындығына, техникалық жабдықталуына және шағын патриоттық ән кешін ұйымдастыруға жауапты:

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қ.Бақиев
4.14.00ж.у. Спорттық іс-шараға

4.1.Спорттық сайыты өткізуге, спорттық орынды белгілеуге, ғимаратты безендіруге, мадақтау қағаздарын дайындауға және іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне жауапты аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі Ж.Қалмағанбетов.

4.2.Спорттық іс-шараның аппаратуралық-техникалық жабдықталуына және шағын концерттік бағдарламаға, жүргізушілерге жауапты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қ.Бақиев

Біз, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты мүшелігіне қабылдана отырып, «Жас Отан» Жастар Қанатының Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындауды міндеттімізге аламыз. Елдің жаңашыры болуға және Қазақстан Республикасына қызмет етуге ант береміз.

Тәуелсіз Қазақстан жасасын! Алға Қазақстан! Алға «Жас Отан»!
Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет