Жас педагог-мамандарға психологиялық көмек



Дата02.01.2022
өлшемі15.17 Kb.
#453185
Калыбаева. Жас маманға психологиялық көмек


Жас педагог-мамандарға психологиялық көмек

А.С.Калыбаева

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі
Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар!

«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында.»

«Ұстаздар өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған»-дегендей ,ұстаз адам жанын терең түсінетін, адаммен қарым-қатынасыжоғары адамгершілік көрсете білетін , жүзінен жылылық,мейірімді күн нұрындай шуақ шашып, өзіне баурайтын адам.

«Тек жоғары сауатты , дарынды дана әрі Отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»,- деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту– қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап , ортамызға келіп еңбек жолын  жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға  қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектестігімізді білдіреміз.

Құрметті педагог қауымы, сіздер қызығы мен қиындығы қатар жүретін ерекше мамандықты таңдап алып отырсыздар. Осы жолда атқарар еңбек те, төгілетін тер де аз емес. Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық – білім мен тәрбие. Ал, сол құндылық мұғалімнің уысында. Сондықтан да, осы Ұлы мамандықтың иесі болған сіздер бақыттысыздар! Биік мақсаттарыңыздың шыңына шығыңыздар!

Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Сондықтан ешқашан да ізденуден, үйренуден, білімді шыңдаудан жалықпаңыздар. Себебі, ұстаз ол өмір бақи ізденумен өтеді, тіпті ертең жоғарғы білікті, мықты маман болып жатсаңыздар да ізденіс үстінде боласыздар. Жас ұрпаққа тәрбие беріп отырғандықтан, мұғалім үшін оның әрбір айтқан сөзі, жасаған іс-әрекеті, жүріс-тұрысы барлығы маңызды. Себебі алдыңызда отырған әрбір шәкірт ол сізді мұқият зерттеп, барлығын да зерделеп отырады. Егер мұғалім деген ол психолог деп есептейтін болсақ, алдымыздағы шәкіртіміз одан өткен психолог. Сол себепті ешқандай да мүлт кетпей, қателесулерге жол бермеуіміз қажет. Біз айтқан әрбір сөзімізге, киген киімімізге, іс-әрекетімізге оте мұқият қарауымыз қажет. Ең алдымен біз шәкірттерімізге үлгі болуымыз керек. Сідерге айтар кеңесім, әдемі, мәнерлі, әсерлі сөйлеп үйреніңіздер, тіл байлықтарыңызды дамытып отырыңыздар. Тіл байлығы деген де көп ізденуден келіп туындайды. Сіздің шеберлігіңіз қаншалықты білімді екендігіңізден көрінбейді, оқушыға қалай жеткізе білдіңіз содан байқалады. Мысалы, өз мамандығыңызды керемет меңгерген, өте білімді болып тұрсаңыз да, оны студенттің бойына жеткізе алмасаңыз, сізден мықты педагог шыға алмайды деп есептеймін.

Сонымен бірге студенттің бойындағы сіз туралы алғашқы әсерді қалдыруда киген киіміздің де ролі үлкен. Студенттің алдында ең бірінші киім көзге түседі.

Ұстаздың мақсаты – шәкіртінің жүрегіне жол табу.

Мына әңгімені тыңдаңыздар:

Соқыр түнде үйіне келе жатты. Қолында ұстаған жарығы бар еді. Біреу қасынан өтіп бара жатып:

– Міне, ақымақ! өзі соқыр, қолында – жарық. Соқырға жарықтың қажеті не? – деді.

Соқыр ақымақ емес еді. Жарық алғаны – қараңғыда біреу өзін қағып кетпес үшін. өзгеге жарық қыл, өзіңе қақтықпас.



Сіздер қалай ойлайсыздар, соқырға шам не үшін керек болды?
Ұстаздарға өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас ұстаздарға сәттілік тілей отырып, сіздермен бірге кішкене уақыт бөліп, тренинг қатысуларыңызды сұраймын. «Май шам» тренингін орындаймыз. Мен сіздерге май шамды ұсынамын, сіздер осы май шамды қолдарыңызға аласыздар да, бір бірлеріңізге беріп, тілектеріңізді білдіресіздер.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет