Білімді құрастыру деп мамандардан алған білім бойынша түрлі модельдер құру, берілгендерді талдау алгоритмі немесе интеллектуалды формаларды дайындау.
Білімді шығару деп білім жөніндегі инженердің білім көзімен компьютерден тыс байланысуы арқылы білімді алып, сенімділігі жоғары программа құрып оны пайдалану түсінеді.
Мұнда білім модельдік принципке сүйеніп иеархиялық түрде сипатталады. Прологта иеархиялық модель реттеуде фактілер мен ережелер, фактілер арасындағы қатыстар қолданылады. Модельдің нағыз білімге жақындығын қанша ақпарат жоғалғанын айқындау білімді бағалау делінеді. Программаға математикалық түрде есептелетін сенімділік коэффицентін енгізген тиімді.
Мысалы, 75%, 91% бұл берілгендер қорының дайындалған дәлдігін анықтайды.
Семантикалық тор.
Бұл модель нақты облыста түрлі объектілер жиынтығымен олардың қатыстарын бағдарлы граф бойынша формальды түрде көрсететін модель. Граф төбелеріне объектінің атаулары немесе қасиеттері жазылады. Доғалар олардың арасындағы қатысты көрсетеді. Семантикалық торға бір облыстың бір кластың қолданбалы есебін шешуге арналған объектілер ғана кірістіріледі. Объект үшін кейде оқиға, әрекет, объектінің қасиеті алынады. Мұнда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Класс - өңдеу әдістері немесе қасиеттері ортақ түрде сипатталған объектілер жиынтығы (құс).
Класс элементі – осы класқа жататын объект (қарлығаш, тауық, торғай).
Қасиеттер – объект сипаттамалары (қанаты бар ұшады).
Білім қорын дайындау үшін ережелер өнімділік модельге ауыстырылып жазылады. Мысалы, прогрммаға сұрақтар тобы енгізіліп берілген жауаппен тексеріледі.
Қанаты бар ма? – Иә
Ұшады ма? – Жоқ
Жауабы: Тауық
Лекция
Пролог логикалық бағдарлау тілі.
Өнімділік модель.
Бұл білім қорын дайындаудағы ыңғайлы тәсіл. Мұнда білім қоры ережелер арқылы жазылады. Егер А, онда В.
Сол жақта жазылғаны шарт, оң жағына жазылғаны сәйкес әрекет не оқиға. Өнімдік модель пайдалануда білім қоры ережелер жиынтығынан тұрады. Ережелерді іріктеп алуды басқаратын программа қорытындылау машинасы деп аталады. Прграммалау тілдері: OPS 5, Пролог, Фиакр.
Достарыңызбен бөлісу: |